Accessibility links

Теңгенің құнсыздануы еңбек мигранттарына да әсер етті


Қазақстанда жүрген еңбек мигранттары.

Қазақстанда жүрген еңбек мигранттары.

Қазақстандық валютаның құнсызданғаны басқа елдерге де әсер етіп жатыр. Отбасын асырау үшін Қазақстанға келген еңбек мигранттары да девальвациядан жапа шекті.

Мамнуна Бобокулованың Алматы шетіндегі үш бөлмелі жалдамалы пәтеріне жиналған туысқандары мен қонақтары тек бір тақырып төңірегінде әңгімелесті. Бәрі Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгенің девальвациясын талқылады. Мамнуна Бобокулова да, оның қонақтары да – Қазақстанда еңбек мигранты ретінде жұмыс істейтін тәжіктер.

«ҮЙІМЕ САЛАТЫН АҚША АЗАЙДЫ»

Қаржысын теңгемен сақтап келген басқа да адамдар сияқты мигранттар да ақпанның 11-індегі девальвация кесірінен қолдарындағы ақшаның 20 пайызға арзандағанын білді. Мамнуна Бобокулова өздері еңбек етіп жүрген елдегі экономикалық және саяси дағдарыстың салқыны бұларды айналып өтпейтінін тез түсінгенін айтады.

Ол Тәжікстанға ақша жіберген кезде девальвацияның отбасына тигізген зиянын анық сезеді. Себебі қаржылай аударым тек АҚШ долларымен жасалады. Мигрант жігіт. Алматы, 25 қыркүйек 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Мигрант жігіт. Алматы, 25 қыркүйек 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

«Кеше туысқандарыма 30 мың теңге жібердім. Бұрын ол 200 долларға тең еді, осы жолы небәрі 160 доллар болды. Бұл - біздің отбасылық бюджетке үлкен соққы. Қиналғаннан басқа амал жоқ» дейді Бобокулова.

Орташа жалақы мөлшері 120 доллардан аспайтын, жұмыспен қамту деңгейі төмен Тәжікстан үшін 40 доллар аз ақша емес. Мамнуна Бобокулова мен жұбайы Алматы базарында аяқ киім сатып, сол сомадан төрт-бес есе көп қаржы табады. Қазақстанда шамамен 80 мыңға жуық тәжік мигранты еңбек етеді, көбі сауда жасайды немесе құрылыс саласында жұмыс істейді.

Қазақстан – Орталық Азиядан келген еңбек мигранттарын көп қабылдайтын Ресейден кейінгі екінші ел. Экономикасы дамып келе жатқан, құрылыс орындары көп, салыстырмалы түрде саяси тұрғыда тұрақты мемлекет мигранттар үшін тартымды. Орталық Азияның басқа елдеріне географиялық жағынан жақын, мәдениеті, діні мен дәстүрі ұқсас екені де айтарлықтай әсер етеді. Ал өзбектер мен қырғыздар сөйлесуге де қиналмайды, олардың ана тілі сияқты қазақ тілі де түркі тілдер тобына жатады.

ҚАЗАҚСТАНДА ЕҢБЕК МИГРАНТЫ БОЛУ ТИІМДІ МЕ?

«Ресейдегі сияқты расистер шабуылдайды, полиция қысым көрсетеді деп қорықпайсың» дейді Алматыдағы такси жүргізушісі, тәжікстандық мигрант Сухроб Султанов. «Бұрын Ресейде еңбек етіп, қазір Қазақстанға ауысқан Қарағандылық еріктілер базардағы мигранттармен сөйлесіп жүр. (Көрнекі сурет)

Қарағандылық еріктілер базардағы мигранттармен сөйлесіп жүр. (Көрнекі сурет)

көптеген тәжік мигранттарын білемін. Ресеймен салыстырғанда бұнда табыс азырақ, бірақ бәрібір осы елге келдік. Құжаттарың дұрыс болса, заңнан ауытқымасаң болғаны, ешкім тиіспейді. Кейде мені полиция тоқтатады, құжаттарым дұрыс екенін көрген соң бірден жібереді» дейді ол.

Күдік оянса да, еңбек мигранттары теңге девальвациясынан кейін елден кете қоймайтын сияқты.

Мамнуна Бобокулованың айтуынша, азаматтығы барлардың артықшылығы дағдарыс кезінде байқалады. Мамандығын экономист, қазір аяқ киім сататын 32 жастағы әйел ұлттық валютасы құнсызданған қазақтардың наразылығын сырттай бақылады. Күтпеген девальвация әсерінен барлық тауарлар мен қызметтердің бағасы өсіп кетті, тұрғындар мен мигранттардың байбалам салғаннан басқаға шамалары келмеді. Көшеге шығып, наразылық таныту Мамнуна Бобокулова мен басқа да жүздеген мың мигранттарға қол емес. «Ел азаматтары мемлекет өтемақы төлер, тірек болар деп үміттенеді, тым құрыса наразы екенімізді білдірейік дейді. Ал мигранттар іштен тынуға мәжбүр. Біз ешқайда шағымдана алмаймыз».

Кешкі ас кезінде Мамнуна Бобокулова мен оның қонақтары девальвацияның нәтижесі туралы қорқынышты болжам жасаудан қашқақтады. Бірақ әйел базарда Теңгенің девальвацияға ұшыраған күнгі курсы. Алматы, 11 ақпан 2014 жыл.

Теңгенің девальвацияға ұшыраған күнгі курсы. Алматы, 11 ақпан 2014 жыл.

сауда жасайтын екі қонағының доллармен ірі көлемде қарызға ақша алғанын біледі. «Соңғы айларда жабдықтаушыға қарызын беру үшін бірнеше ай бойы ақша жинаған еді. Басқа қонақтарым жабдықтаушымен есептесу үшін Тәжікстандағы таныстарынан қарыз алды. Бір күннің ішінде қаржылық мүмкіндігіміз өзгеріп шыға келді» дейді ол.

Мамнуна Бобокулованың Тәжікстандағы туысы Шанбоз Бобокулов теңгенің бағамы өзгергенін бақылап, абыржып жүр. Ол ата-анасы мен бауырларына алаңдамайды, Алматыдан келген ақша олардың күнкөрісіне жетеді.

Солтүстік Соғды провинциясындағы мектеп мұғалімі бес адамнан құралған өз отбасын асырауды ойлайды. Енді жүгін жинап, ата-анасына көмектесу үшін еңбек мигранты болмақ. Әлі нақты шешім қабылдаған жоқ, бірақ алдымен Қазақстанға барып көрмек. «Девальвация туралы естігенде мазам кетті. Теледидар мен интернеттен оған қатысты жаңалықты қарап отырдым. Бірақ Қазақстанға барып, жағдайды өз көзіммен көрейін. Содан кейін шешім қабылдаймын» дейді ол.

Фарангиз Наджибулланың мақаласын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG