Accessibility links

Қазақстан әуе көліктерінің апаттары


Шымкентте апатқа ұшыраған "Ан-72" ұшағының оқиғадан бірнеше күн бұрынғы суреті. (Суретті журналист Григорий Беденко түсірген). Алматы, 25 қараша 2012 жыл.

Шымкентте апатқа ұшыраған "Ан-72" ұшағының оқиғадан бірнеше күн бұрынғы суреті. (Суретті журналист Григорий Беденко түсірген). Алматы, 25 қараша 2012 жыл.

Азаттық радиосы 1991 жылдан бергі Қазақстан әуе көліктері апаттарының хронологиясын ұсынады.

Соңғы уақытта Қазақстан әуе көліктерінің апатқа ұшырауы жиіледі. 2012 жылы елде адам өліміне себеп болған үш әуе көлігі апатының ең ірісінен 27 адам қаза тапты.

Ал 2013 жылы қаңтар айының соңында SCAT авиакомпаниясының Challenger-200 ұшағы ауа-райының қолайсыздығынан қона алмай, екінші айналымға бұрылған кезінде құлады.

Қазақстанда жолаушылар тасымалдайтын оннан астам жергілікті авиакомпания бар. Олардың ішіндегі ең ірілері - Air Astana және аймақтық SCAT авиакомпаниясы. Бұған қоса 27 шетелдік авиакомпания да Қазақстанда қызмет көрсетеді.

Азаттық радиосы 1991 жылдан бері қарай Қазақстанда болған әуе көлік апаттарының хронологиясын ұсынады. Ескерте кететін жайт: бұл хронологияға тек адам өлімі бар әуе көлік апаттары кіріп отыр.

Хронологиялық кестедегі терезелерді басып, толығырақ ақпарат оқуға болады. Бұл ақпараттарға қатысты алып-қосарыңыз болса, пікір алаңына жазыңыз.


  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG