Accessibility links

Зүлфия Чиншанло Қытайдан оралды


Ауыр атлетикадан олимпиада чемпионы Зүлфия Чиншанло. Лондон, 29 шілде 2012 ж.
Ауыр атлетикадан олимпиада чемпионы Зүлфия Чиншанло. Лондон, 29 шілде 2012 ж.

Лондон олимпиадасының чемпионы Зүлфия Чиншанло 27 қазанда Алматыға жетті. Чиншанло азаматтығын ауыстырыпты деген хабарды бапкері жоққа шығарды.

Ауыр атлетикадан 2012 жылғы Лондон олимпиадасының чемпионы Зүлфия Чиншанлоны қазанның 27-і таң алдында Қытайдан Алматы әуежайына келіп қонған ұшақтан спортшының жеке жаттықтырушысы Виктор Ни күтіп алды.


"ДАҚПЫРТ СӨЗ"

Чиншанлоға қатысты соңғы жаңалықты оның өзінен есту үшін әуежайға Азаттық тілшілері де барған еді. Алайда жолдан шаршап келгенін айтқан Чиншанло журналистерге сұқбат беруден бас тартты. Тек оның бапкері Виктор Ни әуежайдан шығып бара жатып: «қытайлық басылымдардағы жазылғандардың бәрі дақпырт» деп
Зулфия Чиншанло әуежайдан шығып келе жатыр. Алматы, 27 қазан 2012 жыл.
Зулфия Чиншанло әуежайдан шығып келе жатыр. Алматы, 27 қазан 2012 жыл.
айтты. "Азаматтығын ауыстырғаны рас па?" деген сұраққа Ни "жоқ" деген қысқа жауаппен шектелді.
Осыдан кейін Азаттықтың тілшісі мән-жайды білмек болып Қазақстан ауыр атлетика федерациясының мемлекеттік жаттықтырушысы Меңдіхан Тәпсірге хабарласқан еді.

– Қытай басылымдарындағы әңгіменің өтірік екенін бұрын айтқанбыз. Ал негізі біз Виктор Ниға әуежайда жағдайды түсіндіріп, сұқбат беруді тапсырғанбыз. Оның неге сұқбат беруден бас тартқанын түсінбей отырмын. Енді алдағы уақытта ауыр атлетика федерациясы осы мәселеге байланысты баспасөз мәслихатын өткізеді, – деді Меңдіхан Тәпсір.

Осы аптада Қытайдың бірқатар сайттары Зүлфия Чиншанло 2016 жылы Рио-де-Жанейро (Бразилия) қаласында өтетін олимпиада ойындарына Қытайдың атынан қатыспақшы деген хабар таратқан еді. Қазанның 23-і күні Қытайдың Хinhua ("Синьхуа") агенттігі Зүлфия Чиншанлоның Қытай азаматтығын алғаны туралы материал жариялады.

Чиншанло туралы sohu.com порталына шыққан мақалада «Қазақстанға кеткен Қытай қызы қайтып оралды және 2016 жылғы олимпиадаға Қытай атынан қатысады» деп жазылған.


УӘДЕЛІ СЫЙАҚЫ

Қытайдың Хinhua ақпарат агенттігі "Қазақстан чемпион Зүлфия Чиншанлоға олимпиада кезінде уәде еткен сыйақысын да бермеген" деп жазған еді. Бұл ақпаратты спортшының бапкері Виктор Ни де растады. Қазақстандық «Алаш айнасы» газетіне берген сұхбатында:

– Негізі, әлем чемпионы атанған кезінде Талдықорған қаласынан екі бөлмелі пәтер
Жаттықтырушы Виктор Ни. Алматы әуежайы, 27 қазан 2012 жыл.
Жаттықтырушы Виктор Ни. Алматы әуежайы, 27 қазан 2012 жыл.
сыйлаған. Лондон олимпиадасынан кейін де сыйақыларға кенде болған жоқ. Үкімет тағайындаған басты сыйақысы да жақын арада қолына түседі. Одан бөлек оған Алматы қаласынан үш бөлмелі пәтердің кілтін табыстайын деп отырған, – деген Виктор Ни.

Қазақстан үкіметі биыл жазда Лондонда өткен олимпиада ойындарында алтын медаль алған спортшыға 250 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы тағайындаған еді. Қазақстан құрамасы Лондон олимпиадасында жеті алтын, бір күміс, бес қола жүлде иеленіп, жалпы командалық есепте 12-орын алды. Құраманың еншісіндегі алғашқы алтынды ауыр атлетикадан сынға түскен Зүлфия Чиншанло жеңіп алып, ел тарихында спорттың бұл түрінен әйелдер арасында тұңғыш олимпиада чемпионы атанған еді.


Зүлфия Чиншанлоның Алматыға келгені туралы видео, 27 қазан 2012ж.

Чиншанло журналистер сұрағына жауап бермеді
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:02 0:00

(Бұл материалды әзірлеуге Нұрмахан Ахметов үлес қосты).
XS
SM
MD
LG