Accessibility links

Депортацияны еске алған Қырым татарлары саясатты қозғамайды


18 мамыр 1944 жылғы Қырым татарлары депортациясы құрбандарын еске алу жиынына қатысушылар. Алматы, 18 мамыр 2014 жыл.

18 мамыр 1944 жылғы Қырым татарлары депортациясы құрбандарын еске алу жиынына қатысушылар. Алматы, 18 мамыр 2014 жыл.

Алматыда тұратын Қырым татарлары 1944 жылғы депортация құрбандарын еске алды. Қырымдағы жағдайға «жүректері ауыратынын» айтқан диаспора өкілдері оған саяси баға беруден қашқақтайды.


Бір түнде «теплушкаларға» (ішінде пеші бар жүк таситын вагон) тиеліп, белгісіз жаққа жер аударылып кете барған Қарабай қыстағының әйелдері, бала-шағасы мен қарттарынан аман қалғандар аз. Ата-бабалары бастан кешкен депортация сұмдықтары туралы айтқанда 19 жастағы Рүстем Оразовтың дауысы дірілдеп, толқып кетеді.

Ол ата-бабасының 1944 жылдың 18 мамырындағы қасіреті пен жат жердегі тауқымет тағдыры туралы атамекенінен жер аударылып, өлім аузынан әрең қалған әжелері Севье мен Селименің әңгімелері арқылы біледі.

– Бәрін мал таситын поезға тиеп әкеткен, ал Севье әжем жол-жөнекей сүзекпен ауырған. Қайтыс болғандарды жерлеуге де үлгермей, амалсыз вагоннан лақтырып отырғанын бәрі біледі. Әжем сол жолы ажал аузынан қалған екен. Бүкіл отбасымен жер аударылған Оралда ағаш құлататын жерде 10 жасынан істеген. Ішер асқа жарымай, саңырауқұлақты талғажау еткен. Оның жеуге жарамдыларын айыра алмай уланып қала жаздаған. Күніне алты адамға бір «Ватандаш» Қырым татарлары мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі жастар қанатының белсендісі Рүстем Оразов Қырым татарларының туын ұстап тұр. Алматы, 1 мамыр 2011 жыл.

«Ватандаш» Қырым татарлары мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі жастар қанатының белсендісі Рүстем Оразов Қырым татарларының туын ұстап тұр. Алматы, 1 мамыр 2011 жыл.

бөлке нан мен бір литр су ғана берген. Әжемнің әңгімесін естігенде жүрегім қатты ауырды, - дейді Рүстем.

Жас жігіт «Әжелерім өздерінің қиын өмірі, шығуға тыйым салынған арнайы қоныстағы ауыр тұрмысы, адам төзгісіз жұмыс туралы алты сағат бойы әңгімеледі. Әкелері совет армиясында қызмет еткенімен, екеуін «опасыздар» деп атаған. Әңгімесінің арасында екеуі жасқа булығып отырып қалатын» деп еске алады.

ЕСКЕ АЛУ КІТАБЫ

Тағдырдың жазуымен Алматы қаласына тап болған өз әулеті мен халқының тарихынан қазір көп хабардар ол мақтанышпен «Мен – Қырым татарымын, Қазақстан патриотымын» дейді. IT мамандығында оқитын студент, Қырым татарларының «Ватандаш» этномәдени бірлестігінің белсендісі үкіметтік емес ұйымның жұмысына ықыласпен араласып, барлық іс-шараларына қатысады.

Бірақ халықтың өз ұлттығын тану жолы оңай болған жоқ.

– Мектепте «ұлтың кім?» деп сұрағанда, «татармын» деп жауап беретінмін. Анам «жоқ, сен Қырым татарысың» дейтін. Кейін тарихы мен мәдениетін оқып, зерттей бастадым. Атам мен әжем Қырым татарларының кофе қайнату дәстүрі мен оны шыныаяққа құйып ұсыну дәстүрін көрсетті. Бала кезімнен «сенің отаның – Қырым, мұны ұмытпа» деп жиі айтатын.

Бірақ ол Қырымның қасіретті тарихы – «отанын сатқан опасыздар», «нацистермен ауыз жаласқан» деген айыппен тұтас бір халықты күшпен депортациялаудың анық-қанығын мектепті бітіріп, есейген шағында білген. Алматыда тұратын Қырым татарлары жоспарлаған еске алу кітабына арналған қажетті деректерді жинау үшін туыстарынан сұрастыра бастаған.
«Ватандаш» Қырым татарлары мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі жастар қанатының белсенділері ақсақалдарға ұлттық тақия тапсырып жатыр. Алматы, 18 мамыр 2014 жыл.

«Ватандаш» Қырым татарлары мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі жастар қанатының белсенділері ақсақалдарға ұлттық тақия тапсырып жатыр. Алматы, 18 мамыр 2014 жыл.

«Ватандаш» бірлестігінің тағы бір белсендісі Лилия Алимованың айтуынша, толық естеліктер жинағын шығару өте қиын.

– Депортацияға қатысты жайттар көп жылдар бойы ашық айтылмады. Мұндай сөздер билікті сынау деп есептелетін болғандықтан, адамдардың көбі қудалаудан, лагерьге айдалудан, балаларының университетке түсуіне немесе жұмыс істеуіне кедергі болады деп қорықты, - дейді Лилия Алимова.

Ол замандағы оқиғалардың көзі тірі куәгерлері жыл өткен сайын азайып барады. Көзі тірілерінің көбіне естеліктерімен бөлісу ауыр, ал кейбірінің бойында әлі күнге дейін қорқыныш қалған. Қырымнан жер аударылған татарлардың көбі құжаттары мен фотосуреттерін алуға шамасы келмеген, сондықтан деректерге қатысты қиындықтар туып отыр.

САЯСАТТАН АДА

Алматыда тұратын Қырым татарлары 18 мамыр – аза тұту күні үлкен жиналыстар өткізіп, шеру-митингіге шықпайды. Саны шектеулі диаспораның (түрлі дерек бойынша, Қазақстанда 1500 – 2000 жуық Қырым татары тұрады) жүзге жуық өкілі депортация құрбандарын еске түсіру үшін дәстүр бойынша жабық ғимараттарға жиналады. Бұл акция «Унутма» (Ұмытпа) деп аталады. Ақсақалды қарттар мен өрімдей жас балалар тарихты еске алады, ал депортация куәгерлері мәдени ошақтары мен кітапханаларынан айырылған, шығармашылық элитасының көбінің көзі жойылған, тілі мен салт-дәстүрлерін жоғалтып ала жаздаған Қырым татарларының басына түскен тауқымет туралы әңгімелейді.

Еске алу акциясы кезінде Қырымдағы қазіргі саяси жағдай талқыланбайды. «Ватандаш» орталығы жетекшісінің орынбасары Үрие Курташированың айтуынша, Қазақстанда тұратын Қырым татарлары Меджлис мен оның жетекшілерін қолдайды, бірақ қоғамдық бірлестіктің саяси мәлімдеме жасауға құзыры жоқ.

Акция Қырым татарларының АТР телеарнасы түсірген «Қайтарма» фильмін 18 мамыр 1944 жылғы Қырым татарлары депортациясы құрбандарын еске алу жиыны. Алматы, 18 мамыр 2014 жыл.

18 мамыр 1944 жылғы Қырым татарлары депортациясы құрбандарын еске алу жиыны. Алматы, 18 мамыр 2014 жыл.

көрсетумен аяқталды. Совет одағының екі мәрте батыры, ұшқыш Аметхан Сұлтанның өміріне арналған фильм кезінде дауға қалып, саяси жанжалға себеп болған. Былтыр фильм премьерасынан кейін Ресейдің Қырымдағы бас консулы түбектен кетіп қалған еді. 1944 жылдың мамырында қысқа демалысқа үйіне келген ұшқыш жігіт өз халқының депортацияға ұшырауының куәсі болады.

Фильмнен кейін жұрттың көбі залдан көздері жасқа толып шықты.

Қаралы іс-шарадан кейін Рүстем Оразов пен «Ватандаш» ұйымы белсенділері «Қырымдағы жағдайды туған-туыстарымызбен мұқият бақылап отырмыз, түбекте тұратын туысқандарымызға жанымыз ашиды» дейді. Жас жігіттер отанына баруға тыйым салынған Қырым татарларының жетекшісі Мұстафа Жемилевтің тағдырына алаңдайды. Белсенділердің кейбірі Ресей ақпарат құралдарындағы «Қырым біздікі» деген есірік ұранды жақтырмайтынын жасырмайды. Наурыз айында Қырымда болған жағдайды олар «өз еркімен қосылу емес, ашық аннексия» деп бағалайды.

– Мұның бәрі жанымызға қатты батады. Саяси проблема болғандықтан, бұған қатысты комментарий айтқымыз келмейді, - дейді «Ватандаш» белсенділері Азаттық тілшісіне.

Алматыдағы Қырым татарларының еске алу шарасынан видео:

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG