Accessibility links

Аза күні мемлекеттік ту төмен түсірілді


Алматы қалалық әкімдігі төбесіндегі төмен түсірілген ту. 5 маусым, 2012 жыл.

Алматы қалалық әкімдігі төбесіндегі төмен түсірілген ту. 5 маусым, 2012 жыл.

Маусымның 5-і Қазақстанда ұлттық аза күні ретінде жарияланып, мемлекеттік мекемелер төбесіндегі тулар төмен түсірілді. Мемлекеттік теле-радиоарналарда көңілашар бағдарламалар тоқтатылғанымен, мемлекеттік емес жергілікті радиолар бұрынғы тәртіппен жұмыс істеп жатыр.

Мамырдың соңында "Арқанкерген" шекара постында қаза тапқан шекарашылардың құрметіне жарияланған ұлттық аза тұту күнінде мемлекеттік мекемелердегі тулар төмен түсірілді.

Мемлекеттік телеарналарда көңілашар бағдарламалар мен жарнамалардың 6 маусымға дейін көрсетілмейтіні хабарланды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 30 мамыр күні "Шығыс" аймақтық шекара қызметі Үшарал отрядының "Сары бөктер" заставасында 12 шекарашының, бір қорықшының мәйіті табылғанын және заставадағы "Арқанкерген" посты өртенгенін хабарлаған еді. Бұл қазақ-қытай шекарасының маңы болатын.

1 маусымда 14 шекарашы мен бір қорықшы өлгені анықталды. ҰҚК із-түссіз жоғалған бір шекарашының мәйіті іздестіріліп жатқанын мәлім етті.

Қаза тапқан шекарашыларды аза тұту туралы 4 маусымда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өкім шығарған.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG