Accessibility links

Алматыдағы борышкерлер наразылығы


Алматыдағы борышкерлер наразылығы

(2015 жылдың мамырынан бастап)

20 мамыр 2015 жыл. Борышкерлер​ «Банк ЦентрКредит» пен «Казкоммерцбанк» алдында «қарыздарын өтеуді тағы бірнеше жылға созуды және қарыз сомасы үстіндегі өсім мен айыппұлдық төлемдерді алып тастауды» талап етті.

16 маусым 2015 жыл. Борышкерлер Fortebank ғимаратының алдында қайта қаржыландыруға қатысты наразылық акциясын өткізді.

9 шілде 2015 жыл. Ипотекалық несиелерін қайта қаржыландыру туралы талаппен наразылық акциясын өткізген борышкерлердің кейбірін полиция ұстап әкетті.

23 қараша 2015 жыл. 30 шақты борышкер Ұлттық банк алдында наразылық акциясын өткізді.

12 қаңтар 2016 жыл. Борышкерлер "АТФ Банк" пен Fortebank алдына жиналып, наразылық шарасын өткізді.

20 қаңтар 2016 жыл. Ондаған борышкер "Казкоммерцбанктің" Әл-Фараби даңғылы мен Желтоқсан көшесі қиылысындағы бөлімшесі алдында наразылық шарасын өткізді.

26 қаңтар 2016 жыл. Ондаған борышкер "Халық банкі" басшылығымен кездесті.

2 ақпан 2016 жыл. Ондаған борышкер Kaspi Bank пен "Халық банкі" кеңселері алдына жиналып, наразылық білдірді.

XS
SM
MD
LG