Accessibility links

Қонаев «Брежнев дәуірімен жылап көрісер кез келерін» ескерткен


Леонид Брежнев пен Дінмұхамед Қонаев. Алматы.

Леонид Брежнев пен Дінмұхамед Қонаев. Алматы.

1986 жылы Қазақстан компартиясының бірінші хатшысы қызметінен босатылған Дінмұхамед Қонаев өз кезеңіне де, тәуелсіз Қазақстандағы саяси жүйенің алғашқы белгілеріне де баға беріп кетті.

1960 жылы Совет Одағының сол кездегі үлкен мерекелерінің бірі – «Халықаралық еңбекшілер күні» – 1 мамырда әскерде жүрген бір топ комсомолдың СССР басшысы Никита Хрущевқа жазған хаты Мәскеуден шығатын «Комсомольская правда» газетінде жарық көрді.

«Комсомол жастардың трактор бригадасын құрдық. Енді бізді ең қиын жерге жұмысқа салуыңызды сұраймыз» дейді хат иелері.

Осы хаттың соңында «комсомолдардың патриоттық тілегіне қолдау білдірген» Хрущевтің жауабы да жарияланған. «Қазақстан, Сібір мен Алтай сіздерді күтіп тұр» дейді ол.

Газеттің бас бағанасында тізілген соңғы хаттың авторы – Қазақстан компартиясының бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаев.

«Жауынгер жолдастар, бізге, Қазақстанның тың жерлеріне келіңіздер. Бұл жер сіздерді өз ағайын-туысындай қарсы алады. Бізге жақсы механизаторлар, сіздер секілді батыл жастар керек. Бақыттарыңызды осы жерден табасыздар» дейді Қонаев «Приезжайте к нам в Казахстан!» дейтін хатында.

«ЕКІ МӘРТЕ ҚАЙТАЛАНҒАН ЖЕЛТОҚСАН»

Дінмұхамед Қонаев 1962 жылы 16 желтоқсанда Мәскеуде КПСС Орталық комитеті төралқасынан шығарылып, 10 күннен кейін қызметінен алынды.

Ал 1964 жылы Никита Хрущев СССР бас хатшылығынан кетіп, Леонид Брежнев Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақтан санағанда екінші) пен Дінмұхамед Қонаев (сол жақтан санағанда үшінші) Шымкентке сапары кезінде.

Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақтан санағанда екінші) пен Дінмұхамед Қонаев (сол жақтан санағанда үшінші) Шымкентке сапары кезінде.

сайланған соң Қонаев Қазақстан басшылығына қайта оралды. Қонаев 22 жылдан соң, яғни 1986 жылы 16 желтоқсанда қызметінен босатылды.

Қонаев туралы естелік жазғандар оның қызметінен алынуы уақыт жағынан ғана емес, советтік бюрократияның моральдық келбеті жөнінен де ұқсас болғанын айтады.

Соның бірі Олжас Сүлейменов «Екі мәрте қайталанған желтоқсан» атты мақаласында Қонаевтың әуелгі жолы КПСС орталық комитеті (ОК) саяси бюросының мүшелігінен шығарылғанын былай суреттейді:
Қонаев директор ложасында жападан жалғыз отыр екен. Қасында жан адам жоқ.

«Қазақ ССР-інің Мәскеудегі мәдениет күндері өтіп жатқан. 1962 жылы 16 желтоқсанда сахнаға шығып, Қазақстан мен Ресейдің тарихи достығы туралы өлеңімді оқып тұрмын. Бір көзім сахнаның сол қанатындағы үкімет ложасына келіп жатқан КПСС Орталық комитеті төралқасының (саяси бюро) мүшелерінде. Хрущев, Суслов, Буденный, Ворошилов, Микоян, т.б. отыр. Орталарында Қонаев жоқ. Қонаев директор ложасында жападан жалғыз отыр екен. Қасында жан адам жоқ. Өлеңнің соңғы жолдармен бірге сахна пердесі де ашыла берді. Үкімет ложасы қол шапалақтап жатыр. Директор ложасында қол соғып Қонаев тұр, ол аса көңілді көріне қоймады».

Олжас Сүлейменовтің айтуына қарағанда, Қонаевтың жалғыз отыруына сол күні КПСС ОК төралқа мүшелігінен шығарылуы себеп болған.

«Қонаев қызметінен алынғаннан кейін «қонаевшылдық» талқандалды. ...Бір кезде Қонаевтың алдында мәймөңкелеген жасамыстау бір роман жазғыш «ерсі Нұрсұлтан Назарбаев (алдынғы қатарда ортада) және басқа қызметкерлер Дінмұхамед Қонаевпен бірге. (Сурет Ануар Шотбайдың Facebook парағынан алынды).

Нұрсұлтан Назарбаев (алдынғы қатарда ортада) және басқа қызметкерлер Дінмұхамед Қонаевпен бірге. (Сурет Ануар Шотбайдың Facebook парағынан алынды).

болады-ау» деп қысылмай, енді жаңа басшының көзіне түсіп қалмақ болып, бұрынғы басшыны іске алғысыз етіп жамандағанын көрдім» деп жазады мақала авторы.

Олжас Сүлейменов Қонаевтың басынан өткен бұл кеп 1986 жылы тағы да солай қайталанғанын айтады:

«1986 жылы Қазақстан коммунистік партиясы ОК наурыз пленумында жұрттың көз алдында бюро мүшесінің бірі әнші құстай сайрады. Қатардағы пленумға қатысушы ретінде залда саяси бюро мүшесі Қонаев отырды. Бірақ оның айналасындағы орындардың барлығы да қаңырап бос тұрды. Және бір-бірден болса ештеңе емес қой, екі-үштен бос тұрды. Тіпті, жұқпалы ауруға ұшыраған адамнан қашқандай, айналасы тып-типыл».

«ҮЛКЕН АДАМДАРДЫҢ КІШКЕНТАЙ МІНІ...»

Алматыдағы ұлттық кітапхананың электронды каталогында Қонаев туралы қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген 3 мыңға жуық мақалалар мен түрлі дерек көздердің басым көпшілігі – естеліктер (оның көпшілігі соңғы он шақты жылда жазылған).

1985-1993 жылдар арасындағы «тоқырау заманы мен жеке басқа табыну дәстүрінің өкілі Қонаев туралы» сын мақалаларды есептемегенде, кейінгі материалдардың Қазақстанның қазіргі президенті Нұрсұлтан Назарбаев және басқа қызметкерлер Дінмұхамед Қонаевпен бірге.

Қазақстанның қазіргі президенті Нұрсұлтан Назарбаев және басқа қызметкерлер Дінмұхамед Қонаевпен бірге.

дені «Қазақстанды ширек ғасыр басқарған Қонаев» тұлғасын тек қана позитивті қырынан сипаттайды.

Соның ішінде Қонаевпен ұзақ жылдар қызметтес болған Михаил Есенәлиевтің 1997 жылы қаңтар айында «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған «Ұлылық пен әлсіздік» дейтін мақаласында «үлкен адамдардың кішкентай міні» де болатынын айта кетеді.

«Димаш Ахметұлы өзге қайраткерлер ортасында – мейлі, олар ғалым, әдебиет өкілдері болсын, мейлі, мемлекет және қоғамдық қызметтегі жолдастары болсын – олардың беделі мен танымалдығына аса қызғанышпен қарайтын. ...Әсіресе өз бетінше ойлай білетін, жағымпаздық дегенді білмейтін тұлғаларға қатысты объективті қараудан гөрі жеке басының мүддесі жоғарырақ тұратын қасиет байқалатын» деп жазады Есенәлиев.

Автордың жазуынша, Қаныш Сәтбаев, Шафық Шөкин, Шахмардан Есенов, Евней Бөкетов, Жұмабек Тәшенов және тағы да басқа бірнеше белгілі тұлға Қонаев тарапынан қысым көрген.
Қаныш Сәтбаев туралы «Қазақфильмде» жасаған фильмді республика басшылығы бір көргеннен-ақ «Сәтбаевқа табынуды насихаттаушылық бар» деген желеумен жарамсыз деп тапты.

«Қаныш Сәтбаев туралы «Қазақфильмде» жасаған фильмді республика басшылығы бір көргеннен-ақ «Сәтбаевқа табынуды насихаттаушылық бар» деген желеумен жарамсыз деп тапты. Тап осындай себеппен оның Мәскеуде орыс тілінде «ЖЗЛ» сериясымен жарық көргеніне қарамастан, Медеу Сәрсекеевтің «Қаныш Сәтбаев» дейтін кітабын қазақ тілінде жариялауға тыйым салды» деп жазады мақала авторы.

Ал Қонаев тұсында «Қазақфильмге» басшылық еткен Олжас Сүлейменовтің жоғарыда аталған естелігінде Қонаевтың өзін артық насихаттағанды қаламайтыны былайша баяндалады:

«Әр ай сайын студия «Советский Казахстан» хроникасын таратып, экранға шығар алдында міндетті түрде ОК-нің бақылауынан өтіп отыратын. Бірде Қонаев өзі телефон шалды:

– Мына хабарда мені екі рет көрсетті. Қысқартыңдар. Бір рет көрсетсе де жетеді.

– Зауыттың ашылуында сіз болдыңыз ғой. Сайлаушылардың алдында сіз сөз сөйледіңіз. Қалай қысқартамыз?!

– Сайлаушыларды қалдырыңдар. Ал зауыт туралы келесі хабарда берерсіңдер. Газетке жазды ғой. Сол да жетеді».

«ӘКІМШІЛДІК-ӘМІРШІЛДІК ЖҮЙЕНІҢ ҚОРҒАУШЫСЫ»

1986 жылы басталған «Қонаев пен оның жандайшаптарын» әшкерелеу науқаны бірнеше жылға жалғасты. Мәскеудің нұсқауы бойынша оны әуелі өз айналасында жүрген серіктері, яғни жекелеген обком хатшылары, Орталық комитет мүшелері, Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақтан санағанда екінші) Дінмұхамед Қонаевпен бірге. (Сурет Ануар Шотбайдың Facebook парағынан алынды).

Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақтан санағанда екінші) Дінмұхамед Қонаевпен бірге. (Сурет Ануар Шотбайдың Facebook парағынан алынды).

республикалық ведомство мүшелері бастап берді. Оған бірқатар қазақ жазушылары қосылды.

Қазақ ССР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Желтоқсан оқиғасын тексеру үшін құрылған комиссияға 1990 жылы жазған хатында Дінмұхамед Қонаевқа мынандай баға берді:

«Қонаевтың шын бет-бейнесі КПСС Орталық комитетінің маусым пленумында (1987 жыл) көрінді. Осы пленумда жабық дауыс беру арқылы атқарған жұмысындағы елеулі кемшіліктері үшін КПСС орталық комитеті мен Саяси бюро мүшелігінен шығарылды. Ол мұнда да өз қателігін мойындамады. Трибунаға шығып алып, өзгелерді жамандап, қашан тоқтатқанша өзін-өзі мақтай берді. Қонаев өзінің ең соңғы жұмыс күніне дейін әкімшілдік-әміршілдік жүйенің қорғаушысы болды. Брежнев қандай болса, Қазақстанда Қонаев та дәл сондай тоқыраудың заманының белгісі еді».

«КЕЙ ТҰСТА ПЕНДЕЛІГІМ БАСЫП КЕТКЕН ШЫҒАР...»

Ақын Мұхтар Шаханов «Желтоқсан эпопеясы» кітабында Брежнев заманындағы жеке басқа табыну мен жағымпаздық жөнінде Дінмұхамед Қонаевтың өзінен сұрағанын баяндайды.

«Брежневтің Киевте Украина Республикасына «Халықтар Достығы» орденін тапсыру салтанатында сөйлеген сөзіне жиналған халық 35 рет қол шапалақтап, зор құрмет көрсеткен екен. Сол жылы, 1974 жылдың 15 наурызында Брежневтің Алматыға келіп, тың және тыңайған жерлерді игерудің 20 жылдығына арналған мәжілісте Брежневке украиндықтар көрсеткен құрмет «қазақстандықтар махаббатының тасасында» қалды. Осыны Қонаевтың өзінен сұрадым» деп жазады Мұхтар Шаханов.

Мұхтар Шахановтыңтың жазуынша, Қонаев оның бұл сұрағына былайша жауап берген:

«Егер ел басшысы айналасындағылардың мадақ пен мақтауына сәл-пәл ықылас танытса болды, оны биліктің жоғарғы және төменгі сатысындағыдар бірден сезе қояды. Қара жер хабар бермесін, Брежнев осы мәселеде осалдық танытты. Билік Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) Дінмұхамед Қонаевпен бірге. (Сурет Ануар Шотбайдың Facebook парағынан алынды).

Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) Дінмұхамед Қонаевпен бірге. (Сурет Ануар Шотбайдың Facebook парағынан алынды).

басындағылар оның бұл осалдығын өзінше пайдалана бастады. Біз де қарап қалмадық. Нәтиже жаман болды ма? Брежнев Қазақстаннан ештеңе аяған жоқ. Сұрағанымызды түгел берді... Ал енді менің төңірегімдегі культке келетін болсақ, КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі ретінде өзге мүшелермен қатар Кеңестер Одағының барлық республика, облыс, қала орталықтарында менің де суретім ілулі тұрды. Ал Қазақстанда жеке суреттерімді кейбіреулер маған жағымпазданудың құралы еткен де шығар. Бірақ мен бірнеше дүркін облыс басшыларына бұл туралы ескерту жасадым... Бәлкім, кей тұста пенделігім басып кеткен шығар... Мойындаймын».

Сондай-ақ Қонаев Шахановпен әңгімесінде өз кезеңіне ғана баға бермей, Қазақстанның келешек саяси жүйесінің алғашқы белгілеріне де тоқталып өтеді.
Қазір елді бір-ақ адам басқарады. Енді 10-15 жылдан кейін көрерсіздер... Сол кезде Брежнев дәуірімен жылап көрісулеріңіз ғажап емес.

«Жағымпаздық Брежнев дәуірімен бітті деп ойламайтын шығарсыз. Қазір елімізде президенттік басқару жүйесі іске кірісті. Біздің кезімізде партия басшылығында бюро мүшелері және әр саланың өз хатшылары бар еді. Көбінде формальді түрде болса да ой-пікірлер айтылып тұратын. Қазір елді бір-ақ адам басқарады. Енді 10-15 жылдан кейін көрерсіздер... Менің осы сөзімді есте ұстауға тырысыңыз. Сол кезде Брежнев дәуірімен жылап көрісулеріңіз ғажап емес...» дейді Дінмұхамед Қонаев.

1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың орнынан алынуы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасына ұласты. Бұл Совет одағындағы алғашқы ірі қарсылық оқиғасы болды.

Дінмұхамед Қонаев «жақсылығыңызды екі дүниеде ұмытпаймын» деген адамдардың пікірі бір сәтте қалай өзгергенін де, халықтың өзіне қандай баға бергенін де көзі тірісінде көріп кетті.
  • 16x9 Image

    Асылхан МАМАШҰЛЫ

    1973 жылы 22 сәуірде дүниеге келген. 1994 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда пединститутын бітірген. 1997-2000 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасында оқыған. "Қазақ энциклопедиясы" баспасында (2001-2007), республикалық "Ана тілі" газетінде (2007-2009) , "ABDI-press" орталығында (2009-2010) жұмыс істеген. 2011 жылдан Азаттық радиосының тілшісі.

    Тарихи, саяси мәселелер тақырыбында жазады, белгілі тұлғалардың саяси портреттерін жасайды. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG