Accessibility links

Долинкада бір тұтқын көз жұмды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қарағанды облысы Долинка кентіндегі түзету мекемесінде сотталған бір азамат көз жұмды. Құқық қорғаушылар оны «азаптап өлтірді» десе, колония басшылығы тұтқынның «ауыруы асқынып» қайтыс болғанын айтады.


Қарағандыдағы АК 159/11 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан Нұрлан Құлмырзаев қаза болды.

Құқық қорғаушы Вадим Курамшиннің сөзінше, Нұрлан Құлмырзаевты түрме қызметкерлері азаптап өлтірген, «оны адам төзгісіздей азаптаған.
Құқық қорғаушы Вадим Курамшин. Алматы, 19 шілде 2011 жыл.

демікпе ауыруына шалдыққан жігіттің ауызына скотч байлап қинаған».

Бірақ колония басшылығы бұл ақпараттың жалған екенін айтады.

– Біріншіден, оны ешкім өлтірген жоқ. Ол жүрек дертінен қайтыс болды. Оның үстіне туберкулезбен ауырған, – деді қыркүйектің 5-і күні Азаттыққа түсініктеме берген колония бастығы Дархан Қанатбеков.

Оның сөзінше, оқиға тамыздың 31-і күні болған. Ал өткен аптаның аяғында марқұмның туыстары келіп, «ешқандай арызымыз жоқ» деп, сүйегін алып кеткен.

– Қарағанды қаласында жасаған медициналық сараптама да сотталған азаматтың өз өлімімен көз жұмғандығын растады, – дейді колония басшысы Дархан Қанатбеков.

Алайда құқық қорғаушы Вадим Курамшин «сараптама марқұмның денесінде көгерген дақтар бар екендігін айтқан» деп отыр.

– Бірақ «ешқандай шу болмасын» деп, марқұмның ата-анасына қысым жасалып, Қарағандыдан тез арада кетіп қалуға кеңес берген, – дейді құқық қорғаушы Вадим Курамшин.

Колония басшысы Дархан Қанатбеков «сотталғандар қылмыстық-атқару жүйесінің ішкі істер министрлігіне ауысуына қатысты болмашы жағдайдан шу шығарып отыр» деген пікір айтады.

ЕКІ МИНИСТРЛІК АРАСЫНДАҒЫ «ҚАТЕ» ШЕШІМ

Әділет министрлігі қылмыстық атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) бұрынғы төрағасы Сұлтан Күсетов ішкі істер министрлігі департаментінің Павлодар облысы бойынша бастығы болып тағайындалды. Ол ҚАЖК
Сұлтан Күсетов - қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы кезінде. Астана, 12 шілде 2011 жыл.

басшысы болғанға дейін де үш жылдай ішкі істер министрлігі қылмыстық полиция комитетінің төрағасы болған еді.

Қазақстан президенті Назарбаевтың 26 шілде күні қылмыстық атқару жүйесін ішкі істер министрлігіне қайтару туралы қаулыға қол қойғаны ақпарат құралдарынан белгілі болған еді. Құқық қорғаушылар бұл шешімді тамызда ғана естігендерін, қаулының орындалуы «жылдам әрі жасырын болғанын» айтады.

1 қыркүйек күні парламенттің ашылу сессиясында сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев кезінде қылмыстық атқару жүйесін әділет министрлігіне өткізген шешімнің «қате болғанын» айтты.
XS
SM
MD
LG