Accessibility links

Зейнеткер сотта Назарбаевтың намысын қорғай алмады


79 жастағы тұрғын Эльвир Овчинников. Алматы, 8 сәуір 2016 жыл.

79 жастағы тұрғын Эльвир Овчинников. Алматы, 8 сәуір 2016 жыл.

Алматы тұрғыны Эльвир Овчинников президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ар-намысын қорғау туралы арызбен екі мәрте сотқа жүгініп, екеуінде де жеңілген. Заң білетін зейнеткер сотта өзгелердің мүддесін тегін қорғап жүр.

Өткен аптада Алматының 79 жастағы тұрғыны Эльвир Овчинников апелляциялық сотта жеңілді. Ол «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға арналған 100 нақты қадам» бағдарламасы» авторларының қателігі президент Нұрсұлтан Назарбаевты масқаралайды деп санайды. Сондықтан ол Назарбаевтың намысын қорғауға тырысып, арыз түсірген. Овчиников бағдарламадағы «Судьялардың есеп беру тәртібін күшейту» деген 19-тармақты әлгі қателердің бірі деп санайды.

Ақпанның 17-сі күні «Трибуна» газетінде жарияланған «Судьи, на месте – «Шагом марш!» деген мақаласында Эльвир Овчинников «Конституцияда жоқ нәрсенің болуы мүмкін емес» деп, 77-баптың «нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді» деген 2-тармағын түсіндіреді.

Овчинников соттан «Судьялардың есеп беру тәртібін күшейту» деген сөйлем авторын жауапқа тартуды сұраған. Алматының Алмалы аудандық соты Овчинниковтің арызын екі мәрте қайтарып берген.

Эльвир Овчинников билік өкілдерінің қателігін сот арқылы түзетуге талай мәрте тырысқан. Ол «мемлекет мүддесін қорғау» мақсатында «Алматы жылу желілері» компаниясына қарсы талап-арызында төбесі аласа «кедей» пәтер иелері төбесі биік «бай» пәтерлерді жылыту үшін қосымша ақша төлеп отыр деп мәлімдеген. Сот оның бұл арызын да қабылдамай қойған.

«ЗАҢ САҚШЫСЫ»

Қазақстан юриспруденциясының Дон Кихотын біреулер арқылы әрең таптық. Келбеті, әсіресе жымиған кезде Голливудтың әйгілі актері Роберт де Нироға аздап келіңкірейтін Эльвир Овчинников өзі жайлы мақала жазуға, әсіресе фотоға түсіруге әуелі үзілді-кесілді қарсы болды. «Онсыз да кезек күтіп 10 іс жатыр. Азаматтық істер бойынша тегін заңдық көмек көрсететінімді естіген жұрт қаптап келе бастайды» деп қорқады ол.

Овчинников қоршаған әлеммен де, өзімен де үндестікте өмір сүруге үйренгенін, сондықтан жұрттың өтінішін орындаудан бас тартып, олардың да, өзінің де жанын жаралағысы келмейтінін айтады. Заңгерге айналған зейнеткер «мен жайлы емес, менің мақалаларымда қозғалған проблемалар жайлы жазсаңдаршы» дейді.

Эльвир Овчинников мақаласын көрсетіп отыр. Алматы, 8 сәуір 2016 жыл.

Эльвир Овчинников мақаласын көрсетіп отыр. Алматы, 8 сәуір 2016 жыл.

Овчинников мақалаларын көбінесе билікшіл Қазақстан коммунистік халықтық партиясының «Трибуна» газетінде жариялайды. Бірақ ол бұл партияның да, өзге партиялардың да мүшесі емес. Ол ешқашан - тіпті совет заманында да партияға өтпегенін айтады.

Эльвир Овчинников Новосибирск қаласындағы техникалық жоғары оқу орнын (ЖОО) бітірген. Тағдырдың жазуымен кейін Қазақстанға келіп, 1998 жылы зейнетке шыққан. Пәтерін айырбастап, өзге пәтерге көшкенімен, бұрынғы пәтеріне қайта көшуге мәжбүр болған жолдасының сергелдеңі Овчинниковті оның мүддесін сот арқылы қорғауға итермелеген. Әлгі сотта жеңілгенімен, ол заң саласына бет бұрған.

Кейін өзге жандардың мүддесін тегін қорғап, азаматтық сотта талай жеңіп шыққан. Эльвир Овчинников «оылайша бұрынғы инженерден құқық қорғаушыға айналдым» дейді.

Эльвир Овчинников үйлесімді тіршілік кешуінің сыры шындықты өзінше түсінуінде екенін айтады. Ол «өзім де тиянақты болуға тырысамын, айналамнан, заңдардан, түрлі үкіметтік актілерден де осыны талап етемін, белгілі бір мемлекеттік құжаттарға еніп кететін қателер жұртты шатастырып, болжанған жоспарды іске асыруға кедергі келтіреді» дейді. Овчинников соттардан да нақтылықты талап етеді, өйткені оларды мемлекеттің ілгерілеуіне көмектесетін немесе керісінше оның дамуын тежейтін аса маңызды орган санайды. Оның пікірінше, елдегі судьялар заңсыз шешім шығаратын кездер жиі кездеседі, судьялардың бағынышты екенін сондай шешімдерінен байқауға болады.

Ол мысал ретінде азаматтық белсенділер Ермек Нарымбаев пен Серікжан Мәмбеталинге шыққан үкімнен үзінді келтіреді. Оның айтуынша, екеуіне кесілген қосымша жаза мәтінінде «қоғамдық бірлестікте кез келген қызметпен айналысу құқығынан» айыру туралы жазылған. Овчинников бұл қылмыстық кодекстің «белгілі бір қызметпен айналысуға...» деп жазылған 50-бабына қайшы деп санайды.

Эльвир Овчинниковтің пікірінше, нағыз әділ сот төрелігін орнату үшін судьяларды компьютерлерге ауыстыру керек

  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG