Accessibility links

"80-ші жылдардың соңында саяси белсенділік жоғары болды, ал ел тарихында әділетті сайлау өткізілген емес"


1991 жылы 1 желтоқсан күні тәуелсіз Қазақстанда тұңғыш президенттік сайлау өткізілді. Қазақстандық сарапшы, саясаткерлердің бірі 18 жыл бұрынғы жалпыхалықтық сайлауда бүгінгідей кәсіби түрде бұрмалау болған жоқ десе, екіншілері ол тұста Назарбаев беделді жалғыз үміткер болған еді дейді.

Саясаткерлер Жармахан Тұяқбай мен Серікболсын Әбділдин «Алғашқы президенттік сайлау нәтижесінде ел басшылығына келген президент шындығында сол кездегі халық қалауымен келді деп санайтын болса, саясаттанушы Әзімбай Ғали тұңғыш президент жұмсақ авторитаризм орнатты деп есептейді.

Жармахан Тұяқбай, «Азат» ЖСДП-ның тең төрағасы:

-80-ші жылдардың соңында басталған «қайта құру» деген саяси үрдістер халық бойында саяси белсенділікті арттырды. Бұрынғы шешілмей келе жатқан әлеуметтік, саяси, рухани, экономикалық және т.б мәселелер шешімін табар деген үмітпен Қазақстан азаматтары Нұрсұлтан Назарбаевты сайлады. Себебі ол бұдан бұрын КазССР-нің президенті болды, егемендік туралы декларация соның
Алайда, халықтың үміті ақталмады деп санаймын. Алғашқы сайлаудан кейінгі демократиялық құндылықтардың әлсіреуі халықтың билікке деген сенімін де құлдыратып жіберді
...
басшылығымен қабылданды және т.б өзгерістер Назарбаевтың қатысуымен іске асты. Менің ойымша, ол кезде дәл бүгінгідей кәсіби түрде бұрмалау болмаған шығар.

Алайда, халықтың үміті ақталмады деп санаймын. Алғашқы сайлаудан кейінгі демократиялық құндылықтардың әлсіреуі халықтың билікке деген сенімін де құлдыратып жіберді.

Әзімбай Ғали, саясаттанушы:

- 1991 жылғы жалпыхалықтық президент сайлауында Н.Назарбаев халық алдында беделге ие жалғыз үміткер болды. Бұл сайлау алдында болған ірі уақиғалармен байланысты. Сондықтан сайлауды әділ өтті деп ойлаймын.

Тұңғыш сайлаудан кейін қабылданған соңғы 1995 жылғы Ата заңда біздің елде жұмсақ авториторизмнің көріністері күшейді. Менің ойымша, соның әсерінен біз көршілес Орта Азия елдерінен экономикалық, әлеуметтік тұрғыда көш ілгері алға оздық.

Әрине, тілге, дінге байланысты түйткілді мәселелер бар. Бірақ, олар алдағы жылдары шешіледі деп санаймын.Жалпы, демократия – жақсы нәрсе. Бірақ біздің жағдайда ол кейде елге қауіп төндіретін сияқты. Себебі, біз сияқты егемендігі нығаймаған елге түрлі-түсті төңкеріс, сепаратизм сынды қатерлер бар.

Серікболсын Әбділдин, Қазақстан комунистік партиясының төрағасы:

- Сол уақыттағы заң Н.Назарбаевқа бәсекелес болуға мүмкіндік берді. Бірақ бәсекеге ешкім ұмтылған жоқ. Хасен Қожахмет қол жинап, сайлауға түскісі келіп еді, оның өтінішін Назарбаев, қалай екенін білмеймін, қабылдатпай тастады.
Тұңғыш жалпыхалықтық президент сайлауы бұдан бұрынғы совет заманындағы сайлаулардың жалғасы іспетті болды. Советтер кезінде азаматтардың дауысын бергісі келсін-келмесін бергізіп, 99-100 пайызға жеткізетін арнайы комиссиялар болатын. Сол сияқты 91-ші жылы халық 98 пайыз дауыс берді деп жарияланды. Бірақ олардың ішінде қарсы дауыс бергендер болды, оны біз кейін біліп отырмыз ғой. Сондықтан менің ойымша, біздің тәуелсіз елдің тарихында әділетті сайлау болған жоқ.
.91-ші жылы халық 98 пайыз дауыс берді деп жарияланды. Бірақ олардың ішінде қарсы дауыс бергендер болды, оны біз кейін біліп отырмыз ғой...


Халықтың бірінші ел басшысына артқан үміті де ақталған жоқ. Назарбаев мемлекеттің бүкіл мүлкі мен байлығын талан-таражға салды, үкіметтің қолындағы бар мүмкіндіктерді күйретті. Себебі, социалистік жүйенің орнына жаңа қоғам құру мақсатында ол шет мемлекеттерден келген мамандардың қисынсыз кеңестерін тыңдады, іске асырды.

Менің ойымша, Н.Назарбаев елдің қамын ойлағанның орнына билікті өз қолына қалай мығымдап ұстау, барлық дүние-мүлікті өзіне бейімдеу мақсатындағы саясат жүргізді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG