Accessibility links

Live Blogging: Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы

Қазақстанда 20 наурызда кезектен тыс мәжіліс сайлауы мен жергілікті мәслихаттардың кезекті сайлауына азаматтар дауыс беріп жатыр. Азаттық бүгінгі сайлаудан Live Blogging жүргізіп отыр.


Мәжіліс және мәслихаттар сайлауына дауыс беріп тұрған әйел. Алматы, 20 наурыз 2016 жыл.

Мәжіліс және мәслихаттар сайлауына дауыс беріп тұрған әйел. Алматы, 20 наурыз 2016 жыл.

Summary

Жексенбі, 20 наурыз күні Қазақстан азаматтары кезектен тыс парламент сайлауы және жергілікті мәслихаттардың кезекті сайлауына дауыс беріп жатыр.

Дауыс беру сайлау учаскелерінде жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 7:00-де басталды. Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, жалпы саны 9840 сайлау учаскесінде сайлауға дауыс беру бүгін жергілікті уақытпен сағат 20.00-ге дейін жалғасады.

Парламент мәжілісінің кезектен тыс сайлауына алты партия қатысып отыр. Заң бойынша, мәжілістегі 107 депутаттық орынның 98-і партиялық тізім бойынша, тоғызы - Қазақстан халқы ассамблеясы атынан сайланады. Бұл сайлауға президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясы 127 кандидат, «Ақ жол» - 35, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия - 23, Қазақстан халықтық-коммунистік партиясы - 22, «Ауыл» - 19, «Бірлік» – 8 кандидат ұсынған.

Қазақстан бойынша бұл жолғы сайлауда жергілікті мәслихаттарға барлығы 3335 депутат сайлануы тиіс. Мәслихат депутаты сайлауына ел көлемінде 10 825 кандидат түсіп жатыр.

Осы жолғы сайлау барысын бақылауға халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден 800-ден аса өкіл тіркелген.

Мәжілістің кезектен тыс және жергілікті мәслихаттардың кезекті сайлауына дауыс беру барысынан Азаттық тілшілері әзірлеген онлайн-репортажбен сайтымыздан және әлеуметтік желілердегі парақшаларымыздан таныса аласыздар.

15:28 22.3.2016

12:56 21.3.2016

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан сайлау заңы бойынша парламентке сайлануға мүмкіндік беретін жеті пайыздық межеден билікшіл үш саяси ұйым – «Нұр Отан» (82,15 %), «Ақ жол» (7,18 %) және Қазақстан коммунистік-халықтық партиялары (7,14 %) өткені туралы мәлімдеді.

00:33 21.3.2016
23:37 20.3.2016

Тағы

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG