Accessibility links

Қазақ әншісі "Славян базарының" бас жүлдесін иеленді


Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Витебскдегі "Славян базары" байқауында. (Сурет конкурстың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды)

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Витебскдегі "Славян базары" байқауында. (Сурет конкурстың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды)

Қазақстандық жас әнші Димаш Құдайберген "Славян базары" фестивалінде "Гран при" жүлдесін жеңді. 10 жастағы Луиза Қуатова да балалар байқауының "Гран-приін" иеленді.

Ақтөбелік әнші, қазір Астанадағы өнер академиясында оқитын Димаш Құдайберген Беларусьтің Витебск қаласында өткен аталған байқаудың бірінші күні орыс тіліндегі "Опять метель" әнін орындап, қазылар тарапынан 89 ұпай алды. Әзербайжан, Беларусь, Бразилия, Ұлыбритания, Ресей, Швециядан келген қазылар 10 ұпайдан берсе, латвиялық қазы тоғыз ұпай қойған. Димаш Құдайбергеннің орындауынан кейін концерт залына жиналған көрермендер ұзақ қошемет көрсетіп тұрды.

Қазақ әншісі екінші күні Sos dun terrien әнін орындап, бұл орындауға қазылар 86 ұпай берді. Димаш Құдайберген екі күннің қорытындысы бойынша 175 ұпай иеленді. Екінші орынды беларусь әншісі Валерия Грибусова (171), үшінші орынды болгариялық Николай Манолов (163) алды.

Димаш Құдайберген конкурс жеңімпазы ретінде бес мың доллар сыйақы мен "Алтын лира" статуэткасын иеленді.

Луиза Нұрқуатова "Витебск-2015" халықаралық балалар музыка байқауының жеңімпазы (Сурет конкурстың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды)

Луиза Нұрқуатова "Витебск-2015" халықаралық балалар музыка байқауының жеңімпазы (Сурет конкурстың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды)

Сондай-ақ ақтаулық 10 жастағы Луиза Нұрқуатова фестиваль аясында өткен "Витебск-2015" халықаралық балалар музыка байқауының "Гран-при" жүлдесін жеңіп алды.

Конкурсқа Әзербайжан, Армения, Болгария, Италия, Куба, Қазақстан, Мексика, Польша, Ресей, Литва, Македония, Польша, Сербия, Чехия, Эстония, Украина және Румыниядан барлығы 15 жас орындаушы қатысты.

Қазақстан осыған дейін "Славян базары" байқауының бас жүлдесін алмаған. 2010 жылы Динара Сұлтан - үшінші, 2011 жылы Дария Ғабулл - алтыншы, 2012 жылы Әлішер Каримов - үшінші, 2013 жылы Бердібек Құлғараев - жетінші, 2014 жылы Мархаба Сабиева үшінші орын алған.

Ал биылғы конкурстың жеңімпазы Димаш Құдайберген 2012 жылы "Шығыс базары", 2013 жылы "Мейкин Азия" байқауында бас жүлде алған. 212 жылы қазақстандық "Жас қанат" байқауында жеңіске жеткен.

«Славян базары» халықаралық өнер фестивалі 1992 жылдан бері өтеді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG