Accessibility links

Жер сілкінісінен зардап шеккен тұрғындар киіз үйде тұрып жатыр


Маловодное ауылының тұрғыны Амангелді Жексенбаевтың отбасы киіз үйде тұрып жатыр. Алматы облысы, 6 мамыр 2011 жыл.

Маловодное ауылының тұрғыны Амангелді Жексенбаевтың отбасы киіз үйде тұрып жатыр. Алматы облысы, 6 мамыр 2011 жыл.

Алматы облысында болған жер сілкінісінен Маловодное мен Қазатком ауылдарындағы біраз үй адам тұруға жарамсыз болып қалды.


1 мамырдан бері бірнеше рет қайталанған жер сілкіністерінің ошағы – осы ауылдар. Жер асты дүмпуінің ең қаттысы 5,4 балл болған.

«ӘЛІ КҮНГЕ ДЕЙІН ҚОРҚАМЫЗ»

Қазатком ауылының тұрғыны Ләззат Сегізбаева мамырдың 1-індегі жер сілкінісін есіне алған сайын бойын қорқыныш билейтіндігін айтады.

– 1 мамырда үйде отырғанбыз. Таңғы сағат сегіз жарымда жер сілкінді... Әлі қорқынышты. Одан кейінде қатты дүмпулер бірнеше рет қайталанды. Жұрт қатты үрейленді. Отбасымызбен дала қонып жүрміз. Кеше қаладағы
Қазатком ауылының тұрғыны Ләззат Сегізбаева үй-ішімен шатырда түнеп жүр. Алматы облысы, 6 мамыр 2011 жыл.
туысқандарым шатыр әкеліп берді. Үйіміздің қабырғасы айырылып кетті. Менікі сияқты үйлері айырылғандар көп, – дейді ауыл тұрғыны Азаттық тілшісіне.

Бұл ауылдағы бірқатар үйді жазғытұрым топан су басқан еді. Жер сілкінісінен кейін ол баспаналар мүлдем жарамсыз болып қалыпты. Ондай үйлердің иелері қазір киіз үйде, қоста тұруға мәжбүр. Ал 56 жастағы тұрғын Пернегүл Дәуренбекова әлі күнге дейін жер сілкінісінен зақымданған үйінде тұрып жатыр екен:

– Үйім ескі, анамнан қалған мұра болған. Алланың берген залалына тап болдық. Әкімшіліктен, басқа жақтан кісілер келіп көріп жатыр. «Қорықпаңыз, қорықпаңыз» дейді. Қалай қорықпайсың? Тағы бір сілкінсе, үйдің төбесі ортасына түсіп қалады ма деп қорқамын. Үйде екі кішкентай немерем бар, – дейді.

Алтынбек Етенұлы деген тұрғынның үйіне де қатты залал келіпті.

– Жер сілкінгенде төбеден шаң түсіп, үйлеріміз жарылды. Үйдің бір жағында қабырғаның тұсында жүгері қоятын үлкен төртбұрыш бөшке бар еді, сол үйімнің бір қабырғасын тіреп қалыпты. Сосын шамамен бір сағаттан аса ол
Маловодное ауылының әкімі Нұрлан Жалпақов. Алматы облысы, 6 мамыр 2011 жыл.
қабырға да құлап қалды, – дейді ауыл тұрғыны.

«АРЫЗ ЖАЗҒАНДАР – 300»

Қазір арнайы комиссия бұл ауылдардағы адам тұруға мүлдем жарамсыз үйлердің тізімін жасап жатыр.

– Ауылымызда ақпан айында біраз үйлерді су басып кеткен еді. Арнайы құрылған комиссия оларға тексеріс жүрігізіп, өз жұмыстарын осы сәуірдің 28-і күн ғана аяқтаған еді. Арасында бір-екі күн салып жер сілкінді. Енді комиссия қайта құрылып, зілзаладан зардап шеккен 28 үйді анықтады. Қазір жағдайын айтып, арыз жазғандардың саны 300-ге жетіп қалды, – дейді Маловодное ауылдық округінің әкімі Нұрлан Жалпақов.

Бірақ ауыл басшылығы зілзаладан зардап шеккендерге көмектің дәл қашан берілетінін анық айта алмады.
  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG