Accessibility links

Қазақстанда президент сайлауы өтті

Қазақстанда 26 сәуірде кезектен тыс президент сайлауы өтті. Азаттық сайлау барысы туралы тікелей желіде хабар таратты.


Наурызбай ауданындағы 515-сайлау учаскесі. Алматы, 26 сәуір 2015 жыл.

Наурызбай ауданындағы 515-сайлау учаскесі. Алматы, 26 сәуір 2015 жыл.

Summary

Қазақстан орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос елде 9741 сайлау учаскесі бар екенін хабарлады.

Ақмола облысында - 808, Ақтөбе облысында - 521, Алматы облысында - 883, Атырау облысында - 232, Шығыс Қазақстан облысында - 1079, Жамбыл облысында - 461, Батыс Қазақстан облысында - 520, Қарағанды облысында - 784, Қызылорда облысында - 345, Қостанай облысында - 847, Маңғыстау облысында - 177, Павлодар облысында - 576, Солтүстік Қазақстан облысында - 709, Оңтүстік Қазақстан облысында - 1029, Астана қаласында - 254, Алматы қаласында 513 сайлау учаскесі жұмыс істеген.

01:25 27.4.2015

#azattyqsailau Қазақстандық ақпарат агенттіктері мерзімінен бұрын өткен президент сайлауының экзит-полл нәтижесі бойынша қазіргі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 97,5 пайыз дауыс алғанын хабарлады. Сауалнаманы өткізген - билікшіл "Қазақстан азаматтық альянсы" ұйымы.

Ел аумағында сауалнама жүргізгендерін айтқан "Демократия институты" қауымдастығының директоры Юлия Кучинскаяның мәлімдеуінше, экзит-полл нәтижесіне қарағанда, президент сайлауына түскен кандидаттардың енді бірі Тұрғын Сыздықов - 1,87 пайыз, екіншісі Әбілғазы Құсайынов 0,63 пайыз дауыс жинаған.

Сайлаудың алдын-ала ресми қорытындысы дүйсенбі күні жарияланады.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев президент сайлауында дауыс беріп тұр. Астана, 26 сәуір 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев президент сайлауында дауыс беріп тұр. Астана, 26 сәуір 2015 жыл.

22:55 26.4.2015

#azattyqsailau Орталық сайлау комиссиясы сайлау учаскелеріндегі дауыс санау ісі 12 сағаттан аспауы керек екенін айтты.

22:22 26.4.2015

#azattyqsailau Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос сайлаушылардың сайлауға белсенді қатысқанын айтады.

22:15 26.4.2015

#azattyqsailau Мерзімінен бұрын өткен президент сайлауына сайлаушылардың қатысу үлесін бейнелейтін кесте.

Тағы

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG