Accessibility links

Бірінші Чат-Айтыс: Гомер мен Жанболат


Жанболат Қайырденов, Чат айтыстың үшінші жұбына қатысушы. Сурет жеке мұрағаттан алынған.

Жанболат Қайырденов, Чат айтыстың үшінші жұбына қатысушы. Сурет жеке мұрағаттан алынған.

Азаттық сайтында өтіп жатқан Чат-Айтыстың бірінші кезеңінің үшінші жұбы ретінде Жанболат Қайырденов пен Гомер лақап есімді ақын сөз сайыстырып, 17-9 есебімен Жанболат жеңіске жетті.

Жанболат Қайырденов 1970 жылы Атырау облысы Исатай ауданы Тұщықұдық ауылында дүниеге келген. Негізгі мамандығы – штурман.

Өзі туралы Жанболат «1985 жылы Исатай станциясындағы Октябрь орта мектебiнің сегізінші сыныбын бiтiргеннен кейін Семей каласындағы өзен училищесiне түсiп, онда штурман мамандығын меңгердім» деді.

Қазір Атырау облысы Исатай ауданы Нарын ауылында тұратын Жанболат әзірге жұмыссыз.

– Оқу бітіргеннен кейін Павлодардағы өзен портында мамандығым бойынша істеп жүріп советтік армияға қызмет етуге аттандым. Онан кейін әр салада еңбек еттім, – деді Жанболат Қайырденов өзі туралы.

Жанболат Қайырденовтің қарсыласы өзін Гомер деген бүркеншік атпен ұсынып отыр.

«1964 жылы 31 қазанда Алматы облысы Жамбыл ауданында туғанмын. Құрманғазы консерваториясын 1991 жылы аяқтадым. Ешқандай партияның мүшесі емеспін. Айлық алатын мамандығым – дыбыс режиссеры» деп таныстырды Гомер өзін.

«Серпер», «Рух оянған күн» атты жыр жинақтары жарық көрген Гомер ендігі талабын Азаттық сайтындағы Чат-Айтыста сынап көрмек.

Бүгінгі айтыстың тақырыбы – өнер.

Құрметті оқырмандар, Чат-айтыстың қатысушылары қайым айтыс жасап жатқанда немесе айтыс біткен соң үш күннің ішінде Азаттық вебсайтына я тіке, я Facebook арқылы тіркеліп кіріп, коммент ретінде жарияланатын әрбір шумаққа жеке дауыс бере аласыздар. Дауыс беру үшін + (Ұнайды) деген белгіні басасыздар.

Чат-айтыстың ережесін мына жерден оқыңыздар.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG