Accessibility links

"Назарбаев, кет!" деген Нарымбаев бір жылдан бері түрмеде отыр


«Арман» қозғалысының жетекшісі Ермек Нарымбаев. Алматы, 30 қаңтар 2010 жыл.

«Арман» қозғалысының жетекшісі Ермек Нарымбаев. Алматы, 30 қаңтар 2010 жыл.

«Назарбаев, кет!» деп ұрандап, қылмыстық жазаға тартылған Ермек Нарымбаевты бір жыл бұрын дәл осы күні Алматыдағы Бостандық ауданының соты төрт жылға бас бостандығынан айырған еді.


Ермек Нарымбаев қазір Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Солнечный елді мекенінде ОВ 156/18 жалпы тәртіптегі колонияда жазасын өтеп жатыр. Жақындары оны рақымшылық шарасына іліне ме деп үміттеніп отыр. 23 маусым - оның туған күні.

«АШТЫҚТАН ОҢАЛҒАН ЖОҚ»

Ермек Нарымбаев өткен жылы өзіне қатысты қозғалған қылмыстық іс пен сот процестеріне наразылық ретінде түрмеде 80 күннен артық аштық жариялаған болатын. Мамыр айының соңында онымен кездескен әйелі
Зоя Нарымбаева, Ермек Нарымбаевтың зайыбы. Алматы, 14 мамыр 2010 жыл.

Зоя Нарымбаеваның айтуынша, Ермек Нарымбаев сол аштықтан әлі оңала қоймаған екен. Дегенмен денсаулығы бұрынғыға қарағанда тәуірлегенін айтады.

– Қаңтар айында келген кезімде әлсіз болатын. Қазір әлдеқайда жақсы, – дейді Зоя Нарымбаева Азаттық тілшісіне.

«Ол колонияда немен шұғылданады?» деген сұрағымызға:

– Өзгелерге құжаттық жағынан көмектеседі. Көп уақытын кітапханада өткізеді. Алматыдан бір айырмашылығы, олар таза ауада жүре алады. Дойбы мен шахмат фигураларын жасайды, – деді Зоя Нарымбаева.

РАҚЫМШЫЛЫҚТАН ҮМІТ

Зоя Нарымбаеваның айтуынша, Ермек Нарымбаев қоныстандыру колониясына ауыстыру туралы түрме әкімшілігіне өтініш беріп қойған. «Бірақ әлі жауап жоқ» дейді тұтқынның әйелі.

Жұбайының айтуынша, Ермек Нарымбаевтың шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуға өтініш беру мерзімі де таяп келеді. Ол әзірше аштық
Полицейлер оппозиция белсендісі Ермек Нарымбаевты сот залына әкеле жатыр. Алматы, 2 мамыр 2010 жыл.

жариялаған кездегіден басқа ешқандай ескерту алмаған.

Қазақстанда тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай жуық арада 14 мың сотталушыға амнистия жариялау туралы заң қабылданады.

Ақпарат бойынша, оған негізінен кіші және орташа деңгейде қылмыс жасаған сотталушылар ілінбек. Зоя Нарымбаева жолдасының амнистияға ілінуінен үміттенеді.

– Әрине, үміттенеміз. Қазір енді заңның өзі шыққан жоқ қой. Егер жаңа заңда ешқандай өзгеріс болмаса, Ермек сотталған бап та оған кіреді, – дейді Зоя Нарымбаева.

Маусымның 23-інде 41 жасқа толған Ермек Нарымбаевтың кәмелет жасқа жетпеген екі ұл, бір қызы бар. Зоя Нарымбаеваның айтуынша, Ермек Нарымбаевтың
Ермек Нарымбаевтың қызы Әсем мен әйелі Зоя сот залында. Алматы, 14 мамыр 2010 жыл.
әке-шешесіне ұлдарының түрмеге түскені ерекше ауыр тиген.

Сот шешімімен жабылған «Арман» қозғалысының жетекшісі Ермек Нарымбаев былтыр маусым айында «полицияға күш көрсетті» және «сотты қорлады» деген айыппен төрт жылға бас бостандығынан айрылған болатын.

Осыған дейін Алматы қалалық соты пен бас прокуратураның қадағалау алқасында қайта қаралған сот шешімі өзгеріссіз қалды.

Қазақстандағы оппозициялық күштер Ермек Нарымбаевты «билікке қарсы наразылық іс-әрекеттері үшін жазаланған саяси тұтқын» деп санайды. Ол - демократия күрескерлеріне берілетін «Азаттық» сыйлығының 2011 жылғы иегерлерінің бірі.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG