Accessibility links

Өзбек босқынын қайтарған Қазақстан сынға ілікті


Өзбек босқыны БҰҰ берген құжатын ұстап отыр.
Өзбек босқыны БҰҰ берген құжатын ұстап отыр.

Қазақстан құқық қорғаушылар мен азаптауға қарсы комитеттің өтінішіне қарамастан, босқын Хайрулло Тұрсыновты Өзбекстанға қайтарды. Оған БҰҰ-ның азаптауға қарсы комитеті де арашашы бола алмады.

Қазақстан биылғы наурыздың 13-і күні өзбек босқыны Хайрулло Тұрсыновты еліне экстрадициялаған еді. Осылайша оның заңгеріне апелляцияға рұқсат берілмей, үкіметтік емес ұйымдар мен БҰҰ азаптауға қарсы комитеті жолданған сұрауларда да ескерусіз қалған.

«Ресми тұлғалар тарапынан да Қазақстанның БҰҰ өтінішін елемей, тек халықаралық міндеттемені бұзғанымен қатар өз заңын неге бұзғаны жайлы да ешбір жауап алу мүмкін болмай отыр» деп жазады халықаралық Forum 18 құқық қорғаушы ұйымы өз сайтында.

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫЛАРДЫҢ ӨТІНІШІ

Ақпанның 4-інде Қазақстандық адам құқықтары жөніндегі бюросы БҰҰ-ның азаптауға қарсы конвенциясына сәйкес, «қазақ билігі азаптауды қолданатын елдерге ешкімді экстрадицияламау қажет» деп мәлімдеді.

«Өзбекстанда азаптау – өмір салты болып қалыптасқан елдердің бірі» деген құқық қорғаушы ұйым Қазақстан билігін өзінің халықаралық міндеттерін құрметтеп, Хайрулло Тұрсыновты экстрадициялаудан бас тартуға шақырды.

«Хайрулло Тұрсыновтың азапталуы мүмкін екенін ескерсек, оны Өзбекстанға беру Қазақстан қол қойған БҰҰ конвенциясының 3-бабына қайшы келеді» деп жазады Forum 18.
Алматы аудандық соты судьясының өзбек босқындарының біріне байланысты шығарған шешімі. Алматы, 17 мамыр 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Алматы аудандық соты судьясының өзбек босқындарының біріне байланысты шығарған шешімі. Алматы, 17 мамыр 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Ақпанның 28-і күні БҰҰ азаптауға қарсы комитеті Қазақстаннан Тұрсыновтың өтініші комитетте қаралғанша оны экстрадицияламай тұра тұруын сұраған.

Алматыдағы БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі бас комиссарының басқармасы құпия болғандықтан Хайрулло Тұрсынов ісіне қатысты түсініктеме бере алмайтынын айтты. Бірақ басқарма кез-келген азамат «басқарма қамқорлығына алынбаған жағдайдың өзінде, ұйым мемлекеттерді халықаралық ережелерді қолдануға шақырады» деп ескертті.

Экстрадицияға қатысты сот шешімінде «сот Қазақстан заңы мен халықаралық міндеттемелері негізінде Тұрсыновты экстрадициялауға еш кедергі жоқ деп тапты» делінген». Сот шешімінде Өзбекстан тағып отырған қылмыстық істер тізбектеліп, Қазақстан билігінің іс-әрекеттері ғана айтылады. Ал Өзбекстандағы азаптау мәселесі тіпті аталмайды.

Forum 18 ұйымының «бұл істе БҰҰ мен құқық қорғаушы ұйымдардың өтініштері, Өзбекстандағы азаптау мәселесі неге ескерусіз қалды?» деген сұрағына Ақтөбе соты жауап бере алмады.

Forum 18 тілшісі экстрадиция жөніндегі шешімді қолдаған Қазақстан бас прокуратурасының орынбасары Йоган Меркельмен де хабарласа алмаған.

ХРОНОЛОГИЯ

Өзбек мұсылман босқыны Хайрулло Тұрсыновтың қазақстандық заңгері «Қазақстан билігінің шешіміне наразы» екенін айтып, «Тұрсыновқа қатысты айыптар негізсіз» дейді.
38 жастағы Хайрулло Тұрсынов Өзбекстаннан Қазақстанға 2009 жылы қыркүйек айында келген. Ол 2013 жылы наурызда Ташкентке жіберілді.

38 жастағы Хайрулло Тұрсынов Өзбекстаннан Қазақстанға 2009 жылы қыркүйек айында келген. Қазан айында көші-қон комитетінің Алматы қалалық департаменті оған баспана беруден бас тартты.

2012 жылдың 24 ақпанында Өзбекстан Тұрсыновты тұтқындау туралы сұрау жіберіп, сәуірдің 7-сі күні Қазақстан билігі Ақтөбе арқылы Ресейге кетіп бара жатқан Тұрсыновты қамау алды. «Ақтөбенің мамандандырылған әкімшілік соты оны қамау мен қамау мерзімін бірнеше рет ұзарту туралы шешімдерді шығарды» деп жазады Forum 18.

2012 жылдың қазан айында Қазақстан бас прокуратурасының орынбасары Йоган Меркель экстрадицияға қатысты шешімді қолдады. Хайрулло Тұрсынов бұл шешімді сот арқылы қайта қарауға арыз жазды, алайда екі бірдей апелляциялық инстанцияда өтініші орындалмады.

Хайрулло Тұрсынов экстрадицияланғанға дейін қамауда отырды. 2013 жылдың наурыз айында оны Алматы әуежайынан Ташкентке жіберді. Ташкент әуежайына келісімен қамауға алынған Тұрсыновқа қазір 15 жылға сотталу қаупі төніп тұр.

«ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАТАҢ ШАРА ҚОЛДАНСЫН»

Бұдан бұрын осыған ұқсас істе Қазақстан Өзбекстанға 29 босқын мұсылманды да экстрадициялаған. 2012 жылдың маусым айында БҰҰ-ның азаптауға қарсы комитеті «Қазақстан босқындардың бұл тобының да құқығын бұзғанын» айтты.
Өзбекстанға қайтарылған босқындардың бірі Шухрат Ботиров сотта әйелімен кездесіп тұр. Алматы, 16 наурыз 2011 жыл
Өзбекстанға қайтарылған босқындардың бірі Шухрат Ботиров сотта әйелімен кездесіп тұр. Алматы, 16 наурыз 2011 жыл

Қазір БҰҰ азаптауға қарсы комитеті Қазақстаннан 2012 жылдың қарашасында келген ресми жауапты қарап жатыр. Онда қазақстандық дипломаттар экстрадицияланған 18 босқынмен кездескенін, босқындардың ешқайсысы азаптау мен өзге де заңсыз әрекеттерге шағымданбағанын айтқан. Комитеттің сессиясы 6-31 мамыр аралығында өтуге тиіс.

Forum 18-ге пікір айтқан Париждегі құқық қорғаушы, Action des Chrétiens pour l'Abolition de la Torture (ACAT) ұйымының өкілі Кристин Ларок «БҰҰ-ның азаптауға қарсы комитеті Қазақстанға қаталдық танытып, қатаң шара қолдансын» дейді.
XS
SM
MD
LG