Accessibility links

Орталық Азия студенттерінің Еуропада оқуына тағы бір мүмкіндік


Қазақстандық студенттер. (Көрнекі сурет)

Қазақстандық студенттер. (Көрнекі сурет)

Халықаралық Erasmus Mundus бағдарламасы Алматыда таныстырған жоба Еуропада білім алғысы келетін студенттерге, жас мамандарға, ҮЕҰ волонтерлері мен белсенділеріне жол ашады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) биология факультетінің төртінші курс студенті Гауһар Б. оқуын шетелде жалғастыруды армандайды.

Азаттық тілшісі студент бойжеткенмен өткен аптаның аяғында – Erasmus Mundus бағдарламасының Silkroute жобасы бойынша Алматы қаласында ұйымдастырылған аймақтық конференциясында кездесті. Халықаралық студенттер алмасу жобасын Еуропаның алты жоғары оқу орыны мен Орталық Азияның (Түркіменстаннан өзге елдерінің) 20 университеті әріптестік негізде іске асырады. Аймақтың әр елінен жобаға 3-4 оқу орыны қатысады.

"Erasmus Mundus бағдарламасының Silkroute жобасы туралы ақпаратты көп іздедім. Google арқылы Қазақстаннан ештеңе таппадым. Өзім оқитын университетте конференция өтіп жатқанын естігенде, қатты қуандым" дейді Гауһар Азаттық тілшісіне.

Қазақстандық студенттердің көбінің бұл жобадан хабарсыз екенін Азаттық тілшісіне ҚазҰУ-дың филология факультетінің студенті Ханза Насурлаев та айтты. Француз тілді елдердің бірінде оқығысы келетін ол жобаға қатысуға келесі жылы өтініш бермек.

ЖОБА ТУРАЛЫ

Silkroute жобасының үйлестірушісі – Италиядағы Падуа (Padova) университеті. Бұл оқу орыны Орталық Азия елдерінің университеттеріне конкурс туралы ақпарат жолдаған соң үміткерлерді іріктеу жұмыстары басталады.

"Біз Орталық Азия мен Еуропа арасында байланыс орнатуға талпынып көреміз. Silkroute жобасының үйлестірушісі, профессор Пиерпалло Фаджи (оң жақта). Алматы, 27 наурыз 2014 жыл.

Silkroute жобасының үйлестірушісі, профессор Пиерпалло Фаджи (оң жақта). Алматы, 27 наурыз 2014 жыл.

Екі жүйенің байланысына дәнекер болу үшін университет студенттері, профессорлары мен қызметкерлерімен алмасамыз. Зерттеу саласы мен білім жүйесінде жаңа жобаларды іске асыру өте маңызды" дейді Италиядан келген профессор Пиерпалло Фаржи Азаттық тілшісіне.

Жобаның Қазақстандағы әріптес университеттері – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті. Бұл оқу орындарының студенттеріне қазірдің өзінде 113 грант берілген.

Қырғызстанның халықаралық университетінен 19 өтініш түскен. Университеттің халықаралық байланыстар жөніндегі вице-президенті Тәкен Ақылбекованың айтуынша, бұл жобаның үміткерлерге қоятын талаптары өте жеңіл, қиын тапсырмалары жоқ. Бірақ студенттердің көбі тіл білмегендіктен өте алмайды. Сондықтан университет дайындық курстарын өткізген.

"Жоба өтініш берушілердің үш тобына арналған. Бірінші топқа бұл жұмысты Қырғызстан халықаралық университетінің вице-президенті Тәкен Ақылбекова. Алматы, 27 наурыз 2014 жыл.

Қырғызстан халықаралық университетінің вице-президенті Тәкен Ақылбекова. Алматы, 27 наурыз 2014 жыл.

жүргізетін университеттің қызметкерлері кіреді. Екінші топқа елдің барлық университеттерінен өтініштер қабылданады. Ал үшінші топқа халықтың әлеуметтік жағдайы нашар топтары кіреді. Мысалы Түркіменстанның шетелде оқығысы келетін студенттері біздің бағдарлама арқылы өтініш беруіне болады" деді Қырғызстан халықаралық университетінің вице-президенті Тәкен Ақылбекова Азаттық тілшісіне.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биология факультетінің төртінші курс студенті Гауһар Б. үш топтың біріне де өтініш бере алмады. Халықаралық байланыстар бөлімі қызметкерлері оған «сенің мамандығың бойынша ұсыныс жоқ» деген.

Бірақ профессор Пиерпалло Фаджи келесі жылы тізімге түзету енгізілетінін ескертіп, студентке медициналық биотехнология бөлімі бойынша өтініш беруге болатынын айтқан. Еуропада білім алғысы келетін Гауһар озық халықаралық жоғары оқу орындарының біріне түсу үшін келесі жылы білімін сынап көрмек.
  • 16x9 Image

    Алма КЕНЖЕБЕКОВА

    Алма Азаттықта 2012 жылдан бері жарияланып келеді. ҚазҰУ-дің журналистика факультетін бітірген соң "Преступление и наказание", "Время По", "Мегаполис", "СолДат" сияқты БАҚ-тарда тілші болған. IWPR халықаралық ұйымымен кәсіби әріптестік байланысы болған. "Юридическая газета" мен "Сета" радиосында бас редактор қызметін атқарған.​

XS
SM
MD
LG