Accessibility links

Бизнес-леди Айгүл Түнғатарова тиын-тебен табу қамы үшін бір кездері далада да түнеген дегенге қазір сену қиын. Тігін шеберханасының иесі өміріндегі мұндай қиын сәттерді мақтан етпегенімен, жұрттан жасырмайды.

Өскемен қаласының тұрғыны, екінші топтағы мүгедек Айгүл Түнғатарованың азық-түлік дүкені мен тігін цехында мүмкіндігі шектеулі жандар жұмыс істейді.

Айгүл өз кәсібін базарда сүт, қаймақ сатудан бастапты. Қиын-қыстау заманда қарапайым ауыл әйеліне қалада күнелту оңай болмай, далада түнеген кездері де болыпты. Кейін базардан 10 шаршы метр орынды жалға алып, сататын өнім түрін көбейткен соң, шаруасы да реттеле бастаған. Тіпті «бизнесін» кеңейтуге шамалы ақша іркудің де реті келген.

ДЕРТПЕН АРПАЛЫСҚАН ЖЕТІ ЖЫЛ

Жұрт қатарлы өмір сүрген Айгүлдің отбасында бастапқыда бәрі ойдағыдай болыпты. Күйеуінің қызметі өсіп, алғашқы ұлы дүниеге келді. Алайда келіншек 30-ға толған шағында аяқ асты ауыр дертке шалдығады. Дертінің диагнозын көпке дейін дәл тауып қоя алмаған дәрігерлер оны екі жыл бойы дұрыс Кәсіпкер Айгүл Түнғатарова. Жеке мұрағаттағы сурет.

Кәсіпкер Айгүл Түнғатарова. Жеке мұрағаттағы сурет.

емдемейді. 31 жасқа енді толған келіншектің қолы семіп, аяғын басудан қалады. Түпкілікті тексеріле келе, әйелдің миында ісік бары анықталады. Қаладағы өрт сөндіру бөлімшелерінің бірін басқарған майор шеніндегі күйеуі әйелі мен баласын күту үшін жұмысын тастапты. Ересек ұлдары ол кезде бір жарым жаста екен.

– Күйеуім дүкен немесе дәріханаға кеткенде еденде баламмен бірге еңбектеп жүретінмін. Шамам еңбектеуге ғана жететін, – дейді Айгүл Түнғатарова.

Ақыры Айгүл жеті жыл арпалысқан дерттің беті біртіндеп қайтады. Бірақ кезінде жабысқан кеселдің зардабынан Айгүлдің сол қолы әлі қимылсыз.

ЕЛ ҚАТАРЫНА ІЛІГУ

Екінші топ мүгедегі атанып, ел қатарына қосылған Айгүл Түнғатарова бұрыннан армандап жүрген тігін цехын ашу үшін ауданы 70 шаршы метр шаруашылық бөлмесін сатып алуға жарияланған тендерге қатысып, жеңіп шығады. Оған мүгедек ретінде тендерге қатысқан басқа кәсіпкерлердің алдында басымдық беріледі. Бірақ әбден тозығы жеткен ғимаратты жөндеу үшін қаржы іздеуге мәжбүр болады.

Ақыры Айгүл 100 шаршы метрлік ғимаратты сатып алуға банктен несие алып, оның 20 шаршы метрінен тәулік бойы жұмыс істейтін азық-түлік дүкенін ашады. Банктің несиесін мерзімінен бұрын қайтарып, сол кезде ашылған бизнесті дамытудың «Жол картасы – 2020» үкіметтік бағдарламасына қатысып, мемлекеттен тиімді шартпен үш миллион теңге қарыз ақша алады. Енді Айгүл жаңа бизнес-жоспар құра бастайды.

Несие берушілер екінші топ мүгедегі мұндай ақшаны уақытында қайтара алар ма екен деп күмәнданғанымен, Айгүлдің несие тарихынан мін таппай, ақыры несие ақшаны береді.

РЕСЕЙДІҢ МАТАСЫ

Айгүл Түнғатарова бұл ақшаға тігін машинкаларын сатып алады. Шикізатты Қытайдан емес, матасы 15 жылға шыдас береді дегенді естіп, Ресейден сатып алуды ұйғарады.

Ресейдің Иваново қаласындағы екі ғасырдан аса уақыт бойы мата шығарып келе жатқан «Шуйские ситцы» кәсіпорнына барып, мақта-матаға тапсырыс беріп, келісім-шартқа отырады. Фабрика басшылығы да әуелі мүгедек әйел келісім-шарт міндеттемелерін орындай алар ма екен деп таңданыпты. Алайда Тігін цехы. Көрнекі сурет.

Тігін цехы. Көрнекі сурет.

шарт талаптары бойынша Айгүл ресейлік кәсіпорынға бір миллион рубль төлеп, үйіне құр қайтпас үшін қоймадан қажетті матаны тиеп алғанда, ресейлік серіктестер оған басқаша қарай бастапты.

Қазір Айгүлдің өндіріс цехында мүгедек әйелдер жұмыс істейді. Мұндай жандардың жұмысқа орналасуы қаншалықты қиын екенін өз басынан өткерген Айгүл Түнғатарова жұмысқа мүмкіндігі шектеулі жандарды алуға тырысады. Жалғыз дүкені болған кезде де қол астындағы қызметкерлерін барынша демеуге тырысыпты.

– Оларды бағалайтынымды сезсін деп, тіпті коммуналдық қызмет ақысын да төлеп беретінмін, – дейді Айгүл.

«ӘЛІ ЭКСКЛЮЗИВ ТЕ БОЛАДЫ»

Жеткен жетістігіне тоқмейілсіп отыру жаратылысына жат Айгүл Түнғатарова жаңа жоспарларымен Азаттық тілшісімен бөлісті.

– Жабдықтап-жөндеуге бұрын ақшамыз жетпеген әлгі 70 шаршы метр цехта өндірісті жолға қоюды жоспарлап отырмыз. Енді ол ғимаратты жөндеп, құрал-жабдықтар сатып алуымызға болады. Банктен тағы да несие алуға тура келді, – дейді ол.

Айгүл Түнғатарованың айтуынша, бұл несиені қайтару қиынға түспейді, қайтаратын сома мөлшері аз қалыпты.

– Жаңа цехта түйе жүнінен тоқылған матадан көрпе-жастық тігеміз деп отырмыз. Шикізатты Ресейден сатып алмақпыз. Төсек-орын жабдығында жылы көрпе, жайма, жастыққап, көрпенің тысы бар. Нарықта мұндай жиынтық әлі жоқ. Бағасы да бәсекелесе алатындай, қолайлы болады, – дейді ол.

ЖАНЫ ЖАЙСАҢ АДАМ

Цехтағы мүгедектер қол-аяғы сау шеберлермен тең еңбек етеді, ұжымда алауыздық жоқ. Бізбен сөйлескен тігінші Гүлмира Қаламбаева «керісінше, денім сау болса да, мылқау әріптесім Ғани Жақсылықовадан үйренетін нәрсе көп» дейді.

– Ғани бір орам матадан екі төсек-орынның жабдығын тігіп үлгереді. Мен біреуін ғана үлгеремін. Ғани еңбегіне қарай менен екі есе көп, айына 70 мың теңге
Бүгінгі жеткен жетістігіміз – біз сияқты жандардың мүмкіндігінің шексіз екенінің дәлелі. Тек мойымай, алға ұмтылу керек.
алады. Ғанидан әлі үйренерім көп. Біздің ұжымда алауыздық жоқ. Ешкімнен көрмеген жақсылықты осы Айгүл Құмашқызынан көріп отырмын. Кез келген мәселемен алдына барсаң, қолынан келгенін аямай, барынша көмектеседі. Тіпті үйдегі анау-мынау ұсақ проблемаларыңа дейін шешіп береді, – дейді Гүлмира Қаламбаева.

Азаттық тілшісімен шағын өндіріс орнының проблемаларымен бөліскен цех бастығы Сейітқали Түнқатаров:

– Тігін цехы үздіксіз жұмыс істеп тұр. Қыз-келіншектер кейде мереке күндері үйде ұзақ отырғысы келмей, жұмысқа шығайықшы дейді. Бірақ шығарған өнімімізді сатып, мекемелерге жеткізу қиын тиетін кездер болады. Төсек-орын жабдықтарын мемлекеттік кәсіпорындар, медициналық мекемелер тапсырыспен тіктіреді. Біздің цех олардың төлемақысын екі айға ұзартып беретіндіктен, клиенттерімізге ыңғайлы. Бірақ тапсырысты жеткізіп беру қиын, арқалап апара алмайсың, көлік қажет. Әзірше өзіміздің тұрақты көлігіміз жоқ. Шамамыз келгенше ретін табуға тырысып келеміз, – дейді цех бастығы.

«ЕШКІМГЕ МАСЫЛ ЕМЕСПІЗ!»

Айгүл Түнғатарова – табысты кәсіпкер ғана емес, сонымен бірге берекелі отбасының ұйтқысы. Ауыр дерт қайратты әйел мен оның отбасының сағын сындыра алмады. Күйеуі екеуі екі ұл тәрбиелеп отыр.

Азаттық тілшісінің «Табысқа жетуіңіздің сыры неде?» деген сауалына Айгүл Түнғатарова «біреудің қолына қарап, күн көруді ешқашан мойындаған емеспін» деп жауап берді.

– Күйеуімнің де, мемлекеттің де мойнында бір күн де отырғым келмейді. Мұны әсіресе жұмысқа жарамай қалған кезде қатты сездім. Алақан жайып, біреуге телміру – болмысыма жат дүние. Мүгедек адам да мемлекеттің кәдесіне жарайды, тек олардың бұл құлшынысын қолдау керек. Меніңше, қол астымда жұмыс істейтін қызметкерлер (қазіргі заманда оларды «мүмкіндігі шектеулі жандар» деп атайды ғой) мұны іс жүзінде дәлелдеп отыр. Бүгінгі жеткен жетістігіміз – біз сияқты жандардың мүмкіндігінің шексіз екенінің дәлелі. Тек мойымай, алға ұмтылу керек, – дейді Айгүл Түнғатарова.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG