Accessibility links

Қытай өз ақшасын әлемдік валютаға айналдырғысы келеді


Қытай банк қызметкері юань мен долларды санап отыр. Хефэй, Қытай, 21 қыркүйек 2010 жыл.

Қытай банк қызметкері юань мен долларды санап отыр. Хефэй, Қытай, 21 қыркүйек 2010 жыл.

Вашингтонға барған ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао мен АҚШ президенті Барак Обаманың кездесуінде екі ел арасындағы валютаның айырбас бағамы да сөз болды. Сарапшылар Қытайдың ұлттық валютасын АҚШ доллары деңгейіне жеткізуі үшін көп уақыт керек екенін айтады.


Қытай президенті Ху Цзиньтао соңғы апталарда елдің ұлттық валютасына қатысты ұстанымын ашық айтып келді. Бейжің өз ақшасы юаньнің АҚШ долларына бәсеке болатын халықаралық валютаға айналғанын қалайды.

БЕЙЖІҢНІҢ МҰРАТЫ

Қытай жетекшісі бұл ұмтылысы жайында Ақ үйге сапарының қарсаңында «Уолл Стрит жорнал» және «Вашингтон пост» басылымдарына берген сұқбаттарында ашық білдірді.

Бейжіңнің ұлттық ақшасын ғаламдық валютаға айналдыру жолындағы қадамдарын атап өткен Ху Цзиньтао қазіргі АҚШ доллары үстемдік құрған әлемдегі валюта жүйесін «өткен заманның өнімі» деді.

Бірақ Лондонда орналасқан экономикалық зерттеулер жөніндегі орталықтың
Қытай өз валютасын елден тыс көбірек қолданысқа енгізу үшін мықты саясат жүргізетін болады.
Қытай бойынша сарапшысы Марк Уиллямс Қытайдың өз валютасын доллар деңгейіне жеткізуі үшін өте ұзақ уақыт керек деді:

«Қытай ұлттық ақшасы юаньнің өз елінен сырт жерде қолданыста болғанын көптен бері қалап келе жатқанына қарамастан, бұл процесс өте ақырын жүреді. Бұл алдағы екі-үш жылда тез өзгере қоятын іс емес. Қытайдың алға тартып отырған бұл мәселесі ұзақтан келе жатыр. Қытай басшысының АҚШ-қа сапарында осыған қатысты үлкен бір шаралар жасала қоймас. Бірақ біз оны алдағы бірер жылда көрерміз. Менің пікірімше, Қытай өз валютасын елден тыс көбірек қолданысқа енгізу үшін мықты саясат жүргізеді».

Бұл тұрғыда қаржы сарапшылары жақында Қытайдың өз ақшасын ғаламдық валюта деңгейіне көтеру жолында жасаған қадамдарына мән береді.

18 ай бұрын Қытай валютасы басқа елдерде қолданылмайтын. Бірақ қазір Гонконгтағы банктерде юань есепшотын ашуға мүмкін бар. АҚШ пен Еуропадағы кейбір банктердің де қытай валютасымен ашатын есепшоттары бар.

Қытайдың өз ішіндегі және сырттағы саудасы енді юаньмен есептеледі. Осыған дейін ол негізінен АҚШ долларымен жүрген. Өткен жылы Бейжің шетелдік компанияларға берешегін юаньмен қайтарды.

Бірақ Қытайдың сыртқы саудадағы юань көлемі мен елден тыс жердегі қытай валютасындағы есепшоттары сондай көп емес.

ӘЛЕМДІК НАРЫҚТАҒЫ БӘСЕКЕ

Лондонда орналасқан экономикалық сараптау орталығының Қытай бойынша сарапшысы Гаретс Лейзер юань долларға қарсы тұра алатындай деңгейге жеткенге дейін толық айырбасталатын болуы тиіс дейді:

«Біраздан бері Қытай өз ақшасының ғаламдық қор валютасында АҚШ долларына бәсеке болғанын көргісі келеді. Бірақ оған ұзақ уақыт керек. Оған дейін Қытайдың қазіргі ақшасы мен мемлекеттік бюджеттері толығымен конвертацияланып бітуі керек».

Вашингтон мен Бейжің «ғаламдық экономика мен халықаралық сауда-
Қытай өз ақшасының ғаламдық қор валютасында АҚШ доллары мәртебесіне бәсеке болғанын көргісі келеді.
саттықта қиындық туғызып отыр» деп, бір-бірінің қаржы саясаттарын сынап келеді.

Вашингтон Бейжіңді ұлттық валютасының айырбас бағамын әдейі төмендетіп ұстап отыр деп айыптайды. Бұл қытай экспортаушыларына өз тауарларын АҚШ долларынан арзанға өткізуі үшін тиімді болып отыр дейді. Ақ үй өкілі Роберт Гиббс Қытайдың өз ақшасын қайта бағалауы керек деп ойлайтын елдер қатары көп дегенді айтады:

«Біз олардың валютасына қатысты көп іс жасалуы керек деп білеміз. Ашығында инфляцияның олардың валютасының құнын шынайы бағалауға әсері бар. Бірақ олар шектеулі ғана қадамдар жасап, өз валюталарын қайта бағаламай отыр».

Қытай өкілдері АҚШ федералдық қорының құнды қағаздарды жаппай сатып алу арқылы өсімді ырықтандыруға тырысқаны әлемдік экономикаға инфляция әкелді дейді.

Қытай Сыртқы істер министрлігінің өкілі Хонг Лейдің айтуынша, юаньнің айырбас бағамы Қытай мен АҚШ арасындағы сауда теңсіздігіне себеп болып отырмағанына бірнеше дәлелдер бар.

Ол «Вашингтон АҚШ-тың Қытаймен саудасындағы тапшылығы үшін юанді кінәламауы тиіс» деді. Қытай өкілі АҚШ сенаторларының Бейжіңнің ұлттық валюта саясатына қатысты Қытайға қарсы шаралар қабылдауға шақырғанына қатысты да пікірін білдірді.

«Біз АҚШ заң шығарушылары Қытай мен АҚШ қарым-қатынасының маңыздығын түсінеді әрі екі елдің арасындағы сауда және экономикалық байланыстарды дамыту дұрыс болады деп үміттенеміз», - деді Қытай сыртқы істер министрлігінің өкілі.

Сарапшы Марк Уиллямс Қытайдың юань деңгейін ұстап тұру мен өз валютасының әлемде кеңінен қолданысқа түскенін көздеген мақсаттарында қарама-қайшылықтар бар екенін айтады:

«Қытайдың екі мақсаты бар. Оның бірі – Қытайдан тыс жерлердегі халықтың юаньді қолданғанын көздеу. Бірақ екіншісі - юаньнің айырбас бағамын бақылаудан шығармау. Қытай ұлттық валютасын салыстырмалы түрде төмен деңгейде ұстап келді. Бұл Қытайдың қаржы саласын тұрақтандырып, экспорттаушыларына көмектесті. Бұл екі мақсат бір-біріне қайшы келеді. Себебі, Қытайдан тыс жердегі көп адам юаньді қолданса, оның бағамын ұстап тұру Қытайға қиын болады».

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG