Accessibility links

Лондон олимпиадасының чемпионы Зүлфия Чиншанло әлем рекордын жаңартты


Лондонда өтіп жатқан жазғы олимпиадада ауыр атлет Зүлфия Чиншанло Қазақстанға екінші алтын әперді. Ол әлем рекордын да жаңартты.

Шілденің 29-ы күні Лондонда Чиншанло әйелдер арасында, 53 килограмм салмақ категориясында олимпиада чемпионы атанды. Чиншанло жұлқа және серпе көтеру бойынша жалпы көрсеткішті 226 килограмға бір-ақ жеткізді. Сөйтіп олимпиада рекордын жаңартты.

Ол жұлқа көтеруден 95 килограмды бағындырса, серпе көтеруден әлемдік жаңа рекорд орнатты - 131 килограмм.

Чиншанлоның бұл - бірінші олимпиадасы. Алдыңғы әлем рекорды да өзінікі. Ол 2011 жылы қараша айында Парижде өткен әлем чемпионатында 130 килограмдық штанганы серпе көтеріп, әлемдік рекордты өзгерткен еді. Ал Лондонға аттанар алдында Талдықорғанда өткен Қазақстан біріншілігінде 131 килограмды серпе көтеріп, өзінің Париждегі рекордын жаңарта алатынын көрсетті және Лондонда сол үмітті ақтап шықты.

Чиншанло әлем рекордын жаңартқаннан кейін де су жаңа рекордты тағы бір рет жаңартуға талпынды. Көздеген меже - 135 килограмм. Алайда өз рекордын өзі бұзып өте алмады.

Әйелдер арасындағы бұл салмақ категориясы бойынша күміс жүлдені тайпейлік Хсу Шучин (219 килограмм), қола медальді румын ауыр атлеті Кристина Иова (ол да 219 килограмм) жеңіп алды.

Зүлфия Чиншанлоның осы жеңісінен кейін, Қазақстан уақытша болса да жалпы командалық есепте әлем бойынша төртінші орынға көтерілді.

Марапаттау рәсімін мына жерден көре аласыз:

Сервердегі ақау

Oops, as you can see, this is not what we wanted to show you!

This URL has been sent to our support web team to look into it immediately. Our apologies.

Please use Search above to see if you can find it elsewhere

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG