Accessibility links

Қазақстанды Тынық мұхитпен жалғайтын теміржол ашылды


Kazakhstan - Kazakhstan's President Nursultan Nazarbayev (L) makes a toast with his Chinese counterpart Hu Jintao during a signing ceremony at the Great Hall of the People in Beijing, 22Feb2011

Kazakhstan - Kazakhstan's President Nursultan Nazarbayev (L) makes a toast with his Chinese counterpart Hu Jintao during a signing ceremony at the Great Hall of the People in Beijing, 22Feb2011

Қазақстан мен Қытай арасындағы екінші теміржол өткелі ашылды. Шетелдік басылым осы тақырыпқа орай мақала жариялады.

The Economic Times («Экономик Таймс») газетінің жазуынша, 2012 жылы желтоқсанның 22-сі күні ашылған «теміржолдың 292 километрін - Қытай, 293 километрін Қазақстан төсеген».

Екі жақ Қытайдағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Қорғас асуында түйіскен. Қытайдағы теміржолға жауапты шенеуніктердің сөзіне қарағанда, олар «бұл құрылысқа 962 миллион АҚШ долларын жұмсаған».

«ҚОРҒАС – АЛТЫН КӨПІР»

The Economic Times басылымы Қытайдағы мемлекеттік «Синьхуа» (Xinhua) ақпарат агенттігінің мәліметін берген: «Бұл теміржол Алатау арқылы жүк тасуды жеңілдетеді. Осы жолмен жылына 15 миллион 600 мың тонна жүк тасымалданады деген жоспар бар. Сарапшылар Қытай мен Қазақстанды теміржол, автокөлік жолы және мұнай құбыры арқылы жалғайтын Қорғас асуы 2020 жылға қарай - 20 миллион тонна, ал 2030 жылға таман 35 миллион жүк өткізеді деп үміттенеді».
Қазақстан-Қытай газ құбырының құрылысы. Алматыдан 42 шақырым, 9 маусым 2008 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстан-Қытай газ құбырының құрылысы. Алматыдан 42 шақырым, 9 маусым 2008 жыл. (Көрнекі сурет)


Басылым атап көрсеткендей, «Теміржолдың ашылу салтанатына қытай вице-премьері Ван Цишань мен оның қазақстандық әріптесі Қайрат Келімбетов келген. Қазақстандық шенеунік осы айдың басында Астанада энергетика, сауда, байланыс және басқа салалар бойынша екі жақты қарым-қатынасты дамытамыз деп уәде берген. Ал Ван Цишань «Қытай мен Еуропаны жалғастыратын Қытай-Қазақстан теміржолы және трансконтиненталдық магистраль байланысын кеңейту керек» деген. Соңғы жылдары Қытай мен Орталық Азияның бес мемлекеті арасында сауда-экономикалық байланыс айтарлықтай дамыды. Қытай мен орталық, батыс және шығыс Азия елдері арасында жалпы сауда айналымы 25 миллион 400 мыңнан 370 миллиард долларға дейін артты, яғни сауда көлемі жылына 30 пайызға өсіп отырған».

ШЫҢЖАҢ - ҚЫТАЙ ҮШІН МЫҢЫЗДЫ АЙМАҚ

The Economic Times «Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданы мен Орталық Азия елдері арасындағы сауда айналымы өткен жылы 16 миллион 980 мың доллар болып, ең жоғарғы көрсеткішке көтерілді» дейді. Сарапшылардың айтуынша, «жаңа теміржол шекарадағы қала - Қорғастың автокөлік жолы, теміржол және мұнай құбыры желісіндегі негізгі логистикалық орталыққа айналуына ықпал етеді».

Басылымның жазуынша, «2010 жылдан бастап Қытай Шыңжаңды аймақтық экономикалық орталыққа айналдыру үшін күш салып келеді. Себебі, аймақ - Орталық Азияға жақын орналасқан әрі мұнай, көмір және табиғи газға бай өлке. Қазақстанның қаржы астанасынан (Алматы – ред.) небәрі 200 шақырымда орналасқан Қорғас асуы Шыңжаң астанасы Үрімжіден 670 шақырым қашықтықта жатыр».
Ресей мен Қытай арасындағы "Трансбайкал" теміржолы. 22 мамыр 2006 жыл. (Көрнекі сурет)

Ресей мен Қытай арасындағы "Трансбайкал" теміржолы. 22 мамыр 2006 жыл. (Көрнекі сурет)


Шыңжаң сауда бюросының жетекшісі Хэ Иминнің пайымдауынша, «Шыңжаң мен Орталық Азияның рыногы бір-бірін жақсы толықтырады. Логистиканы дамыту сауданың одан ары өркендеуіне жол ашады».

The Economic Times мақаласының соңында «Өткен жылы Қорғаста Қытай-Қазақстан сауда орталығы да ашылған еді. Екі елдің кәсіпкерлері экспорт салығын ғана төлеп, тауарларды баж салығынсыз өткізеді. Қытай, Қазақстан және үшінші ел азаматтары орталықта 30 күнге дейін бола алады» деген мәлімет берген.

Жаңадан ашылған бұл теміржолдың шығыс тармағы Қытайдың шығысында, Сары теңіз (Тынық мұхитқа ұласады – ред.) жағалауында орналасқан Ляньюньган портына барып тіреледі.

Баспасөз шолуын даярлаған Динара Мәзен.
XS
SM
MD
LG