Accessibility links

Жасы ұлғайған Саид отанымен тағы іштей қоштасты


Алматылық Қырым татары Саид Бекіров. 22 мамыр 2014 жыл.

Алматылық Қырым татары Саид Бекіров. 22 мамыр 2014 жыл.

Әкеден, туған елден айырған жүйенің айуандығын көрген ол «адамшылыққа қай кезде де орын бар» дейді. Саид Бекіров Азаттыққа өзінің қиын тағдыры, Қырымның өткені мен бүгіні жайлы айтты.

Көкжиекте көк аспанмен астасқан көкшіл теңіз айдынына шағылысқан күн сәулесі, жап-жасыл егістік пен жүзімдіктер және әкесінің әуеге лақтырып, қайта қағып алғанына шаттанған бала күлкісі. Балалық шағының осы бір бақытты сәттері Саид Бекіровтың жадында өшпестей жатталып қалған.

Сосын соғыс басталды. Қазіргі Евпатория түбіндегі Айырша ауылына немістер келді. Халық оккупация, Қызыл армия шабуылы, жарылған снарядтардан қасірет шекті.

Бірақ Қырым татарларын бұдан да сұмдық сынақтар күтіп тұр еді. 1944 жылы мамырдың 18-і күні таң сәріде Бекіровтер үйінің есігі қағылды. Жиналуға 15 минут беріліп, белгісіз жаққа жер аударылып кете барды.

Депортацияға екі күн қалғанда Қызыл армияның қарапайым старшинасы анасына келіп ескертпегенде, бұл депортациядан Саидтың тірі қалуы неғайбіл еді. Анасы ол оқиғаны талай жыл өткен соң ғана айтқан - орыс бозбала «Әпкесі, сіздерге қарсы сұмдық бірдеңе ұйымдастырылып жатыр» деп сыбырлаған. Қолында кішкентай екі баласы бар жас келіншек, «адам жалдағаны үшін», «азық-түлік дайындау жоспарын орындамағаны үшін» Оралға жер аударылған Саид Бекіровтің ата-анасы мен үлкен әпкесі. Қырым, мөлшермен 1934 жыл.

Саид Бекіровтің ата-анасы мен үлкен әпкесі. Қырым, мөлшермен 1934 жыл.

кулактың әйелі жолға жылы киім-кешек пен тамақ жинау керек екенін бірден түсінген. Тіпті буыншақ-түйіншектердің арасына күйеуінің фотокарточкасын да салады. Сол күні таңертең әлгі старшина мен солдаттар келіп, әйелдің түйіншектерін арбаға тиеуге көмектесіп,бала-шағасымен бірге «теплушкаларға» (ішінде пеші бар жүк таситын вагон) жеткізіп салады.

- Жолдағы жағдайымыз сұмдық болды. Тоқтаған кезде, «өлік бар ма?» деп айқайлайды. Жансыз денені лақтырып тастайды. Қисаятын орын болмағандықтан адамдар ұйықтамады. Мұның бәрі күні кеше болғандай әлі есімде, әлгі вагон да, жол да есімде, - дейді шашын ақ басқан 78 жастағы Саид.

ЖАТ ЖЕРДЕГІ ӨЛМЕСТІҢ КҮНІ

Бекіровтер отбасын Свердлов облысындағы Яборково ауылына әкелген. Саид Бекіров «Әпкем екеуміз анамды мүлде көрмейтінбіз. Ағаш құлататын жерде жұмыс істеген анам таң сәріден кетіп, үйге түнделетіп бір-ақ келетін. Алғашқы кезде бізді аштан өлтірмей алып қалған - жұмысшы ретінде күніне анама тиетін 800 грамм, ал балаларға беретін 150 грамм нан. Анам Қырымнан әкелген маталары мен үйге қажет заттарын картоп егетін бақшаға айырбастады, күзде соны қазып алдық» дейді.

Жер аударылған Қырым татарларын вагондарға "тиеп" жатыр. "Хайтарма" көркем фильмінен алынған кадр.

Жер аударылған Қырым татарларын вагондарға "тиеп" жатыр. "Хайтарма" көркем фильмінен алынған кадр.

Ол «бір күні үйде тығулы тұрған бір жапырақ нанды тауып алып, соңғы үзіміне дейін жеп біткенше әпкемнен қашқаным бар» деп есіне алады. Тағы бірде көрші балалармен ешкіні ұстап алып, қаумалап сүтін емген.

Жат жердегі алғашқы қыстан әрең аман қалған ол «әдеттегідей жолым болды» дейді.

- Анам «сүзектен өліп қала жаздағансың» деп айтып отыратын. Бәрімізді бит басып, сүзек жұқтырдық. Ауруханаға қалай түскенім есімде жоқ. Әйтеуір ауылдың бір баласы екеуміз ауруханадан шығып, үйге шанамен келе жатқанымызды білемін. Күннің суықтығы сондай, ұйықтап қалмас үшін көшір жол-жөнекей бетімізден шапалақтап отырды, - дейді Саид Бекіров.

Жергілікті тұрғындар жер аударылғандарға түсіністікпен қараған. Саид «олар да 1920-1930 жылдары совет үкіметі жер аударған «кулактар» мен «басқа категориядағы» адамдар еді» дейді.

- Әпкем екеуміз ересектерге ілесіп көрші ауылдарды аралап, бір азық-түлікті екіншісіне айырбастайтынбыз. Әлі есімде, бір әйел бізді үйіне кіргізіп, тамақтандырып шығарып салды. Мен артыма бұрылып қарай бердім, ол да соңымыздан аяушылықпен қарап тұрды, - дейді Саид Бәкіров.

1945 жылдың қарашасында Бекіровтер отбасы Әндіжан облысы Шынабад ауданынан шақырту қағаз алады. Себебі, еңбек армиясынан оралған отағасы сол жаққа жер аударған шығар деп әйелі мен балаларын арнайы комендатура арқылы Өзбекстаннан іздеткен екен.

Саид Бекіровтің оқушы кезінде анасымен бірге түскен суреті. Әндіжан, 1948 жыл.

Саид Бекіровтің оқушы кезінде анасымен бірге түскен суреті. Әндіжан, 1948 жыл.

Саидтың анасы балаларын алып, жолға шыққан. Бірақ тағдыр оған күйеуін, балаларға әкесін көруді жазбапты – сол жерде «сендер келердің алдында ғана қайтыс болды» деген.

Анасы бір мекемеге еден жуушы болып әрең орналасады. Сол мекеме оларға баспана да болған. Оған дейін бұл үйелмен шайханада тұрған екен. Бүкіл отбасы мүшелері комендатураға барып белгі соқтырып тұратын, Әндіжаннан шығуға тыйым салынған.

Саид Бекіров бірінші сыныпқа тоғыз жасында барған екен. Ол «беске оқығаныммен, алтын емес, күміс медаль берді» дейді. Аттестатында неге екені белгісіз орыс тілінен жалғыз төрттік «пайда болған».

ӨМІР БОЙҒЫ КӘСІБІ

Саид жас кезінде химик болуды армандаған. Бірақ анасы дәрігер болғанын қалапты. Көп жылдан кейін ракпен ауырған анасына өзі жасаған препараттарды әкеліп жүргенде анасы «Сені өзім үшін дәрігер жасадым-ау» дейді. Кейін тағдырдың жазуымен ол медицина мен химия тоғысқан салада жұмыс істейді.
1955 жылы Саид оқуға тапсыру үшін Ташкентке келген. Ол әуелі жоғары оқу орны емес, жер аударылған адам ретінде паспортына белгі соқтыру үшін арнайы комендатураға кіреді. Ташкент медициналық университетіне оны емтихансыз қабылдайды.

Дәрігер Саид Бекіровтің қан құю станциясының зертханасында жұмыс істеген кезі. Алматы, 1970-жылдар.

Дәрігер Саид Бекіровтің қан құю станциясының зертханасында жұмыс істеген кезі. Алматы, 1970-жылдар.

Университеттің жоғарғы курстарында оқып жүрген Қырымнан депортацияланған бірнеше студент өздерінен кіші жерлестерін қамқорлыққа алады. 1956 жылы студенттік жатаханада радио қабылдағышқа жабысып алып депортацияға ұшыраған халықтарды ақтау туралы Хрущевтің сөздерін бірге тыңдағаны Саид Бекіровтің әлі есінде. Бірақ жігіттердің үміті ақталмай, КПСС орталық комитетінің бірінші хатшысы Қырым татарлары жайлы ештеңе демеді. Кейін жастар реабилитацияны талап етті. Ол шараға Саид Бекіров те қатысады. Бірақ ол баласынан айырылып қалудан қорқып «құдай үшін саясатқа араласпашы» деген анасының өтінішін тыңдаған.

​Университеттегі оқуын жұмыспен ұштастыруға тура келген. Алғашқы кезде балабақшада қарауыл болып, ал жоғары курстарда вакцина және сарысу (сыворотка) институтының зертханасында істеген. Көп жыл бойы иммуноглобулин мен қан препараттарын жасаумен айналысқан ол талай алғыс алған.

Эпидемиология институтында да, қан құю орталығында да қызмет істеген жылдары Саид Бекіров өзінің КГБ-ның қырағы бақылауында жүргенін сезген.

Саид Бекіровтің (алдыңғы қатарда) шетелдік маман қызыққан костюмі. Алматы, 1968 жыл

Саид Бекіровтің (алдыңғы қатарда) шетелдік маман қызыққан костюмі. Алматы, 1968 жыл

Ол 1968 жылы өткен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының конференциясын еске алады. Алматы қаласына «капиталистік елдерден» дәрігерлер келген. Саид Бекіров шетелдік қонақтармен бірнеше кездесу өткізген. Осындай кездесулердің бірінде «хаттамадан тыс» сұраққа жауап беруіне тура келген. Испаниядан келген дәрігер советтік әріптесінің «мынадай жақсы костюмді» қайдан сатып алғанын білгісі келген.

- Үстімдегі фин костюмін арзандатылған дүкеннен сатып алғанмын. Оны көп жыл кидім, ал кейін оның өңін айналдырып тігуге бергенмін. Қазіргі заман жастары мұны түсінбеуі мүмкін, бірақ ол кезде біз тысын аударып қайта тігу үшін өңін жоғалтқан костюмді ательеге өткізетінбіз. Әр сөзің тыңдалатын институтта шетелдік адамға мұны айтсам, КГБ тергеуге алар еді. Сондықтан сақтық жасап, «костюмді кәдімгі дүкеннен сатып алдым» дедім. Бұған испандық дәрігер таң қалды, - дейді Бекіров.

​1973 жылы Мәскеудегі вакцина және сарысу институты Бекіровқа ұсыныс жасап, Саид Бекіровке берілген Қазақ эпидемиология және микробиология институтының грамоталары. Алматы, 22 мамыр 2014 жыл.

Саид Бекіровке берілген Қазақ эпидемиология және микробиология институтының грамоталары. Алматы, 22 мамыр 2014 жыл.

«Моңғолияға іссапармен барасың, құжаттарыңды дайында» дейді. Бірақ соңғы сәтте жібермей қояды. 1984 жылы Гаванаға баруға жиналғанда да осындай жағдай болады. Арада бірнеше жыл өткенде денсаулық сақтау министрлігінің кадрлар бөлімінің бұрынғы қызметкер әйелінен «Қырымнан екі рет жер аударылған әкесіне бола КГБ кандидатурасын өткізбей қойғанын» естиді.



«ҚЫРЫМДЫ ТАҒЫ ОККУПАЦИЯЛАДЫ»

Зейнет демалысына шыққан соң Саид Бекіров Алматыдағы пәтерін сатып, Симферополь қаласына көшеді. Қырым түбегінде 9 жыл тұрған соң Алматыға қайтып оралған. Ол «Қазақстанда анам мен әпкем жерленген, олардың зиратын тастап кеткім келмейді» дейді.

Ол қазір Қырымдағы жағдайға алаңдайды. Ол Мәскеудің Қырымды бөліп алғанын айыптап, Меджлис пен оның жетекшілерін қолдайды.

- Жемилевті туған жеріне кіргізбей қойды. Бұлары қалай? Бақшасарай қаласында оның үйі, отбасы бар. Бұған қатты ашуым келді. Бәрі кері кетіп, Қырым татарлары 1944 жылғы депортация құрбандарын еске алып тұр. Қырым, Симферополь, 18 мамыр 2014 жыл.

Қырым татарлары 1944 жылғы депортация құрбандарын еске алып тұр. Қырым, Симферополь, 18 мамыр 2014 жыл.

басымызға нәубет түсті. Бірақ СССР үкіметі жеті рет түрмеге қамаса да Мұстафа Жемилевтің сағын сындыра алмаған. Путин де сындыра алмайды, - дейді ол.

Саид ақсақал баспасөзде жарияланып жатқан Қырым тақырыбына арналған материалдарды қалт жібермейді. Қырымды Ресейге қосу туралы даулы референдум түріндегі «Қырымның өз еркін білдіруіне» Қазақстан билігінің «түсіністік» танытуына қалай қарайсыз?» деген сұраққа ол «Үлкен саясат ешқашан әділ әрі дәйекті болған емес» деп жауап берді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG