Accessibility links

Грант иелері тізімін министрліктен бұрын «Артём» жариялады


ҚазҰУ алдына жиналған талапкерлер мен олардың ата-аналары. Алматы, 12 тамыз 2013 жыл.

ҚазҰУ алдына жиналған талапкерлер мен олардың ата-аналары. Алматы, 12 тамыз 2013 жыл.

Білім гранты иегерлері тізімі әуелі интернет-форумдардың бірінде жарияланып кетті. Талапкерлер қай мамандыққа түскендерін 13 тамызда шығатын ресми тізімінен емес, сол сайттан біліп алды.

Мемлекеттік білім грантын алуға құжат тапсырғандардың бірі Айдана Әбу – қай мамандыққа оқуға қабылданғанын интернеттегі қарапайым форумнан білген жастардың бірі.

«АРТЁМНІҢ ТІЗІМІ»

Ұлттық бірыңғай сынақтан 85 ұпай жинаған Айдана Әбудің құжат тапсырған мамандығы физика пәніне қатысты екен.

– «Грантқа түстім бе, түспедім бе» деп уайымдап жүрдім. Қабылдау комиссиясында отырған мамандар газетке шығады деген соң газет күтіп жүрдім. Ал тамыздың 9-ы күні университетке барғанымда грантқа түскенімді ғана айтты. «Қай мамандыққа түскеніңді кейін айтамыз» деді. Бірақ тамыздың 10-ы күні таңертең интернеттегі бір форумнан өзімнің ғылыми физика мамандығына түскенімді білдім, – дейді ол.

Интернеттегі тізім арқылы конкурс қорытындысын біліп алған Айдана Әбу енді ресми газеттің тізімін де, қабылдау комиссиясының ресми тізімін де күтпейтінін айтады.

«2013 жылғы грант иелерінің тізімі» атты файлды тамыздың 10-ы күні nestnet.ru форумында «Артём» есімді интернет қолданушы жариялаған еді.

Грант иелерінің тізімін «Артёмнің» қайдан алғанын оқу орындарының қабылдау комиссиялары да, білім және ғылым министрлігі де білмеді.

Министрлік маманы грант иегерлерінің ресми тізімінің қай уақытта жарияланатынын сұраған Азаттық тілшісіне:

– Тізім газетке шығады, күтіңіздер, – деп қана жауап берді.

Грант иелерінің ресми тізімін күткен талапкерлер мен ата-аналары тамыздың 12-сі күні таңертең Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің алдында да жүрді. Бір кісі «Ұлым грантқа түсіпті. Қай мамандыққа түскенін қайдан білсем болады?» деген сауалды жұртшылыққа төтесінен қойды. Университет алдында жүргендердің біразы «Интернетте Артём деген жігіт салды ғой, содан көре аласыз» деп кеңес беріп жатты.

ВИДЕО: Университет алдында білім гранты сертификатын алып жатқан жастар



«МИНИСТРЛІКТЕГІ АДАМЫМ АЙТТЫ»

Грантқа ілініп, қай мамандық бойынша оқуға түскенін өзге жұрттан бұрын білген талапкерлердің енді бірі ақпарат көзі ретінде «министрліктегі адамдарын» айтты.
Министрлікте істейтін танысым грантқа іліккенімді айтты. Енді жатақхана алу жағын қарастыра беремін.

Қазақ ұлттық университетінің химия факультетіне оқуға тапсырған Қайрат Жандарбеков (есімі өзгертілді) – оқуға түскені туралы ақпаратты басқа қатарластарынан бұрын алған жастың бірі.

– Химия мамандығы бойынша оқуға түстім. Министрлікте істейтін танысым грантқа іліккенімді айтты. Енді жатақхана алу жағын қарастыра беремін, – дейді ол.

Өскемендік Әсемай Қажыбаев да грантқа түскенін елден ерте білді. Алматы мен Астанадан төрт оқу орнын таңдап, құжатын тапсырған бойжеткен Еуразия университетіне саясаттану мамандығы бойынша грантқа түскенін тамыздың 6-сы күні естіген. Оған да қуанышты хабарды Астанадағы «министрліктегі адамы» жеткізген.

РЕСМИ ТІЗІМДІ КҮТУШІЛЕР

Гранттан үміткердің бірі, кешенді тестен 82 ұпай жинаған Асхан Әділов білім және ғылым министрлігінің ресми тізімі шыққанша өзінің қай мамандыққа түскеніне көзі анық жетпей жүргенін айтады.

– Дайын болған тізімді неге сары майдай сақтап отырғанын түсінбедім. Халық Университет алдына жиналған талапкерлер мен ата-аналары. Алматы, 12 тамыз 2013 жыл.

Университет алдына жиналған талапкерлер мен ата-аналары. Алматы, 12 тамыз 2013 жыл.

грантқа түскендерін тамыздың 8-і күні біліп алды. Ал газет әлі шыққан жоқ. Қабылдау комиссиясы хабарласып, «грантқа түстіңіз» деді. Бірақ қай мамандыққа түскенімізді айтпады. Газет шілденің 13-інен кейін шығады деп отыр, – дейді ол ашуланып.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің қабылдау комиссиясы Азаттық тілшісіне грант иелерінің тізімі белгілі болғанын, ал талапкерлердің қай мамандыққа түскені тамыздың 13-і күні ресми ақпарат құралдарында жарияланатын айтты.

Білім және ғылым министрлігінің дерегінше, биыл конкурсқа 68 мың 742 талапкер қатысып, оның 30 мың 758-і білім грантына ие болған. Қазақ тілінде оқыту бөліміне – 21 мың 64, орыс тілінде оқыту бөліміне 9 мың 694 грант бөлінген.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG