Accessibility links

Ұшақта басталған жанжал тіл мәселесіне ұласты


Әуе компаниясы үш күнге қамалған журналист Жарылқап Қалыбайдың "ұшақта дөрекілік жасағанын" мәлімдеді. Ал журналистің жақтастары "ол қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап еткені үшін істі болды" дейді.

Сәрсенбі күні бір топ азаматтық белсенді әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 330-бабы 1-тармағы ("ұсақ бұзақылық") бойынша қыркүйектің 3-інен бастап үш күнге қамалған журналист Жарылқап Қалыбай жатқан қамау орнына барды.

Тамыздың 26-сы күні Scat әуе компаниясының Анталья-Алматы бағытында ұшып бара жатқан ұшағында "Жұлдыздар отбасы" және " Аңыз адам" журналдарының редакторы Жарылқап Қалыбай мен компанияның жолсерігі арасында кикілжің болып, кейін редактор әуе компаниясының шағымы бойынша әкімшілік сотқа тартылған.

ЖУРНАЛИСТІҢ ПІКІРІ

Ұшақтағы жанжалдың нақты неден туындағаны туралы әртүрлі болжам айтылды. Жарылқап Қалыбайдың өзі қамалардан бұрын жергілікті 31-арнаға берген "Жұлдыздар отбасы" журналының бас редакторы Жарылқап Қалыбай. (Сурет Facebook-тегі парақшасынан алынды)

"Жұлдыздар отбасы" журналының бас редакторы Жарылқап Қалыбай. (Сурет Facebook-тегі парақшасынан алынды)

сұхбатында әуе компаниясы қызметкерінің "орысша сөйле" дегені шамына тигенін" айтқан.

Журналисті жақтап, ол жатқан қамау орнына барған белсенділер де "Жарылқап Қалыбай Scat әуе компаниясы ұшағында қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап етемін деп істі болғанын" айтады.

- Мәселе - Жарылқап Қалыбайда емес, мемлекеттік тілді талап еткен азаматтың өз жерінде, елінде тұрып осындай құқықтарының бұзылуында. Азаматтық құқығы тапталған азаматқа араша түсуге келіп отырмыз. Кім қандай жағдайда болмасын мемлекеттік тілге байланысты жапа жегетін болса, оған нақты әрекетпен араша түсуді үйренуіміз керек, - дейді тәуелсіз журналист Қасым Аманжолұлы.

Ал отставкадағы судья, тәуелсіз адвокат Белгібай Сахариев әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 330-бабы 1-тармағы бойынша «ұсақ бұзақылықпен» қамалған журналистке тым қатал жаза қолданылған деп есептейді.

- Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 55-бабына сәйкес, судья тек ерекше жағдайларда ғана қамауға ала алады. Мысалы, шектен шыққан дөрекілік танытса, көпті құрметтемесе, мүлкін бүлдіріп жатса. Егер адам бұрындары жазаға тартылмаса, көбіне баламалы жаза түрлерін (мысалы, ескерту, айыппұл салу сияқты) қолданса да болар еді, - дейді ол Азаттық тілшісіне.

Жарылқап Қалыбайдың таныстарының айтуынша, сот шешімі жауапкердің қатысуынсыз, сырттай шығарылған. Мұның себебін соттан әзірге біле алмадық.

SCAT-ТЫҢ ЖАУАБЫ

Scat әуе компаниясы сәрсенбі күні арнайы мәлімдеме таратып, "жауапкер Жарылқап Қалыбайдың ұшақта компания қызметкерлеріне дөрекілік танытып, олардың қызметіне кедергі келтіргенін, ұшуға қауіп төндіргенін, жолаушылардың мазасын алғанын" айтты.

Кейбір ақпарат құралдары компанияның пиар қызметі басшысы Виктория Ульяноваға сілтеме жасай отырып, "журналистің ұшақта мас болғаны" туралы, "ұшақ қонғаннан кейін полицияда жүргізілген медициналық тексеру де жолаушының қанында ішімдік барын дәлелдегені" жайлы жазған.

Бірақ Scat-тың Азаттыққа жолдаған жазбаша жауабында ішімдік туралы сауалға жауап берілмеген, тек "аға борт жетекшісі ескерту жасағанмен, агрессивті және шектен шыққан қылық көрсеткен Қалыбайдың оған назар аудармағаны" ғана айтылады.
Жарылқап Қалыбай мырзаның бортсерік орысша сөйлеуді талап етті дегені - негізсіз. Бортсерік Айжан ұшу кезінде Жарылқап Қалыбай мырзамен мемлекеттік тілде сөйлесті.

Scat компаниясының Facebook парағындағы мәлімдемесінде де "Алматы әуежайына келген соң ол жолаушыны оқыс әрекетінің себебін анықтау және әкімшілік жазалау үшін ішкі істер бөліміне тапсырылғаны" ғана жазылған.

"Жарылқап Қалыбай мырзаның бортсерік орысша сөйлеуді талап етті дегені - негізсіз. Бортсерік Айжан ұшу кезінде Жарылқап Қалыбай мырзамен мемлекеттік тілде сөйлесті, орысша сөйлесуін талап еткен жоқ (оны басқа жолаушылар да растады)" дейді Scat әуе компаниясы.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕГІ ПІКІРЛЕР

"Жұлдыздар отбасы" және " Аңыз адам" журналдарының редакторы Жарылқап Қалыбайдың үш күнге қамалуы әлеуметтік желілердегі қазақтілді қолданушылар арасында да көп талқыланды.

Facebook қолданушылар 3 қыркүйек, сейсенбіде Scat әуе компаниясын «мемлекеттік тілді менсінбейді» деп айыптаған еді. Олар журналист Жарылқап Қалыбайды «қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап еткен тіл күрескері» ретінде сипаттап, ол қамалған жерге бару акциясын осы желі арқылы ұйымдастырған.

Алайда сәрсенбі күні түске қарай компанияның мәлімдемесі, ұшақта болған басқа жолаушылардың пікірі жарияланған соң журналист Жарылқап Қалыбайдың сөзіне күмәнданушылар да болды.

"Ойбай, Жарылқап ағамызды "Қазақ тілінде маған қызмет көрсетпеді дегені үшін" қамап қойды деп жатыр деген ақпарат тараған еді. Енді мән-жай басқаша өрбіп Scat компаниясының жарнамасы. Алматы, 21 ақпан 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Scat компаниясының жарнамасы. Алматы, 21 ақпан 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

жатыр. Жарылқап Қалыбай ішімдік ішіп алып, екі-үш мәрте ескертсе де стюардесса қыздың жұмыс істеуіне кедергі келтіріп, жанжал шығарды деп куәгерлер қарсы пікір білдіруде. Оқиға енді қалай өрбиді екен...." деп жазады интернет-қолданушы Ербол Серікбай.

Ал Канат Абылкайыр есімді азамат: "Ұлттық мәселе сөз болғанда азаматтың абыройы артта қалуы қажет... СКАТ-тың айтқаны рас болса, Жарылқап ағаның ішіп алғанын дәлелдейтін құжаттарды, түсірілген видеоларды көрсетсін! Ақыры қаралау науқаны басталып кетті ғой. Құр сөзбен емес, нақты дәлелдерге сүйеніп, ой айталық..." деп жазды.

Қазақстандық Scat әуе компаниясын сынаған пікірлер бұдан бұрын, 2013 жылы 29 қаңтарда да көп айтылған еді. Ол кезде компанияның «Көкшетау-Алматы» бағыты бойынша ұшып келе жатқан Challenger-200 ұшағы апатқа ұшырап, бортындағы 21 адам (5 экипаж мүшесі және 16 жолаушы) қаза тапқан.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG