Accessibility links

«Пәктіктен айырылу» жайлы фильм дау тудырды


"Алматыда пәктіктен айырылу" фильмінің (режиссері Жанна Исабаева) YouTube-тегі трейлерінен жасалған скриншот. 11 сәуір 2012 жыл.

"Алматыда пәктіктен айырылу" фильмінің (режиссері Жанна Исабаева) YouTube-тегі трейлерінен жасалған скриншот. 11 сәуір 2012 жыл.

Ақпарат құралдары «13 новелладан тұратын, әр түрлі әлеуметтік топтағы адамдардың пәктіктен айырылу хикаялары» деп сипатталған фильмге қарсы адамдар наразылық танытып, доқ көрсеткенін жазады. Бұл деректі әлеуметтік желідегі оқырмандардың бірі «намыстанған патриоттардың әрекеті» десе, енді бірі «киноны жарнамалаудың өте ұтымды әдісі» дейді.


Сәуірдің 5-інен бастап Қазақстан кинотеатрларынан көрсетілген «Алматыда пәктіктен айырылу» фильмі («Қарой», «Ойпырмай, или Дорогие мои дети» фильмдерін түсірген режиссер Жанна Исабаеваның туындысы) кинотеатрлардан алынып жатыр.

«КИНОҒА НАРАЗЫ» ҮШЕУ

Жергілікті ақпарат құралдарының жазуынша, белгісіз топ фильмді көрсетіп жатқан кинотеатр қызметкерлеріне «фильмді кестеден алып тастамасаңдар, ғимаратты қиратып-бүлдіреміз» деп қоқан-лоқы жасаған.

– Жұма күні түнгі ондарда бізге үш жас жігіт келді. Екеуінің бет-пішіні – еуропалық, үшіншісі – шығыс адамы. Әуелі олар администратордың бөлмесіне баса-көктеп ​кіріп, балағаттап кеткен. Бұдан кейін билеттердің сатылуына кедергі келтірген. Онан соң сеанс өтіп жатқан залға кіріп, жұртқа «шығыңдар» деп қоқан-лоққы жасаған. «Қолында таяғы бар 300 адам ертіп келіп, гипермаркеттеріңнің күлін көкке ұшырамыз деді, – дейді Алматыдағы кинотеатрлардың бірінің директоры Мүсілім Шыңғожинов, «Время» басылымының жазуынша.

Kino.kz сайтында сәрсенбі күні бұл фильм Алматыдағы бес кинотеатрда көрсетілетіні туралы ақпарат ілініп тұрды. Алғашқы сеанс кешкі сегіз жарымда, ең соңғысы түнгі сағат он екіде басталады.

ЖАРНАМА МЕН ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМ

– Сенбі күні «Искра» кинотеатрының жанында қасыма бір адам келіп, қалада тағы қай жерлерде кинотеатрлар бар екенін сұрады. «Сен патриотсың ба?» деп те Қазақстан президентінің қызы Дариға Назарбаева қатысқан фильмнің жарнамасы. Алматы, 16 ақпан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстан президентінің қызы Дариға Назарбаева қатысқан фильмнің жарнамасы. Алматы, 16 ақпан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

сұрады. «Иә» деген жауап естігеннен кейін қарсылық шарасын жасауға шақырды. Енді мұның осы фильмге қатысты екенін түсініп отырмын, – деп жазады саясаттанушы Айдос Сарым Facebook әлеуметтік желісінде.

Осы жазбаға пікір қосқан Mukhit Ardager: «Келіннен» кейін ештеңе де қорқынышты болмай қалды. Ал егер 90-шы жылдардың аяғында түсірілген «Ақсуатты» еске түсірсек, онда бәрі де ойыншық боп қалады» дейді.

Ал Кайрат Есжанов есімді Facebook қолданушы: «Қандай өнер саласы болмасын, ең мықты жарнама – қатаң тыйым, биліктің анафемасы. Мұндай жарнаманы тіпті ақша беріп те сатып ала алмайсың. Бұл турасында тіпті режиссер мен продюсердің өздері армандап көрмеген шығар...» деп жазады.

Дәл осы ойды құптаған Светлана Березина «Мен де көрейін демеп едім, енді міндетті түрде көремін» деп жазады.

«Бұдан басқа ешбір фильм туралы прокатқа шықпай жатып осынша дау туған емес еді. Мұндай құрметті Ермек Тұрсыновтың «Келіні» де, Денис Куклин мен Лев Режиссер Ермек Тұрсынов (сол жақ шетте) "Келін" фильмінің түсіру алаңында. 2008 жыл. (Көрнекі сурет)

Режиссер Ермек Тұрсынов (сол жақ шетте) "Келін" фильмінің түсіру алаңында. 2008 жыл. (Көрнекі сурет)

Мариупольскийдің «Кайрат-чемпион. Девственник №1» фильмі де көрмеген. Жанна Исабаева нағыз эпатажға жүгінді – онысы іске асты» деп жазады Olzhas Izteleuov деген оқырман.

ҰЯТ ПЕН ЛОББИЗМ

Оқырмандардың біразы бұл фильмге қарсы. Нурия Шакен есімді Twitter қолданушы «Жалпы мұндай фильм түсіруге бола ма? Бұл ұят емес пе, әсіресе қазақтарға. Режиссері құрысын...» деп жазды.

Қазақстандағы интернет қауымдастығының өкілі Александр Ляхов: «Фильмді кинотеатрлардан алып тастағаны дұрыс болды. Әйелдерге кеңес беретін жер басқа бар емес пе!» дейді.

Фильмнің кинотеатрлардан алынғанына наразы оқырмандар да бар. «Адамдар не боп кеткен? Өздері мұны жасамайтындай!» деп жазады AizhanaTugelbayeva.

Ал Marat Shibutov «Алматыда пәктіктен айрылу» фильмінің алынып тасталуы – әкімшілікте отырған біржынысты лоббидің әрекеті» дейді.

Bakytzhan Mukhammediyauly есімді азамат «фильмге наразы беймәлім адамдар кинотеатрларды қиратпақ болды» деген дерекке орай: «Ендеше бұл «патриот азаматтар» неге сауналар мен қонақ үйлерді қиратпайды?» деп сұрайды.

«ФИЛЬМДІ КӨРУ-КӨРМЕУ – КӨРЕРМЕННІҢ ҚҰҚЫҒЫ»

Фильм экранға шықпай тұрғанда Қанат есімді азамат мәдениет министрі Дархан Мыңбайдың блогына «бұл фильмді көрсетпеу туралы өтініш» жазған еді.

«...Фильмде жыныстық сипаттағы анайы оқиғалар, азғындық, нәпсіқұмарлық, есірткі қабылдау көріністері бар. Бұл фильм онсыз да азғындап бара жатқан жастарды бұзады» дейді өтініш иесі.

Ал министр Дархан Мыңбай «Қазақстан конституциясында цензураға тыйым салынғанын, сондықтан фильмге рұқсат бермеу заңға қайшы келетінін» айтады.

«Алайда бұл фильмді тек 21-ге толған көрермендерге ғана көруге рұқсат етілген. Мұндай тыйым кинотеатрларда оны тек түнгі оннан таңғы 6-ға дейін ғана көрсетуге мүмкіндік береді. Сондықтан оны көру-көрмеу – әрбір көрерменнің құқығы» деп жазады министр.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG