Accessibility links

Бәсекеге қабілетті диплом іздеген студенттер


Ноутбук қарап отырған бойжеткен. (Көрнекі сурет)
Ноутбук қарап отырған бойжеткен. (Көрнекі сурет)

Қазақстандағы жоғары оқу орындарының білім сапасына кейбір студенттердің көңілі толмайды. Олар шетелдік оқу орындарына, көбінесе Ресей, Қытай, Германия, Ұлыбритания және АҚШ университеттеріне ауыса бастады.

Білім және ғылым министрлігі сайтында «жыл сайын Қазақстаннан 30 мың адам шетелге оқуға аттанады» деп жазылған. Студенттердің көбі (40 пайызы) оқу іздеп Еуропаға кетеді. Екінші орында (30 пайыз) - Ресей, үшінші орында (20 пайыз) – АҚШ, төртінші орын (10 пайыз) - Малайзия мен Қытай.

Ал қанша қазақстандық студент ауысқаны туралы дерек жоқ. Азаттық тілшісі шетел оқу орындарына ауысқан кейбір қазақстандық студенттермен жолығып, әңгімелесті. Олардың бәрі шетелде білім алып жатқанына қуанады.

ҚЫТАЙ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДИПЛОМЫ

Абылай Қарқожаев әуелі Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «мұнай-газ ісі» факультетіне оқуға түскен. Бірақ бір семестр оқыған соң Пекин қаласындағы Қытай мұнай университетінің механика және
Студент Абылай Қарқожаев.
Студент Абылай Қарқожаев.
мұнай-газ тасымалдау факультетіне ауысып кеткен.

– Қызылордада мүлде оқығым келмеді. Қай елге, қандай университетке ауыссам деп көп ойландым. Еуропаға барғым келіп етеді, әкем үзілді-кесілді қарсы болды. Ағамның досы Қытайда оқыған, сондықтан әке-шешем бөтен елге мені қорықпай жіберді, – дейді Абылай Қарақожаев Азаттық тілшісіне.

Абылайдың отбасы ауқатты. Әке-шешесі Абылайды жылына 4 мың доллар, жатақханасына 3 мың доллар төлеп оқытып жатыр. «Арасында сұрап қойғаны болмаса, әке-шешем оқуымды қатты қадағаламайды. Хабарласқанда жалпы хал-жағдайымды, тамақ жайын сұрайды» дейді ол. Жас жігіт кейін қазақстандық дипломға қарағанда Қытайда алған диплом кәдеге көбірек жарайды деп сенеді.

«ЖАЙ ТЫҢДАМАЙ, ПІКІР ТАЛАСТЫРАМЫЗ»

Гүлмира Ералиева Абылайхан атындағы қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде оқыған. 2012 жылы Гүлмира бірінші курста Германияның Otto-Friedrich-Universitat Bamberg университетінің ағылшын экономикасы факультетіне ауысып кеткен.

Ол Германия университетінде жылына 1 мың еуро төлеп оқып жатыр. Жатын орын, коммуналдық төлем, басқа керек-жарақтарына айына 300-350 евро жұмсайды.

– Әке-шешем Германиядағы оқуыма сәл артық ақша төлейді. Меніңше, осы жақсы. Сабақта құр тыңдап отырмаймыз, талқылаймыз, бір-бірімізбен пікір
Германиядағы университеттердің бірі. (Көрнекі сурет)
Германиядағы университеттердің бірі. (Көрнекі сурет)
таластырамыз. Оқытушылар кітапханада жеке сөресіне соңғы сабақтарға дайындалуға арналған кітаптарды іріктеп қояды. Оқытушылар көбінесе бағыт сілтеп, кеңес береді. Қазақстандағы оқытушылар сияқты нетбукке шұқшиып немесе қағаздан судыратып оқып шықпайды, – дейді Гүлмира Ералиева Азаттық тілшісіне.

Гүлмираның айтуынша, Германияның жатақханалары - жайлы, студенттер ваннасы, әжетханасы бар бір бөлмелі пәтерлерде тұрады. Электр жарығын, жылу мен суды үнемдеген студентке семестр біткенде ақшасын қайтарып береді.

Шетелге оқуға кеткен қазақстандық студент қыздың айтуынша, Германия тұрғындарының ұқыптылығы мен қалаларының тазалығы ұнайды. Қалалық транспортта студент билетін көрсетіп тегін жүруге болады. Оқыту жүйесі еуропалық стандартқа сәйкес, ал сабақ ағылшын тілінде жүреді.

Студенттің айтуынша, бұл елдің де өзіне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, көшеде жүргіншілерден ағылшын тілінде бірдеңе сұрасаң, неміс тілінде жауап береді. Супермаркеттер жұмыс күндері ғана істейді, демалыс күндері жабық тұрады.

ЖАҢА НАРЫҚ, ЖАҢА ТАЛАПТАР

Алматыдағы қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің оқытушысы Аслан Жуанышбековтің пікірінше, шетелде оқитын студенттер жылдан жылға көбейіп келеді. Қазақстан университеттері түлектеріне қарағанда, Батыс елдерінде білім алған жастардың болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндігі де көбірек.

– Жұрттың көбі «әке-шешесі бай немесе асқан дарындылар ғана Батыс университеттерінде оқи алады» деп ойлайды. Бұлай емес. Қолында дипломы
ҚазҰУ алдына жиналған талапкерлер мен ата-аналары. Алматы, 12 тамыз 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
ҚазҰУ алдына жиналған талапкерлер мен ата-аналары. Алматы, 12 тамыз 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
бар кез келген жастың шетелде оқу үшін грант алу мүмкіндігі бар. Бұл үшін шетел жоғары оқу орнына өтініш жазсаң болды, – дейді Аслан Жуанышбеков.

Ол «білім – тауар, сондықтан болашақ студент алатын білімінің сапасын алдын ала білуі тиіс» деп есептейді. Университет оқытушыларының біліктілік деңгейіне (әйтпесе бізде студенттерді аспиранттар «оқытатын» оқу орындары да бар), оқу орны зерттеу жұмыстары қандай дәрежеде ұйымдастырғанына назар аударған жөн. Оқу орнын таңдаған кезде оқытушылар алатын жалақы мөлшерін де біліп алған артық емес. Жалақысына көңілі толатын оқытушы қосымша сағат іздеп жүгірмейді. Аслан Жуанышбековтің пікірінше, оқу орнының кампус, секция, жатахана сияқты инфрақұрылымымен танысып алған дұрыс.

Бірақ жұрт арасында «диплом ешқандай кепілдік бермейді» деген де пікір кең тараған. Еңбек нарығы үнемі өзгеріп тұрады. Аслан Жуанышбеков «Қазір әлемде «әсерлер экономикасы» деп аталатын нәрсенің рөлі артып келеді. Қарапайым тілмен айтқанда, ол - мінез ашықтығы, аудиторияны түсіну, өз идеяларын іске асыру» дейді.
  • 16x9 Image

    Алма КЕНЖЕБЕКОВА

    Алма Азаттықта 2012 жылдан бері жарияланып келеді. ҚазҰУ-дің журналистика факультетін бітірген соң "Преступление и наказание", "Время По", "Мегаполис", "СолДат" сияқты БАҚ-тарда тілші болған. IWPR халықаралық ұйымымен кәсіби әріптестік байланысы болған. "Юридическая газета" мен "Сета" радиосында бас редактор қызметін атқарған.​

XS
SM
MD
LG