Accessibility links

Тәуелсіздік мерекесінде қарсылық ән-күйі концерті өтті


Күйші Нұркен Әшіров. Алматы, 17 желтоқсан 2012 жыл.

Күйші Нұркен Әшіров. Алматы, 17 желтоқсан 2012 жыл.

Алматыда желтоқсанның 17-сі күні ұйымдастырылған «Азат рухтың алдаспандары» деп аталатын концертте қарсылық сарындағы әндер мен күйлер орындалды.

Концертті ұйымдастырушылардың бірі Арман Әубәкір «қазақтың өткен тарихындағы азаттық рухтағы жырларды ел алдына шығаруды мақсат еткендерін» айтады.

Кештің жүргізушісі, әнші Ерлан Төлеутай «осыдан 300 жыл бұрын қазақтың басынан бақ тайып, ат жақсы кермеде, ер жақсысы түрмеде шіритін заман туғанын» еске сала келе:

– Сол кезде қазақтың азаттықты аңсаған асқақ рухын оятқан музыкасы дүниеге келді, – деді.

«ЗАРЛЫ ӘН» МЕН «ЖАЛҒАН ПАФОСТЫҢ» АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ

Жүргізуші Ерлан Төлеутай кеш барысында орындалған әрбір ән мен күйдің қысқаша тарихын да айтып отырды.

– 1853 жылы Ресей отаршыларына қарсы бас көтерген Есет Көтібарұлының жанында Бекет Серікбаев деген ерекше батыр адам болған. Көтеріліс кезінде Бекеттің алты баласы мен әйелін патша үкіметі қолға түсіріпті. Бірақ соған қарамастан өз қарсылығын жалғастыра берген батырға Ерназар деген өзінің жамағайын туыс келіп: «Балалардың не жазығы бар? Балаларды шырылдатпа. Беріл!» депті. Соның негізінде берілген Бекет 18 адаммен бірге 1857 жылы итжеккенге айдалған еді. Тура осы жылы дүниеге келген Қазанғап кейін ел ішіндегі айтылған әңгімелердің негізінде күй шығарыпты, – деген жүргізушінің сөзінен кейін «Шырылдатпа» күйін домбырашы Нұркен Әшіров орындады.
Концерт барысында белгілі халық күйі «Ел айрылған», Махамбеттің «Жұмыр қылыш», Тәттімбеттің «Көкейкесті», Әбікен Хасеновтің «Қоңыр», Төлеген Момбековтің «Мешін» күйлері де тартылды.

Концертте Иманжүсіптің «Сарымойын», Қанапияның «Қанафия», Қапездің Әнші Ерлан Төлеутай. Алматы, 17 желтоқсан 2012 жыл.

Әнші Ерлан Төлеутай. Алматы, 17 желтоқсан 2012 жыл.

«Қоштасу», Мәдидің «Қарқаралы», Жаяу Мұсаның «Ақ сиса» секілді әндері орындалды.

– Патшалық Ресей кешегі Совет одағына қарағанда тәуірлеу болды. Себебі патшалық Ресейдің тұсында Батақтың Сарысы секілді бірер өнерпаздар ғана ату жазасына кесілсе, Совет одағының тұсында қазақтың өнерлі ұлдарынан тірі қалғандар некен-саяқ. Иманжүсіп, Балуан Шолақ, Қапез, Мәди, Қанафия секілді ел ішіне танымал өнерпаздардың барлығын совет үкіметі өлтірген болатын, – деді кеш жүргізушісі Ерлан Төлеутай.

Бұл сөзден кейін ортаға шыққан Ерлан Рысқали Жаяу Мұсаның «Ақ сиса» әнін орындады.
Ән авторының күрескерлігін әңгімелеген кеш жүргізушісі «бірден-бір жеңіске Сыбызғышы Талғат Мұқышев. Алматы, 17 желтоқсан 2012 жыл.

Сыбызғышы Талғат Мұқышев. Алматы, 17 желтоқсан 2012 жыл.

жеткен, өзінің ата қонысын жауларынан қайтарып алған, 1929 жылы өз ажалынан қайтыс болған жалғыз өнерпаз Жаяу Мұса туралы қазір жаңаша көзқарастар айтылып жатқанын» да сөз етті.

Бұл кеште сыбызғы күйі де орындалды. «Заман-ай» күйін сыбызғышы Талғат Мұқышев тартты.
– «Ылғи көңілді ән тыңдай бермей, бірауық осылайша өткен тарихты, ел басынан өткерген қасіретті музыка тілі арқылы еске түсірейік» деп бүгінгі әндерді екшеп алған едік. Егер бірыңғай зарлы әндер болып кетсе, кешірім сұраймыз, – деді кеш соңында жүргізуші Ерлан Төлеутай.

Өзін «Шолпан тәте» деп таныстырған көрермен әншінің бұл пікіріне орай:

– Үнемі жалған пафосқа берілген патриоттық әндерді тыңдағаннан гөрі қилы Көрермен Шолпан тәте. Алматы, 17 желтоқсан 2012 жыл.

Көрермен Шолпан тәте. Алматы, 17 желтоқсан 2012 жыл.

кезеңдерді басынан өткеріп, соның салдарынан туған тарихи әндерді тыңдау адамға рух береді, – деді.

«Желтоқсаншымын» деп танысқан Мәлік Ахмәдиұлы есімді азаматтың ойынша, «бүгінгі кеште орындалған әндер – кешегі Желтоқсанда бодандыққа қарсы шыққан қазақ жастарына рух берген жырлар».

– Егер қазақ жастары осы секілді әндермен сусындап өспегенде Желтоқсан оқиғасы болмауы да мүмкін еді, – дейді ол.
  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG