Accessibility links

Кәсіпкерлер үкіметке тәуелді болудан қорқады


Астық элеваторында. Ақмола облысы, 27 тамыз 2010 жыл. Көрнекі сурет.

Астық элеваторында. Ақмола облысы, 27 тамыз 2010 жыл. Көрнекі сурет.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы бойынша үкімет жалпыұлттық кәсіпкерлер одағының құрылтайшысына айналғалы тұр. Бірқатар кәсіпкерлер бір ұйымға мәжбүрлі түрде кіргісі келмейді.

Маусым айында Қазақстан парламентінің мәжілісі республикадағы барша кәсіпкерлерге бір ұйымға бірігіп, мүшелік жарна төлеуді міндеттейтін «Қазақстан республикасы кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасы бойынша келешек кәсіпкерлер ұлттық палатасының құрылтайшысы – президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев басқаратын «Атамекен» экономикалық палатасы мен Қазақстан үкіметі. 2005 жылы құрылған «Атамекен» палатасы өз қызметін қазақстандық кәсіпкерлер үшін «қолайлы іскерлік ахуал жасау, барлық әкімшілік кедергілерді жою және экономиканың шикізат емес секторын дамыту» деп сипаттайды.

Қарағандылық Татьяна Дивитайкина қалалық кәсіпкерлер ассоциациясының мүшесі екенін, ұлттық палата туралы жаңа заң жобасына күдікпен қарап отырғанын айтады.

– «Атамекен» ұлттық палатасы кәсіпкерлерге көмектесіп жатыр» дегенді әрдайым оқып жүрміз. Бірақ нақты қолдау көрмедім. Жаңа заңнан кейін
«Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы туралы» заң жобасындағы кейбір баптар

5-бап. Кәсіпкерлер ұлттық палатасы қызметінің саласында Қазақстан республикасы үкіметінің құзыретіне жататындар:

- Кәсіпкерлер ұлттық палатасын құруға қатысады;

- съездің ұсынуы бойынша міндетті мүшелік жарналар мөлшерін және төлеу тәртібін бекітеді.

17-бап. Ұлттық палата президиумы – кәсіпкерлер ұлттық палатасының бақылаушы басқару органы. Оның құрамына үкімет өкілдері, палата тіркеуінен өткен бизнес-қауымдастық басшылары мен «көрнекті қоғамдық және мемлекеттік қайраткерлер» кіреді.
палатаның аты ауысса да, заты солай қала береді ғой. Бізге депутаттар да, партиялар да, «Атамекен» өкілдері де келді. Бәрінікі құрғақ сөз. Мәселен, бізге кулинария саласында мамандар жетіспейді. Лицей, колледж бітірген студенттер мамандығымен жұмыс істемей кетіп қалады. Ал соларды жұмыс істеуге ынталандыру үшін не ұсынады «Атамекен»? Егер заң шығарып, осы палатаға мүше боласыңдар, жарна төлейсіңдер десе амал жоқ, төлейміз, - дейді ол.

Халал өнімдер сатумен шұғылданатын астаналық кәсіпкер Саябек Хасенов мәжілісте қабылданып жатқан жаңа заң туралы естімеген.

– Бұл заңнан кәсіпкерлерге нақты көмек болса ондай ұйымға кіруге болады, ал тек жарна жинауды ғана білетін ұйым болса қажеті қанша? – деді ол.

«Атамекен» экономикалық палатасы басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов ұйымның былтырғы төралқа отырысында жаңа заң жобасы бойынша «Қазақстандағы барлық өңірлерді аралап, кәсіпкерлермен кездесіп, талқылағанын» және «жергілікті кәсіпкерлердің басым көпшілігінің бұл идеяны қолдап отырғанын» айтқан еді.

«ТОҒЫЗ МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ КЕРЕК»

Кәсіпкерлерді «Атамекен» ұлттық экономикалық палатасына топтастыру жайындағы алғашқы ұсыныс бірнеше жыл бұрын айтылған. Ұсыныстың заң жобасына айналуына осы ұйымның 2010 жылдан бергі президиум төрағасы Тимур Құлыбаев түрткі болды. 2012 жылы Құлыбаев «Атамекенге» «кәсіпкерлердің кейбірін міндетті, кейбірін ерікті түрде» мүше ету және жарна төлеттіру жөнінде сөз қозғаған.

Тимур Құлыбаев бизнес өкілдерін бір ұйымға біріктірудегі мақсат – кәсіпкерлер қауымдастығының түрлі мәселелерін шешіп, жергілікті билік алдындағымүддесін қорғаушы болу деп түсіндіріп келеді. 2012 жылғы қыркүйекте ол «Атамекенді» ұстап тұру үшін жылына 9 миллиард теңге керек деп мәлімдеген еді. Құлыбаев: «4 миллиард теңге орталық аппарат пен облыс және аудан орталықтарындағы 200-ге жуық қызметтік кеңселердің қажетіне жұмсалады. Қалғаны республикалық Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (алдыда) пен оның күйеу баласы Тимур Құлыбаев (екінші қатарда) шетелдік инвесторлар кеңесіне қатысушылармен бірге. Астана, 18 мамыр 2011 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (алдыда) пен оның күйеу баласы Тимур Құлыбаев (екінші қатарда) шетелдік инвесторлар кеңесіне қатысушылармен бірге. Астана, 18 мамыр 2011 жыл.

салалық ассоциациялар мен сыртқы экономикалық қызмет объектілеріне пайдаланылады» деген болатын.

Оппозициялық баспасөз бұл бастаманы «қазақстандық бизнесті Тимур Құлыбаевтың қолына одан әрі шоғырландыру» ретінде атап өтті.

Тимур Құлыбаевтың бастамасына көп өтпей-ақ қолдау көрсеткен президент Нұрсұлтан Назарбаев, 2012 жылы маусым айында «барлық кәсіпкер міндетті түрде «Атамекенге» мүше болғаны жөн» екенін ескертіп, үкіметке арнайы заң жобасын жасауға пәрмен берді.

Кәсіпкерлерді «Атамекенге» міндетті мүшелікке мәжбүрлейтін заң жобасын жасауды үкіметке тапсырғанымен «Атамекен» экономикалық палатасы басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов былтыр қараша айында-ақ ол заңның қай күні күшіне енетініне дейін хабарлап тастаған. Оның болжауынша, бұл заң 2013 жылғы шілденің 1-інен бастап күшіне енуі тиіс.

Құлыбаевтың бастамасы мен Мырзахметовтің болжамы былтыр желтоқсандағы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» атты жолдауынан да көрінді. Бұл жолдауда 2013 жылдың алғашқы кварталынан қалдырмай арнайы заң қабылданатыны айтылған еді.

«ҮКІМЕТТІҢ БИЗНЕСКЕ ЫҚПАЛЫ КҮШЕЙЕДІ»

Барша кәсіпкерді бір ұйым астына кіргізу халықаралық тәжірибеде бар. Бірақ қазақстандық іскерлер қабылданғалы жатқан заңның шикі тұстары көп деп санайды. Осы заң жобасын алдын-ала талқылауға қатысқандардың бірі - кәсіпкер Тимур Назханов.

– Мәселен, палатаға кіргісі келмеген кәсіпкерлерді қалай мәжбүрлейді? – деп сұрайды ол.

Кәсіпкер Тимур Назханов. Алматы, 3 шілде 2009 жыл.

Кәсіпкер Тимур Назханов. Алматы, 3 шілде 2009 жыл.

Назханов мәжіліс мақұлдап үлгерген заң жобасын үкіметтің кәсіпкерлер қауымдастығына әсер ету тетігі сияқты көреді.

– Жаңа заң жобасы бойынша ұлттық палатаның құрылтайшысы қазіргі «Атамекен» мен үкімет болады. Үкімет бизнеске тікелей ықпал етіп отыр деп айта алмаймын, бірақ әсері күшті болады, – дейді ол.

Экономикалық сарапшы Олжас Құдайбергенов барша кәсіпкерлердің сөзін сөйлеп, құқығын қорғайтын бейтарап ұйым керек екенін айтады. Оның сөзінше, дамыған елдердегі ұлттық палаталар төменнен жоғары қарай өз еріктерімен ұйымдасып, кейіннен міндетті мүшелікке өткен.

– Бізде өңірлік палаталар жоқ, 800-ден астам ассоциация бар, оның 50-ге жуығы ғана жұмыс істейді. Бірақ олар бизнестің мүддесін толық қорғай алмады. Егер ерікті түрде жасайтын болса, онда ешкім де өз бетімен келіп кіре салмайды.
Егер үкімет араласпаса, жергілікті әкімшіліктер кәсіпкерлердің палатасымен санаспауы да мүмкін.
Менің ойымша, мүшелік жарна кәсіпорынның табысына қарай алынуы керек. Сонда палатаның өзі де кәсіпкердің табысы молаюына мүдделі болады,- дейді ол.

Олжас Құдайбергенов «үкіметтің құрылтайшылығымен жаңадан құрылатын палатаның әдеттегі мемлекеттік органға айналып кету қаупі бар» деп санайды. Бірақ «үкімет араласпаса, жергілікті әкімшіліктер кәсіпкерлердің палатасымен санаспауы да мүмкін» екенін ескертеді.

«АШЫҚ ТАЛҚЫЛАУДАН ҚОРҚАДЫ»

Бұрынғы парламент депутаты, экономист Оразалы Сәбденов «кәсіпкерлердің барлығын бір ұйымға күштеп кіргізуге басыбүтін қарсы екенін айтады.

– Демократиялық ел боламыз дейміз де оған керісінше әрекет жасаймыз. Адамға ой-пікір еркіндігі қаншалықты керек болса, бизнеске де соншалық Ауылдық әкімдік кеңсесі алдынан өтіп бара жатқан адам. Мақат ауданы, Атырау облысы, шілде, 2009 жыл. Көрнекі сурет.

Ауылдық әкімдік кеңсесі алдынан өтіп бара жатқан адам. Мақат ауданы, Атырау облысы, шілде, 2009 жыл. Көрнекі сурет.

еркіндік қажет. Бәрін бір «Атамекен» мен «Нұр Отанның» астына тыққанда не шығады? Бәсекелестік жоғалып, жемқорлық күшейеді, басқа ештеңе шықпайды, – дейді ол.

Заң жобасын мәжілісте талқылауға қатысқан Қарағанды қаласындағы «Кәсіпкерлердің еуразиялық асссоциясы» ұйымының төрағасы Жомарт Алдоңғаров ұйымның құрылымы қазірдің өзінде шенеуніктерге ыңғайланып жасалған деп санайды.

– Егер төралқа, басқарма құрамындағы орынның 80 пайызын өңірлік, жергілікті ассоциацияларға бермесе, бұл істі біржола жылы жауып қоя салуға болады, – дейді ол.

Жомарт Алдоңғаровтың пікірінше, заң жобасы «өте шикі және тез» қабылданып жатыр.

– Неге тез дейсіз ғой? Өйткені ашық талқылаудан қорқады. Кәсіпкерлерді бір ғана ұйымның астына мәжбүрлеп кіргізу Қазақстан азаматтарын таңдау еркінен айыру деген сөз, – дейді кәсіпкер.

Ал «Атамекен» ұлттық экономикалық палатасының мәлімдеуінше, бұл ұйым өзін
Адамға ой-пікір еркіндігі қаншалықты керек болса, бизнеске де соншалық еркіндік қажет.
қазірдің өзінде «200-ден астам салалық, жергілікті және республикалық қауымдастықтарды, кіші, орта және ірі кәсіпорындарды біріктіре отырып, қазақстандық кәсіпкерлердің мүдделерін қорғайтын басты өкіл» деп санайды.

Ұйым таратқан ресми ақпаратқа сәйкес ұлттық экономикалық палата «кәсіпкерлердің құқықтарын қорғайтын ондаған заңдардың, қаулылардың және бұйрықтардың жобаларын сараптайды, көптеген мәжілістер мен мемлекеттік органдардағы жұмыс топтарда бизнестің мүдделерін қорғайды, кәсіпкерлердің наразылығы мен үндеулерін қарастырып, жедел әрекет етеді».
  • 16x9 Image

    Асылхан МАМАШҰЛЫ

    1973 жылы 22 сәуірде дүниеге келген. 1994 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда пединститутын бітірген. 1997-2000 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасында оқыған. "Қазақ энциклопедиясы" баспасында (2001-2007), республикалық "Ана тілі" газетінде (2007-2009) , "ABDI-press" орталығында (2009-2010) жұмыс істеген. 2011 жылдан Азаттық радиосының тілшісі.

    Тарихи, саяси мәселелер тақырыбында жазады, белгілі тұлғалардың саяси портреттерін жасайды. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG