Accessibility links

Н.Назарбаев Алматы мен Қарағандыда мұсылмандарды Ұлық мереке - Құрбан айтпен құттықтады.


Қажылық сапарындағы мұсылмандар Меккедегі Ұлы мешітке бет алып барады. Сауд Арабиясы, 5 желтоқсан, 2008 жыл.
Қажылық сапарындағы мұсылмандар Меккедегі Ұлы мешітке бет алып барады. Сауд Арабиясы, 5 желтоқсан, 2008 жыл.

Құрбан айт мейрамының алғашқы күні Қазақстанда демалыс күні, барша мұсылман қауым құрбандық шалып, мешіттердегі Айт намазына қатысты.

Бүгін Алматыдағы Орталық мешітте Айт намазына жиналған жұрт алдында Қазақстан президенті Н. Назарбаев: "Дүниедегі 1,5 миллиард мұсылманның ең қадірлі ұлық мерекесі - Құрбан айт баршамызға ұлық болсын. Барлық мұсылмандарға бақ-береке, жақсылық, денсаулық, отбасына тыныштық тілеймін!"- деген тілек айтты деп хабарлайды қазақстандық ресми ақпарат агенттіктері.

Мұнан соң Қазақстан президенті жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды, онда Н. Назарбаев ипотекалық үйде болған жүздесуде қарағандылықтарды да Ұлы Құрбан айт мейрамымен құттықтады.

Алматыдағы Орталық мешітте Құрбан айт намазына қатысып, уағыз оқығаннан кейін Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі қазірет жетімдер үйін аралады деп хабарлайды ҚазАқпарат ақпарат агенттігі


Құрбан айт қарсаңында Сауд Арабиясында қажылық сапарына барған 2 миллионнан астам мұсылман жексенбі күні Алладан рақымшылық тілеу үшін Арафат тауының маңайына жиналды. Жұрт күн батқанша Құдайға құлшылық етіп, одан кейін сайтанды бейнелейтін қабырғаға тас ату үшін Мұздалифаға қарай жылжыды.

Биыл қажылық әзірше ешқандай төтенше немесе қайғылы оқиғасыз жалғасты.
Саудия патшалығының İшкі істер министрлігі хабарлағандай, биыл қажылыққа бұрын соңды болмаған халық – 1 млн. 730 мыңдай адам шетелдерден келді.

Сауд Арабиясының билігі жыл сайынғы қажылық кезіндегі тәртіпті қамтамасыз ету мен түрлі қастандық әрекетке жол бермеу үшін 100 мың құқық сақшысын жолдап отыр.
Хабарға қарағанда, қасиетті Меккеде сенбі күні басталып, 5 күн жалғасатын қажылыққа бүкіл әлемнен 2 милионға жуық мұсылман қатысады.


XS
SM
MD
LG