Accessibility links

Шымкенттік шенеунік Астанаға Өскемен арқылы барды


Ислам Әбішев облыс тұрғындарына "Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл" медалін тапсырып жатыр. Өскемен, 6 желтоқсан, 2011 жыл.

Ислам Әбішев облыс тұрғындарына "Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл" медалін тапсырып жатыр. Өскемен, 6 желтоқсан, 2011 жыл.

Өскемен қаласының бұрынғы әкімі Ислам Әбішев Астанаға қызмет бабымен ауысып бара жатып, шығыстағы шаһарда «халық пен билік қарым-қатынасында жаңа дәуір басталады» деп мәлімдеді. Оның орнына өзінің жерлесі Серік Тәукебаев келген еді.


Әбішев ауыл шаруашылығы министрлігіндегі жаңа қызметке тағайындалды. Ал бұл министрлікті оның тағы бір жерлесі басқарып отыр.

Ақпанның 5-і, жексенбі күні Өскемен қаласының бұрынғы әкімі жаңа қызмет орнына жайғасу үшін Астанаға аттанды. Ол осыған дейін қарулы күштер мен ереуілшілер қақтығысы болған Жаңаөзен халқына қайырымдылық көмек көрсету бастамасын көтерген еді. Мұнымен қатар өзі басқарып отырған Өскеменде мұндай оқиға ешқашан болмайтынын мәлімдеп те үлгерген болатын.

Жаңаөзенге қайырымдылық туралы ұсынысты Қазақстанда бірде-бір қала әкімі жасаған жоқ. Ол осы бастамасымен совет кезінен келе жатқан «бар кемшілікті кеткен басшыға аударып, мәселені жылы жауып қоя салу» дәстүрін жойғысы келетінін көрсетуге тырысты.

Қысы қатты өңірде ұзақ уақыт әкім болып тұрмайтынын алдын-ала сезді ме, ол өзі туралы жақсы пікір қалыптастырып кетуге барын салды.

ШҮКЕЕВ ЖӘНЕ «ӘРІПТЕСТЕР»

Ислам Әбішев бұдан былай ауыл шаруашылығы миинистрлігінің су ресурстары комитетін басқарады. Оны бұл қызметке ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков ұсынды.

Мамытбеков пен Әбішев бірін-бірі Оңтүстік Қазақстан облысында басшылық қызметте жүрген кездерінен жақсы біледі. Асылжан Мамытбеков 2006-2007 жылдар Өмірзақ Шүкеев премьердің бірінші орынбасары қызметінде. Ақтау, 24 желтоқсан, 2011 жыл.

Өмірзақ Шүкеев премьердің бірінші орынбасары қызметінде. Ақтау, 24 желтоқсан, 2011 жыл.

аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарса, Ислам Әбішев 2003-2009 жылдар аралығында облыс әкімінің бірінші орынбасары болған.

Ал Астанада олардың ықпалды жерлестері бар. Ол – Өмірзақ Шүкеев. Шүкеев 2006 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болды, 2009 жылы Қазақстан премьер-министрінің орынбасарлығына шақырылды. Президент оны «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына басшы етіп тағайындағанға дейін, яғни 2011 жылдың соңына дейін үкімет басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2012 жыл - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болған Өмірзақ Шүкеев, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болған Ислам Әбішев, осы облыс әкімінің орынбасары болған Асылжан Мамытбеков үшін ерекше жыл.

Бірлігі мызғымас бұл үштіктің таныстық шеңбері кеңейе түседі. Өскемен қаласының қазіргі әкімі Серік Тәукебаев 2001-2008 жылдар аралығында Шымкент қаласында құрылыс департаментін басқарып, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Арыс қаласының әкімі қызметіне дейін көтерілген. 2009 жылы Әбішев Өскемен қаласына әкім болып тағайындалғанда Тәукебаев Шымкенттен Өскеменге ауысып, Әбішевтің командасын толықтырды. Әкімнің, яғни Әбішевтің орынбасары болды.

Бұл пирамиданың басында тұрған адам – Бердібек Сапарбаев. Ол да 1999-2002 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болған.

Орыс тілі басым аймақтардың тұрғындары қазақ тілді басшылар келгенде жақсылыққа жорып, қазақ тілінің мәртебесі өседі деп мадақтауды ұнатады. Мұндай мақтаулар Қостанай облысын Шүкеев басқарған кезде де айтылған. Шүкеевтің соңынан еріп Қостанайға Шымкент өңірінің шенеуніктері де барған. Олардың облыстағы лауазымды қызметтерге жайғасқаны да көпшіліктің есінде. Бұл туралы халық арасында «Солтүстік Шымкент облысы құрылады екен» деген әзіл сөз де тарап кеткен еді.

«ҚИМАСТЫҚ»

Ислам Әбішев қызмет ауыстырып Астанаға аттанғанша жергілікті басылым беттерінде Өскеменге және қала жұртына бауыр басып қалғанын жиі айтып отырды. Оның пікірінше, мұндағы үш жыл қызметі кезінде «Бердібек Сапарбаев екеуі бірлесіп, биліктің халық үшін еңбек ететінін, сол арқылы ел ықыласына бөленуге болатынын дәлелдеген».

Ақпанның 5-інде Өскеменнің бұрынғы әкімін Астанадағы жаңа қызметіне шығарып салу үшін әріптестері мен жергілікті тұрғындар әуежайға жиналды. Өскемендік uk.kz сайты қарт әжейдің Әбішевке жеміс қайнатпасы мен тұздалған көкөніс әкелгенін жазады.

Бұған риза болған Әбішев Меновное ауылынан келген қарияның ауылдастарына рахмет айтты. Бұл ауылды Әбішев әкімдік қызметін атқарып жүрген шағында жаяу Бердібек Сапарбаев, Шығыс Қазақстан облсының әкімі.

Бердібек Сапарбаев, Шығыс Қазақстан облсының әкімі.

аралаған екен. Ауыл тұрғындары қай жерде нені жөндеу керек екенін көрсетіп, жөндеу жұмыстары аяқталғанда кішігірім той да жасаған.

Ал негізінен оралмандар тұратын Шығыс ауылының тұрғындарына Ислам Әбішев 2012 жылы ауылдары дамып, республика бойынша таңдаулы шаруашылыққа айналуын тіледі.

Өзін шығарып салуға келгендерге бұрынғы әкім «2012 жылдан бастап Өскеменде халық пен билік арасындағы қарым-қатынастың жаңа дәуірі басталады» деп мәлімдеді.

uk.kz сайтының жазуынша, тұрғындар Ислам Әбішевті Шығыс өңіріне жиі келіп, демалып тұруға шақырды. Әбішев те келіп тұруға уәде берді.

Оның үстіне президент қазір шенеуніктердің шетелге барып демалуларына тыйым салды ғой.

Ал кенді Алтайда ғажайып демалыс орындары көп.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG