Accessibility links

Қадыровтың виртуалды «атысы»


Рамзан Қадыровтың "виртуалды адамдарды" атып тұрған сәті.

Рамзан Қадыровтың "виртуалды адамдарды" атып тұрған сәті.

Борис Немцов қазасына күдікті деген Заур Дадаевты "Ресейдің нағыз патриоты" деп атаған Рамзан Қадыров өзінің тирдағы "виртуалды адамдарды" атып жүрген видеосын жариялады.

Шешенстан президенті Рамзан Қадыров жұртты таңқалдырудан жалығар емес. Рамзан Қадыров Instagram желісінде Борис Немцовты өлтірді деген күдікке ілінген адамды «Ресейдің нағыз патриоты» деп атағанда, «бұл қазаның артында Шешенстан басшысының өзі тұрған жоқ па?» деген де күмәнді ойлар пайда болған.

Басты күдікті Заур Дадаев Рамзан Қадыровпен жақын қарым-қатынаста болған әрі Ресей Ішкі істер министрлігінің Кавказдағы содырлармен соғысқа жауапты батальонында қызмет еткен. 8 наурызда Дадаевты қолдап хабарлама қалдырған Рамзан Қадыров оның "ұзақ жылдар бойы өмірін арнаған Ресейге қарсы әрекет ете алмайтынын" айтқан.

«Оның мұндай әрекетке баруына Charlie Hebdo журналындағы Мұхаммед пайғамбардың бейнесін салған карикатура себепкер болуы мүмкін» дейді Рамзан Қадыров.

Келесі күні Ресей президенті Владимир Путиннің Рамзан Қадыровты Даңқ орденімен марапттағаны жарияланды. Бұл марапатқа оның «еңбектегі жетістігі, қоғамдық жұмыстағы белсенділігі және көп жылғы адал жұмысы» үшін ие болғаны айтылды.

Осындай жағдайда Шешенстан президенті Рамзан Қадыровтың тирда "виртуалды адамдарды" атқан видеосы жарияланды.

«Құрметті достар! Бүгін біз ерекше демалысқа шықтық. Достарыммен виртуалды тирға бардым. Бәріміз бірауыздан анда-санда виртуалды тирға келіп тұру керек деген қорытынды жасадық», - деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

Видеода Қадыров пен оның серіктестері көліктен салбырап қалған, үстелдің қасында не ғимараттың тасасында тұрған адамдарды атып жатқаны түсірілген.

Әлбетте, мұның бәрі тирдағы "виртуалды адамдар" ғана. Алайда Қадыровтың атысты насихаттауы бірінші рет емес.

Немцовтың қазасынан бір апта өткенде рэппер әнші Тиматидің Instagram парақшасында жарық көрген мына видеоны қарап көріңіз.

Сұқ саусағын шошайтқан Қадыров: «Соңғы кездері сендер есіріп кеттіңдер!» – дейді. Сол аралықта «Мерседес» автокөлігінің багажына бүктетіле жатқан әлдекімнің бейнесі көрінеді. Тимати Қадыровтың бұл ескертпесін жаңа әнінің қайырмасына айналдырып алған.

Бұл клипке Тиматидің өзі «Дегендеріңе жеттіңдер» деп екіұшты пікір қалдырыпты.

(Глэн Кейтстің материалын ағылшын тілінен аударған – Мұхтар Екей.)

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG