Accessibility links

Жұртшылық Қазақстандағы қытай компанияларынан күдіктенеді


Маңғыстаудағы Бозащы кен орнындағы мұнай құрылғысы, 2 наурыз 2005 жыл. (Көрнекі сурет)

Маңғыстаудағы Бозащы кен орнындағы мұнай құрылғысы, 2 наурыз 2005 жыл. (Көрнекі сурет)

Ал «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясын Қытаймен арадағы экономикалық байланыстың қауіпсіз екенін дәлелдеуге тырысады.


Мамырдың 6-сы күні «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы Алматыда қазақтілді ақпарат құралдарының басын қосып, мұнай-газ саласындағы Қытаймен әріптестіктің бағыт-бағдарын талдады.

15,4 ПАЙЫЗ

Елдегі 44 мұнай-газ кенішіне иелік ететін «Қазмұнайгаз» өкілдерінің айтуынша, компанияның 2010 жылғы табысының 15,4 пайызы қытай кәсіпорындарына тиесілі болған. Бірақ «2015 жылға таман қытай компанияларының үлесі 11 пайызды құрамақ, ал 2020 жылы бұл көрсеткіш 5 пайызға дейін азаяды деп жоспарлап отырмыз» делінген ақпарат құралдарына тараған баспасөз парағында.

Компанияның дерегіне сүйенсек, «Қазмұнайгаз» қазіргі кезде қытай компанияларымен мынандай жобаларда әріптес болып отыр: «ПетроҚазақстанҚұмкөлРесорсиз» АҚ (CNPC-дің үлесі – 67%),
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) және Қытай төрағасы Ху Цзиньтаоның кездесуі. Бейжің, 22 ақпан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
«ТорғайПетролеум» АҚ (33,5%), «ҚазГермұнай» ЖШС (33,5%), «Қаражанбасмұнай» АҚ (CITIC үлесі – 50%), «Маңғыстаумұнайгаз» (CNPC-дің үлесі – 50%). Бұл компанияларда жұмыс істейтін Қытай азаматтарының саны 1-3% шамасында дейді компания өкілдері.

– Инвесторлардың тегі – ол Қытай бола ма, Ресей бола ма, АҚШ па – аса маңызды емес. Себебі бәрібір Қазақстан Республикасының мүдделері лицензиялау механизмі, салық салу жүйесі, мұнай және газ министрлігі тарапынан қорғау механизмдері арқылы қорғалады, – дейді «Қазмұнайгаз» компаниясының өңдеу және өнім технологиясы департаментінің директоры Нұрлыбай Қиялбаев.

Компания өкілдерінің айтуынша, Қытай – әлемдегі ең ірі инвесторлардың бірі. «Қазақстан түгілі Оңтүстік-Солтүстік Америка елдері сияқты алпауыт мемлекеттер Қытай қаржысын өз экономикасына пайдаланып отыр. Сондықтан Қытай бәрін жаулап келеді деген сияқты әңгіме нақты көрсеткіштермен дәлелденбеген» дейді компанияның басқармасы төрағаның орынбасары Болат Палымбетов.

«САЯСАТТЫҢ ШИКІЛІГІ»

Ал жиынға келген саясаттанушы Жанұзақ Әкім ұлттық компанияның есебіне қанағаттанған жоқ. Ол мұнай-газ саласында негізгі тізгінді ұстап отырған компания өкілдерін үкіметтің жетегінде кетпей, көрсеткіштерді жасырмай айтуға шақырды.

– Сіздер қырық пайыздан астам экономиканы ұстап отырсыздар. Ал іс жүзінде бұлардың (есептің – Азаттық) ешкімге керегі жоқ. Түсінетін адам оның бәрі қажетсіз, жалған көрсеткіштер екенін көріп отыр. Біз сатқындық
«Қазмұнайгаз» компаниясының Астанадағы ғимараты. Сурет Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтынан алынды.
саясаттың бәрін көріп келе жатырмыз. Жиырма жылдың ішінде Қазақстанның 80 пайыз кен орындары сатылып, беріліп кетті. Тегін! Сондықтан бұл мәселелерге тереңірек қараңыздар, – дейді саясаттанушы Жанұзақ Әкім.

Жиын барысында қазақ және қытай жұмысшылары арасындағы еңбекақы алшақтығы, Каспийдің экологиясы, мұнай мен газдан босап қалатын орындардың толтырылуы, мұнай-газ саласында Қазақстанның төл технологиясын жасау мүмкіндігі, Қытаймен арада түрлі жобалар, т.б. мәселелер сөз болды.

– Менің ойымша, ұлттық компанияға ерік беретін болса, Қазақстанда бөтен компания жұмыс істемейтін де еді ғой. Өкінішке қарай, көптеген нәрсе олардың жеке азаматтық немесе кәсіби позицияларына емес, сол үкіметтің, жалпы биліктің, үлкен саясаттың шикілігіне тіреліп тұрған сияқты ғой. Олардың өздері де ашық әңгіме болған кезде, микрофоннан тыс кезде көп нәрсені мойындап та, қынжылып та айтып отыр, – дейді саясаттанушы Айдос Сарым.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG