Accessibility links

Жер сілкінісінен қорыққан жұрт Facebook-те шағымданды


Жер сілкінісінің эпицентрі. Қырғызстан-Қазақстан шекарасы. 28 қаңтар 2013 жыл.

Жер сілкінісінің эпицентрі. Қырғызстан-Қазақстан шекарасы. 28 қаңтар 2013 жыл.

Қаңтардың 28-і күні түнгі сағат 22:38-де Алматы облысында жер сілкінді. Жұрт шұғыл ақпараттың жоқ болғанына шағымданды, ал төтенше жағдай департаменті ресми дерек дер кезінде таратылғанын айтты.

Эпицентр ошағы Алматы облысынан 227 шақырым жердегі Сарыжаз ауылынан 30 шақырым жерде болған.

Осы елді мекенге қатарлас жатқан Шалкөде ауылының Айгүл есімді тұрғыны кешегі жер сілкінісінің көктемгі жер сілкінісінен қуаттырақ болғанын айтады.

- Гүрілдеп келді де ұзақ тербелді. Бір минуттай қалыпты шайқалып тұрды. Лақтырғандай нәрсе болған жоқ. Тек тербелді. Ал өткен жылы түн ішінде болды, бірақ онда қысқарақ тез өтіп кеткен еді. Кеше жарық «замыкание» бергендей болды, бірақ қайта жанып кетті. Ауыл тұрғындары арасында паника болған жоқ, - дейді Айгүл.

АЛҒАШҚЫ АҚПАРАТ

Жер сілкінісі туралы алғашқы ақпаратты Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы таратты. Орталық мәліметі бойынша, Алматы облысында қаңтардың 28-і күні түнгі сағат 22:38-де жер сілкінді. Тербеліс қуаты - 6,3 балл. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан 227 шақырым жерде, 10 километр тереңдікте болған.

Жергілікті ақпарат агенттіктері Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция комитетінің мәліметін таратты.

Комитет ақпараты Еуропалық орталықтың ақпаратынан сәл өзгеше - зілзаланың Қазақстандағы жер сілкісініс ошағының картасы. (АҚШ геологиялық қызметінің дерегі бойынша). 28 қаңтар 2013 жыл.

Қазақстандағы жер сілкісініс ошағының картасы. (АҚШ геологиялық қызметінің дерегі бойынша). 28 қаңтар 2013 жыл.

кіндігі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 225 километр жерде, жер қойнауының 10 километр тереңдігінде болған, қуаты - 6,6 балл.

Ақпараттар бойынша, бұл жер сілкінісі Алматы қаласында 4-5 балл (МSК-64 шкаласы бойынша) болып білінген.

Жер сілкісінен кейін шұғыл брифинг өткізген Алматы қаласының төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің мәліметтері алдыңғы екі ақпараттан сәл өзгеше.

Осы брифингке қатысқан сейсмология институтының директоры Таңатқан Абақановтың айтуынша:

- Сағат 22:38-де Алматы облысындағы Кеген мен Нарынқол елдімекендерінің арасында болған жер сілкінісінің магнитудасы эпицентрде 7 балл болған, ол Алматы қаласында 4 балл шамасында білінген. Бірінші сілкініс қатты болғанымен, кейінгі "афтершоктар" саябырлап, басылған. Алматыдағы алғашқы жер дүмпуінің қуаты 5,1 магнитудаға жеткен.

Абақанов алғашқы дүмпуден соң бірнеше "афтершоктар" болғанын айтты.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ

Жер сілкінісі Алматы қаласының тұрғындары арасында әжептәуір дүрбелең туды. Әсіресе көпқабатты үй тұрғындары далаға шығып, тіпті бір сағаттай үйге кірмей жүрді.

Халықты дүрліктірген түнгі он жарымдағы жер сілкінісі тағы бірнеше рет қайталанған.

Алматы тұрғындары әлеуметтік желілерде қорқыныштары мен сақтық шаралары Facebook-те отырған адам. (Көрнекі сурет)

Facebook-те отырған адам. (Көрнекі сурет)

туралы жаппай жаза бастады. Әсіресе Twitter мен Facebook жер сілкінісі туралы жазбаларға толып кетті.

Олар жер сілкінісі туралы шұғыл ақпараттың жоқтығын сынап, Алматыдағы үйлердің апатқа дайын еместігін, т.б. мәселелерді жазды.

Жұлдыз Әбділда есімді Facebook қолданушы: "Жер үйдің өзінде қатты білінді. Люстра біразға дейін шайқалып тұрды. Бірақ құжаттарды жинап, жылы киімдерді ыңғайлап қоятын әдет бізде жоқ. "Бір Құдай өзің сақтай гөр!" дедік те алаңсыз ұйықтадық. Құдай сақтасын! Біздің төтенше жағдайлар қызметінің қалай жұмыс істейтіні бәрімізге мәлім. Онан-дағы бір Алладан жәрдем күткен дұрыс. Аман болайық!" деп жазады.

Александр Цой есімді азамат: "Достар, төтенше жағдай министрлігінің телефонын кім біледі? Оларға хабарласып, жер сілкінісі болғанын айтыңдаршы" дейді.

Ал Нұрғиса Асылбеков есімді қолданушы: "Бұрында жер сілкінсе жапа-тармағай көшеге шығушы еді, қазір Facebook-қа шығады" деген ой түйеді.

«ҚОРЫҚПАҢДАР ДЕП АЙТА АЛМАЙМЫЗ»

Алматы қалалық төтенше жағдай департаментінің есімін айтпаған өкілі айтылған сындармен келіспейді.
«Қорықпаңдар» деп алып, құдай бетін ары қылсын, бірақ содан кейін тағы бірдеңе бола қалса, бізді тағы айыптайды. Сондықтан айта алмаймын.

- Сейсмология институтынан ресми ақпарат алмайынша «бәрі қалыпты» деп халықты тыныштандыра да алмаймыз. Өйткені «қорықпаңдар» деп алып, құдай бетін ары қылсын, бірақ содан кейін тағы бірдеңе бола қалса, бізді тағы айыптайды. Сондықтан айта алмаймын. Ал негізінде біз ақпаратты кеш таратқан жоқпыз. Бір сағаттың ішінде ресми ақпарат болды. Жер сілкінісінен соң он минуттың ішінде Алматы телеарнасының жүгірме жаңалықтарында ақпарат бердік. Ал барлық арналарға шығып, сирена қоссақ, онда адамдар дүрлігіп, қорқынышы үдей түседі, - дейді департамент өкілі.

Оның айтуынша, "алғашқы ақпаратты таратқан" еуропалық сайттағы деректер нақты емес. Ол "төтенше жағдай кезінде не істеу керектігіне" байланысты арнайы айдар ашу туралы жоспарлағанмен, арналардың қаржыға байланысты келіспей отырғанын да айта кетті.

Білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция комитетінің бас геофизигі Талғас Нысанбаевтың айтуынша, Алматы облысы аймағында жыл сайын сегіз мыңға тарта жер сілкінісі тіркеледі. Оның ішінде 20-50 сілкініс адам сезетіндей қуатта болады.

Ол ақпарат құралдарының "магнитуда" мен "балл" ұғымдарын жиі шатыстыратынын айта кетті.

- Магнитуда - тек сейсмологтарға ғана түсінікті арнайы енгізілген өлшем бірлік. Ол эпицентрдегі энергетикалық құрамға сипаттама береді. Айталық, эпицентрде магнитудасы 5 болса, онда 500 шақырым қашықтық жерде де 5 болады. Ол өзгермейді. Ал балл - арнайы шығарылған бағалау. МСК 64 деп аталады. Бұл халықаралық шкала бойынша жердің теңселу деңгейі анықталады, - дейді ол.

Бұған дейін төтенше жағдай министрі Владимир Божко жер сілкінісі туралы ақпараттарды тұрғындарға SMS арқылы жеткізетінін туралы айтқан еді. Бұл уәдесін министр сейсенбі күні тағы да қайталап, бірақ нақты қашаннан бастап таратыла бастайтынын айтқан жоқ.

Төмендегі видеодан далаға шығып, үйге кіруге қорқып тұрған тұрғындарды көре аласыз:

  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG