Accessibility links

Қазақстан фармацевтика өндірісін дамытпақ


Дәріханадағы дәрі-дәрмектер. Алматы, 11 қыркүйек 2012 жыл. (Көрнекті сурет).
Дәріханадағы дәрі-дәрмектер. Алматы, 11 қыркүйек 2012 жыл. (Көрнекті сурет).

Financial Times басылымы қаңтардың 23-і күні Қазақстандағы фармацевтикалық өнімдердің сапасының артқаны жайында мақала басты.

«Дәрі-дәрмекке сұраныс артқан сайын Қазақстандағы фармацевтика саласына трансұлттық компаниялар көптеп еніп жатыр» деп жазады Financial Times.

Мақала авторының зерттеуінше, Қазақстан үкіметі осы саланың дамуына мүдделі болғандықтан шетелдік компанияларды елге көбірек келтіруге тырысып жатыр. Алайда кейбір мамандар Қазақстанның отандық фарамацевтика өнімдерін пайдалануды 2014 жылға дейін 50 пайызға өсіреміз деген жоспары шындыққа жанаспайтынын айтады.

«ІРІ БЕС КОМПАНИЯНЫҢ ҮШЕУІ – ШЕТЕЛДІКІ»

Басылымның дерегінше, 2010 жылы фармацевтикаға қатысты жаңа шарттарға қол қойылып, бірнеше жаңа трансұлттық компаниялар Қазақстан нарығына кіруге рұқсат алған.

Қазірдің өзінде Қазақстандағы ең ірі бес компанияның үшеуі – шетелдікі.

Қазақстандағы фармацевтика өнімдерін шығаратын ең ірі «Ромат» фирмасы жуықта президент Нұрсұлтан Назарбаев Чехияға іссапармен барғанда Прагадағы Favea
Дәріханадағы дәрі-дәрмектер. Алматы, 11 қыркүйек 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
Дәріханадағы дәрі-дәрмектер. Алматы, 11 қыркүйек 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
Europe компаниясымен келісім жасасқан. «Ромат» компаниясы Павлодар мен Семей қалаларында құны 37 миллион еуро болатын екі фармацевтикалық завод салуды жоспарлап отыр.

2012 жылы Alma Pharma және Түркияның Abdi Ibrahim Global Pharm компаниялары Қазақстанда құны 60 миллион доллар болатын дәрі жасайтын завод салатыны жайлы хабарлаған.

Шетелдік басылымның жазуынша, ең маңызды келісімнің бірі Польшаның Polpharma фирмасы мен Қазақстанның ең ірі «Химфарм» компаниясының арасында 2011 жылы қыркүйекте жасалған. Осы шарттың негізінде екі компания Шымкент қаласындағы фармацевтика заводына қосымша 85 миллион доллар қаржы бөліп, оның қуатын арттыруды жоспарлаған.

Қазақстандағы фармацевтика өнімдерін шығаратын ең мықты алты компанияның екеуі – 2004 жылдан бері Алматыда жұмыс жасайтын «Химфарм» мен Nobel (Түркия) фирмалары. Бұл екі компания елдегі тұтынатын дәрі-дәрмектің 90 пайызын өндіреді.

Мақала авторы Қазақстанда GlaxoSmithKline сияқты әлемге танымал ірі компаниялардың да жұмыс жасап жатқанын айтады. Аталмыш фирма былтыр вакциналар мен дәрілерді жергілікті фирмалармен бірлесіп шығару үшін Қазақстан үкіметімен шарт жасасқан.

«ОРТА ТАП ӨСКЕН СОҢ СҰРАНЫС ТА ӨСТІ»

Financial Times Қазақстандағы фармацевтика өнімдеріне деген сұраныстың жедел өсуін елдегі орта тап өкілдерінің көбеюімен түсіндіреді. «Осыған байланысты шетелдік дәрі-дәрмекке сұраныс та күшейді» деген автор мынадай мәліметтер келтірген: Қазақстан 2011 жылы өзге елдерден 142 миллиард теңгеге (940 миллион
Дәріханадағы дәрі-дәрмектер. Алматы, 11 қыркүйек 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
Дәріханадағы дәрі-дәрмектер. Алматы, 11 қыркүйек 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
доллар) дәрі сатып алған. Бұл – елде сатылған дәрінің 86 пайызы. Басқа патентсіз дәрілерді жергілікті фармацевтикалық фирмалар шығарған.

Фармацевтика саласындағы осындай құбылысты байқаған Қазақстан билігі отандық өнімді 2014 жылға дейін 50 пайызға жеткізуді жоспарлаған.

Автор Астананың бұл әрекетін «Қазақстан үкіметінің көп векторлы экономикалық саясатының бірі» деп бағалай отырып, «бұл ел денсаулық саласына жұмсалатын шығынды да қысқартуды көздеп отыр» деп пайымдайды. Себебі елде фармацевтика өнімдерінің 45 пайызы бюджет қаржысына алынады.

Financial Times Қазақстан үкіметінің бұл әрекетінің жеміссіз болмағанын да жазады. Осы реформалардың арқасында қазақстандық фармацевтика өнімдерінің саны да, сапасы да артқан. IHS (халықаралық денс аулық сақтау ұйымы) сарапшысы Кавита Райнова да қазақстандық фирмалардың дәрі-дәрмекті халықаралық стандартқа сәйкес жасай бастағанын айтады.

Алайда мақала авторы Қазақстан үкіметінің әлі де әртүрлі сынға ұшырап жатқанын еске салады. Қазақстандық мамандардың зерттеуінше, елде бұл салада бәсекелестік мәселесі дұрыс шешілмеген, әрі кедергілер көп.
Қазақстан фармацевтика нарығында отандық өнім 2012 жылы шамамен 15 пайызды құраған.

– Қазақстан фармацевтика нарығында отандық өнім 2012 жылы шамамен 15 пайызды құраған. Бұл көрсеткіш үкімет 2014 жылы қол жеткіземіз деп межелеп отырған 50 пайыздан әлқайда аз. Сондықтан Астана отандық өнімді 50 пайызға жеткіземіз деген мерзімін қайта қарайтын шығар, – дейді Кавита Райнова.

Кеден одағы құрамындағы Қазақстан Беларусь және Ресеймен бірге дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кірсе, дәрі-дәрмек нарығы да өзгереді дейді ол.

ДСҰ бас директоры Паскаль Лами 17 қаңтарда Мәскеуде журналистермен кездескенде Қазақстанның ұйымға биыл кіруі мүмкін екенін айтқан еді.
XS
SM
MD
LG