Accessibility links

«Взгляд» жабылды, «Голос республики» соты кейінге қалды


Оппозициялық "Голос республики" және "Взгляд" газеттері газет сататын жерде ілініп тұр. 27 қараша 2012 жыл. (Сурет forbes.kz сайтынан алынды).

Оппозициялық "Голос республики" және "Взгляд" газеттері газет сататын жерде ілініп тұр. 27 қараша 2012 жыл. (Сурет forbes.kz сайтынан алынды).

Алматының Бостандық аудандық сотының судьясы Татьяна Черныш Алматы прокуратурасының «Взгляд» газетін экстремистік деп тану және осының негізінде басылымды жабу туралы өтінішін қанағаттандырды.

Желтоқсанның 20-сы күні өткен сотта оқылған, Астана сот институтының сарапшысы Акбарованың тұжырымдамасына қарағанда, «Взгляд» газетінде жарияланған материалдар - Жаңаөзенде 2011 жылы 16 желтоқсанда болған оқиғаның басты себептерінің бірі».

Бірақ газеттің мүддесін қорғаушы адвокаттар бұл пікірмен келіспей, Жаңаөзен оқиғасына жайлы Ақтауда өткен соттың шешімін бүгінгі процесс материалдарына қосуды сұрап еді, ол өтініштері орындалмады.

«СЫНАУ ҚЫЛМЫС ЕМЕС»

Адвокат Геннадий Нам жарыссөздер кезінде де, сот барысында да бірталай Адвокат Геннадий Нам. Алматы, 20 желтоқсан 2012 жыл.

Адвокат Геннадий Нам. Алматы, 20 желтоқсан 2012 жыл.

процессуалдық заң бұзу болғанын айтты. Оның ойынша, «Владимир Козловқа қатысты қылмыстық іс аясында жасалған сараптама азаматтық істе пайдаланбауы тиіс».

Адвокаттың пікірінше, «Взгляд» газетінде жазылған билікті сынаған мақалалар мен саясаткерлердің бүгінгі режимнің ауысуы қажет деген пікірлері – қылмыс емес».

– Қазақстанда сынауға тұрарлық жайттар бар. Әрі бұл қылмыс емес. Мәселен, Қазақстан жемқорлық бойынша 124-орында. Назарбаевтың өзі жағдайды жақсартуға шақырады. Сондықтан саясаткерлер биліктің жемқорлыққа батқанын айтып, оны ауыстыру қажет десе, бұл – қылмыс емес, конструктивті сын, – дейді Геннадий Нам.

Адвокат Геннадий Нам «судья Татьяна Черныштың прокуратура өтінішін Судья Татьяна Черныш. Алматы, 20 желтоқсан 2012 жыл.

Судья Татьяна Черныш. Алматы, 20 желтоқсан 2012 жыл.

қанағаттандыратыны алдын ала белгілі болғанын» айта келе:

– Бұл – таза саяси процесс. Сондықтан оның шешімі барлығына белгілі, – деді.

ЕНДІГІ СОТ – «ГОЛОС РЕСПУБЛИКИ» ГАЗЕТІНІКІ

Желтоқсанның 20-сы күні Алматының Медеу аудандық сотында «Голос республики» газетіне байланысты сот процесі де өтті.

Бүгінгі процеске құқық қорғаушы Евгений Жовтис, қоғам белсендісі әрі тәуелсіз журналист Ермұрат Бәпи, құқық қорғаушы Андрей Свиридовтар келді. Бірақ судья Гүлмира Бейсенова сотқа келген куәгердің екеуінен жауап алудан бас тартты.

– «Голос республики» газетінің тұрақты оқырманы әрі ары-тұра онда мақалаларымды жариялайтын адам ретінде мен газеттің экстремизмге еш қатысы Құқық қорғаушы Евгений Жовтис. Алматы, 16 мамыр 2012 жыл.

Құқық қорғаушы Евгений Жовтис. Алматы, 16 мамыр 2012 жыл.

жоқ екенін айтайын дегенмін. Алайда судья «мыңдаған оқырман бар, олардың барлығынан жауап алу мүмкін емес» деп, бізден жауап алмады. Бұл – прцессуалдық кодексті өрескел бұзу. Судья куәгерді шақыртудан түрлі себептермен бас тартуына болады, алайда келіп тұрған куәгерді тыңдауға міндетті, – деді Евгений Жовтис Азаттық тілшісіне.

Қарашаның 21-і күні Алматы қалалық прокуратурасы соттан сегіз оппозициялық ақпарат құралы пен 23 сайтты, оның ішінде «К-плюс» телеарнасын, «Взляд», «Голос республики» газеттерін, «Голос республики», Stan.kz интернет-порталдарын және оларға тиесілі деп сипатталатын ондаған ресурстарды жабуды сұраған еді.

Қарашаның 27-сі күні тыйым салынған оппозициялық «Голос республики» газетінің бас редакторы Татьяна Трубачева «газет электрондық түрде шыға беретінін» хабарлады. Қарашаның 30-ы күні «Голос республики» газетінің материалдары оппозициялық «Азат» газетінде жарияланды. Алайда «Азаттың» бұл номері тәркіленіп, Татьяна Трубачеваға он айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Ал кеше, 19 желтоқсанда «Голос республики» газеті мен Stan.kz бейнепорталының кеңселерінде күні бойы тінту жүрді. БАҚ өкілдерінің айтуынша, ҰҚК олардың барлық техникасын тәркілеп, кеңсесін жауып кеткен.
  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG