Accessibility links

Бір жарым айлық сәбиге көмек керек


Бір жарым айлық Акмаль қазір ауруханада жатыр. (Жеке мұрағаттағы сурет)

Бір жарым айлық Акмаль қазір ауруханада жатыр. (Жеке мұрағаттағы сурет)

Бір жарым айлық Акмаль ересектердің өзінде сирек кездесетін дертке ұшырап туған. Емдету үшін тезірек ақша жинап, баланы Израильге апару керек. Сәбидің ата-анасы бар көмекті қарапайым жандардан күтеді.


31 жастағы Динара Жанғазиеваның бар ойы – ұлы Акмальді ажал аузынан аман алып қалу. Осы мақсатта барлық ғаламтордағы желілер мен ақпарат құралдары арқылы халықтан жәрдем сұрайды.

«КӨПТЕН КҮТКЕН БАҚЫТ»

– 2011 жылы 16 ақпанда көптен күткен ұлым – Акмаль дүниеге келгенде менен артық бақытты адам болмаған шығар, сірә. Ұлыма аяғым ауыр кезде, 30 апталығында дәрігерлер УЗИ арқылы екі жақты гидронефрозды (бүйректің ұлғаюын) анықтады. Алдымен «бірінші дәрежелі» деді. 35 апталығында «екінші дәрежелі гидронефроз» деген диагноз қойды. Дәл босанардың алдында баланың бүйрегі мүлдем жұмыс істемей, зәр шығара алмай қалды, – дейді Акмальдің анасы Динара.

Оң немесе сол жақ бүйректің гидронефрозы жиі кездеседі. Бірақ екі жақты гидронефроз науқастардың тек 5-9 пайызында ғана болады.

Динара «ең бастысы – аман есен босансам болды, емдеп алармын» деп ойлаған.

– Акмальді қолыма алған сәттен бастап басым бақыттан айналғандай болды. Бірақ бұл көпке созылған жоқ. Үшінші күні Акмаль қайта-қайта құсып,
Динара Жанғазиева мен бір жарым айлық Акмаль.
реанимация бөлімінен бірақ-ақ шықты. Онда бірнеше күн жатып, есімізді жинап, үйге шықтық, – дейді Динара.

Алайда дәрігерлер бір апта өткен соң кішкентай Акмальға «бүйрек поликистозы» (бүйректе киста немесе ісік пайда болып, ол ұлғайған сайын бүйректің функциясын тоқтататын ауру) деген тағы бір диагноз қойған.

«ЕНДІГІ ҮМІТ – ШЕТЕЛДІК ДӘРІГЕРЛЕРДЕ»

Акмаль дүниеге келген бір жарым айдың ішінде екі рет аса ауыр халде ауруханаға түсіп үлгерді. Қазір Алматыдағы №2 қалалық ауруханада жатыр. Бүйрек ауруы асқынған сәби үнемі дәрігерлердің бақылауында болады. Қазақстандық дәрігерлер қолдарынан келгеннің бәрін жасап жатыр, бірақ түпкілікті жазылуына көмектесе алмайды. Себебі Қазақстанда балалардың асқынған урологиялық ауруларын емдеу жетілмеген.

– Мен Ресей, Сингапур, Израиль, Қытай, Германия және Швейцария клиникаларына хабарластым. Олардың көбісі біздің күніміз санаулы екендігін айтады. Германиядағы дәрігерлер диагноздың дұрыс қойылғандығына күмән келтіріп отыр. Тек Израильдегілер ғана «келіңіздер, көмектесеміз» деді. Бірақ оған 32 111 еуро қажет, – дейді Динара.

Динара бүгінгі дейін туған-туыс, достарының көмегімен 8 мың еуро жинап үлгерді.

– Өкінішке қарай, мемлекет Акмаль душар болған ауруды емдеуге квота бермейді екен. Ал Израильге Акмальді сәуірдің аяғында алып баруымыз керек. Сондықтан барлық мейірімді жандардан көмек сұраймын. Мен үшін маңыздысы – ұлымды аман алып қалғаным. Осы жолда сіздердің көмектеріңізге мұқтажбын, – дейді Динара Жанғазиева.

Акмальдің жағдайына байланысты қосымша мәліметтерді мына сілтеме бойынша таба аласыздар.

Байланыс телефоны: +7 777 156 10 55 Динара (Акмальдің анасы)

Банк реквизиттері:
АО «БТА Банк»
РНН 600900114104
МФО ABKZKZKX
Код 319
Кбе 14
КНП 311
Расчетный счет: KZ56319H010000626750

Міндетті түрде:
Карта № 6764 1411 7097 4468
IBAN: KZ17319A010002506207
Аты-жөні: Жангазиева Динара Жанабергеновна
РНН: 600 410 898 337
  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG