Accessibility links

Бас кейіпкерлер де «Нақұрыстарды» көре алмады


Бұрынғы университет оқытушысы Рафаэль Балғин. Алматы, 23 қыркүйек 2011 жыл.

Бұрынғы университет оқытушысы Рафаэль Балғин. Алматы, 23 қыркүйек 2011 жыл.

Мәжіліс депутаты Тәңірберген Бердіоңғаров пен бұрынғы университет оқытушысы Рафаэль Балғиннің арасындағы дау желісі бойынша әзірленген «Нақұрыстар» деп аталатын қойылым өтпей қалды.


«Нақұрыстар» («Идиоты») қыркүйектің 23-і күні Халықаралық бизнес университетінің ауласында өтуі тиіс еді. Алайда қойылымның басталуына 5-10 минут қалған кезде оны қоюшы «Театр причуд» жастар театрының жетекшісі Мұрат Телібеков қойылымның болмайтынын айтты.

ЗАҢГЕРЛЕРДІҢ «КЕҢЕСІ»

– Кеше ғана КТК арнасындағы сюжеттен кейін бірнеше сағат бойы бізге заңгерлер хабарласып, істің насырға шабуы мүмкін екенін айтып ескертті.
«Нақұрыстар» қойылымының ауторы және режиссері Мұрат Телібеков. Алматы, 23 қыркүйек 2011 жыл.

Олар сонымен бірге мұның «сотқа жасалған қысым», «жағдайда ықпал ету» ретінде бағалануы мүмкін екенін де айтты. Оның үстіне жас актерлардың қауіпсіздігін ойлап, соттың аяғын күтуді жөн көрдік, – деді журналистерге Мұрат Телібеков.

Мұрат Телібеков қойылымға кейіпкер болған екі азаматтың ешқайсысы өзіне қысым жасамағанын, әйтсе де «кеңес берген» заңгерлерге олардың әсері болған.

Қойылымның ауторы әрі режиссері Мұрат Телібеков ол«заңгерлердің атын атап, түсін түстей алмайтынын» айтты.

– Заңгерлерге белгілі бір деңгейде екі жақтың біреуі қысым жасағанын жоққа шығармаймын, – дейді Мұрат Телібеков.

«ОЛ ТҮКІРЕДІ, МЕН ТЕБЕМІН»

Биыл құрылған «Театр причуд» ұжымы өкілдерінің айтуынша, «Нақұрыстар» қойылымында сегіз кейіпкер – депутат, оған түкірген журналист, оларды қорғаушы екі адвокат, судья және екі жақтың өкілдері бар.

Жас актерлардың айтуынша, небәрі 20-30 минут созылатын қойылым
Депутаттың рөлін сомдаушы студент Жарқын Қайыржан. Алматы, 23 қыркүйек 2011 жыл.

депутат пен журналистің кездесуінен басталады.

– Пьеса бойынша, әуелі Балғин маған жақындайды. Ал мен оны танымаймын. Сөйтіп ол маған түкіреді, ал мен тебемін. Одан кейін сот болады. Ол өз пікірін жақтайды, мен өзімнің пікірімді қорғаймын, – дейді депутаттың рөлін сомдаушы студент Жарқын Қайыржан.

Идея авторларының айтуынша, «түкірік дауы» әлі сотқа жетпегендіктен қойылымдағы сот көрінісі – көркемдік шындық» болған.

«Нақұрыстар» «Театр причуд» ұжымының ресми алғашқы қойылымы екен. Алайда студенттер пьесаның өтпей қалғанына өкінбейтіндіктерін айтады.

– Маған бәрібір сияқты. Бір жағынан, сонша дайындалып келіп, кенеттен оның болмай қалғаны да жаман сияқты. Сол үшін бүгін ұйқым қанбай қалған еді, – дейді депутаттың бетіне түкірген Рафаэль Балғиннің рөлін сомдаушы студент Жасұлан Ахметов.

«БҰЛ ТАПСЫРМА ЕМЕС»

Театр ұжымы пьесада өздерінің бейтарап позиция ұстауға тырысқандығын айтады. Олардың айтуынша, «Нақұрыстар» ұжымның ортақ идеясынан туған.

Театр жетекшісі Мұрат Телібеков те мұның ешқандай тапсырма еместігін айтты. «Қойылым неге «Нақұрыстар» деп аталады?» деген журналистердің сұрағына:

– Бұл дауда тым көп мағынасыздық, шектен шыққан арсыздық, даңғойлық, өлшеусіз менмендік жатыр. Бұл оқиға әлемдік драматургиядан
Болмай қалған "Нақұрыстар" қойылымын түсіруге келген белгісіз адамдар. Алматы, 23 қыркүйек 2011 жыл.

ойып тұрып орын алуға лайықты. Дәл осы себепті, сол адамдарды әшкерелеу үшін, даудың соншалықты қисынсыз екенін көрсету үшін пьесаны қоймақ болып едік, – деп жауап берді Мұрат Телібеков.

Егер іс сотқа жетіп, қандай да бір нәтиже шықса, қойылымды қайта қою ниеті барын да айта кетті театр режиссері.

Театр ұжымы бұл қойылымға «бас кейіпкерлердің екеуін де» шақырмақ болғандарын, бірақ Рафаэль Балғинмен ғана сөйлесудің сәті түскенін айтады.

Қойылымға келген Рафаэль Балғин оның өтпегеніне қынжылатынын айтты.

– Мен студенттердің шығармашылық көзқарасын білгім келген. Маған олардың мұны қалай түсінгені қызық. Әрине, бұл оқиғаның ерекше екенін көбі мойындайды. Мен де білемін, – дейді Рафаэль Балғин.

ДАУДЫҢ БАСЫ

Даудың басы Рафаэль Балғиннің биыл шілдеде Тәңірберген Бердіоңғаровты кездейсоқ көріп қалып, бетіне түкіруінен басталған еді.
Рафаэль Балғиннің роліндегі студент Жасұлан Ахметов. Алматы, 23 қыркүйек 2011 жыл.

Бердіоңғаров осы оқиғаға орай «ар-намысыма тиді, депутаттық қызметіме кедергі келтірді» деп, құқық қорғау органдарына шағымданған болатын.

Ал Рафаэль Балғин «Тәңірберген Бердіоңғаровқа 2003 жылы жасаған әрекетіне байланысты түкірдім» дегенді айтады. Балгиннің айтуынша, ол жоғары оқу орнында оқытушылық қызмет атқарып жүрген кезінде әлдебір студент қызға сол кездегі «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Тәңірберген Бердіоңғаров «қамқоршылық» танытып, қоқан-лоққы көрсеткен.

Қазір Рафаэль Балғиннің үстінен қылмыстық кодекстің 319-бап 2-бөлімі («депутаттың ары мен абыройына қол сұқты және қызметіне кедергі жасады») бойынша іс қозғалған.

Рафаэль Балғин Алматы қалалық ішкі істер департаменті психиатрия сараптамасынан өтуді сот арқылы міндеттеп, қазір соның бірінші кезеңінен өткенін, «психиатриялық комиссия объективті шешім шығарар деп үміттенетінін» айтты.

«МЕН МҮДДЕЛІ ЕМЕСПІН»

Азаттық тілшісі мәжіліс депутаты Тәңірберген Бердіоңғаровқа хабарласып, спектакль жайлы пікірін сұраған еді. Ол «Нақұрыстар» қойылымына еш қатысы жоғын айтты.

– Балғинмен болған дау және оның ақпарат құралына шығуы –
Қазақстан парламенті мәжіліс депутаты Тәңірберген Бердіоңғаров.

осылардың барлығы мен үшін жағымсыз нәрсе. Сондықтан бұл сияқты шараларды ұйымдастыруға мүдделі емеспін, – дейді Тәңірберген Бердіоңғаров.

Ол Балғиннің психиатриялық сараптамадан өтуіне да еш қатысы жоғын айтады.

Депутаттың пікірінше, бұл бастаманы Алматы қалалық ішкі істер департаментінің өзі қолға алып отыр, себебі тергеуді солар жүргізіп жатыр.

– Қылмыстық кодекске сәйкес, егер күдіктінің мінезіне тергеушілер күмәнданса, онда оны психиатриялық сараптамадан өтуге жібереді. Мұнсыз құжаттар сотқа жіберілмейді, – деді Тәңірберген Бердіоңғаров қыркүйектің 22-сі күні Азаттық тілшісіне.

  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG