Accessibility links

Мүгедектер күні қарсаңында шенеуніктер арбаға мініп көрді


Батыс Қазақстан облысы әкімшілігі қызметкерлері мүгедектер арбасына мініп, қала аралап жүр.
Батыс Қазақстан облысы әкімшілігі қызметкерлері мүгедектер арбасына мініп, қала аралап жүр.

Оралдық тұрғын қалада мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалмағанын айтады. Ол пікірді мүгедектер арбасына мініп қала аралаған әкімшілік қызметкерлері де қолдады.

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының тұрғыны, мүмкіндігі шектеулі жан Сандуғаш Баймұқанованың мүгедектер арбасына отырып қалғанына бес жыл болған. Қазір ол қалалық «Арба» мүгедектер қоғамындағы өзі секілді мүмкіндігі шектеулі қыз-келіншектерге тоқыма өнерін үйретіп жүр.

– Жұмысқа барып-келу аса қиын емес. Өйткені облыстан екі, қаладан екі такси кесте бойынша тасиды. Бірақ олардың жұмысы кешкі алтыға дейін ғана. Ал кейде жұмыстан кеш шыққан кезде немесе қонаққа баратын кездерде қатты қиналамыз. Өйткені қала ішінде жүретін автобустарда пандус жоқ. Бар болғанның өзінде түсірмейді. Тіпті кейде бізді көрсе тоқтамай өте шығады, – дейді 39 жастағы Сандуғаш Баймұқанова.

ШЕНЕУНІКТЕРДІҢ МОЙЫНДАУЫ

Оралдық Сандуғаш Баймұқанованың шағымын Батыс Қазақстан облысы әкімі баспасөз қызметінің хатшысы Қайрат Әбуов те растайды. Ол – өткен аптада (5 мамырда аталып өтетін Халықаралық мүгедектер құқығын қорғау үшін күрес күні қарсаңында – ред.) мүгедектер арбасына мініп қала аралаған жергілікті шенеуніктердің бірі.

– Сырттай көрген мен арбаға отырғанның айырмашылығы жер мен көктей екен. Мысалы, жаяу жүргіншілердің жолымен келе жатқанда бірінші тротуардан екінші
Астанадағы дүкендердің бірінің баспалдағындағы мүгедектер арбасына арналған пандус.
Астанадағы дүкендердің бірінің баспалдағындағы мүгедектер арбасына арналған пандус.
тротуарға өту үшін өзгелерден көмек сұрауға мәжбүр боласың, – дейді Қайрат Әбуов.

Ол мүмкіндігі шектеулі жандар жиі баратын бірнеше жерге арбамен жетуді жоспарлағандарын, бірақ мүгедектерге ыңғайланбаған жол кесірінен соның біріне – дәріханаға ғана әзер жеткендерін айтты.

Мүгедектер арбасына мінген әкімшілік қызметкерлерінің енді бірі, ардагерлер мен мүгедектерге қамқорлық көрсететін бөлімінің маманы Дулат Рахматуллин де Оралда мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалмағанын растайды.

– Менің ең бірінші байқағаным қала ішінде арбамен әжетханаға бару қиын екен. Содан кейін пандустар дұрыс емес, – дейді ол.

«Қалада мүгедектердің жүріп-тұруына кедергі келтіретін проблемалар бар екенін» мойындаған жергілікті билік өкілдері: «Бұл тек мемлекет емес, тұтас халық болып қолға алатын шаруа» десті.

«Шенеуніктер мүгедек жандардың халін түсіну үшін олардың арбасына мініп қаланы аралап шықсын» деген ұсынысты осыдан екі апта бұрын, 21 сәуірде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы әрі парламент мәжілісінің вице-спикері Дариға Назарбаева айтқан еді.

Қазақстан статистика агенттігінің мәліметінше, елде 500 мыңнан астам (халықтың 3,5 пайызы) мүмкіндігі шектеулі адам бар.
XS
SM
MD
LG