Accessibility links

Футболшыларға жанкүйерлер арқасында жалақы тиді


«Қайрат» пен «Ақжайықтың» ойыны кезіндегі көрермендер қарсылығы. Орал, 23 маусым 2013 жыл. (Асқар Шайғұмаров берген фото)

«Қайрат» пен «Ақжайықтың» ойыны кезіндегі көрермендер қарсылығы. Орал, 23 маусым 2013 жыл. (Асқар Шайғұмаров берген фото)

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі жанкүйерлердің наразылық акциясынан кейін «Ақжайық» футбол клубының қарызын өтеуге қаржы бөлді.

Өткен демалыста Орал қаласында алматылық «Қайрат» пен жергілікті «Ақжайық» футбол ойнады. Ойын кезінде оралдық клубтың жанкүйерлері стадионда қарсылық акциясын өткізіп, «Ақжайық» ойыншыларына жалақы төлеуді талап етті. Олар «Ақжайық» өмір сүруге тиіс!», «Топта қалғандарға рақмет!» деген ұрандар көтеріп шықты.

Матч тең аяқталды. Оралдық жанкүйерлер «бірнеше айдан бері жалақы алмаса да, жақсы ойнаған футболшыларға» алғыс айтты.

2013 жылдың басынан бері «Ақжайықтың» ойыншылары, жаттықтырушылар мен клуб қызметкерлері облыстық бюджеттен бөлінетін жалақыларын алмаған. Қаржылық келеңсіздікке байланысты кейбір ойыншылар топтан кетіп қалды. Клуб 2013 ұлттық чемпионатының турнир кестесінде соңғы орында тұр.

ВИДЕО: «Ақжайық» клубы жанкүйерлерінің акциясы


ЖАЛАҚЫСЫЗ ӨТКЕН АЙЛАР

Батыс Қазақстан облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы клуб спортшыларына өткен жылдың соңынан бері айлық берілмегенін растады. Басқарма облыстық мәслихат клубқа толық ақша бөлу туралы қаулы шығарғанын Азаттыққа 26 маусым күні хабарлады.

«Ақжайық» футбол клубын қолдауға бастамашы болғандардың бірі Асқар Шайғұмаров «жанкүйерлердің өз командасын әлеуметтік тұрғыда белсенді
«Қайрат» пен «Ақжайықтың» ойыны кезіндегі көрермендер қарсылығы. Орал, 23 маусым 2013 жыл. (Асқар Шайғұмаров берген фото)

«Қайрат» пен «Ақжайықтың» ойыны кезіндегі көрермендер қарсылығы. Орал, 23 маусым 2013 жыл. (Асқар Шайғұмаров берген фото)

қолдауы Қазақстан үшін өнегелі жағдай» дейді. «Қайратқа» қарсы ойнаған жексенбілік матчта «Ақжайықтың» стадионы жанкүйерге толып кетті.

Белсендінің айтуынша, жанкүйерлер әкелген 600 парақты стадиондағылар талап әкеткен. Осы аптада жалақының қарызы өтелді. Футболшылар бірнеше айлық еңбекақысын алды.

– Сәрсенбі күні ойыншылар жеті айдың жалақысын алды деп естідім. Бұл – біздің ортақ жеңісіміз, наразылық акциясын қолдаған «Ақжайық» жанкүйерлерінің жеңісі, – дейді Асқар Шайғұмаров.

Азаттық тілшісінің «Футбол топтарына қаржының мемлекеттен ғана бөлінгені жеткілікті ме?» деген сауалына белсенді «Қазақстанның жағдайда бұл – қажеттілік» деді.

– Өркениетті елдерде, қалыпты нарық жағдайында футбол салық төлеушілер емес, жеке демеушілер есебінен күн көріп, дамиды. Бірақ бәрібір наразылық акциясын ұйымдастырдым, себебі бюджеттен бөлінген қаржы шенеуніктердің қалтасына түспей, ойыншыларға төленуі тиіс, – дейді ол.

БЮДЖЕТКЕ ҚАРАЙТЫН ФУТБОЛ

Көптеген елдерде ірі футбол клубтарын мемлекеттік бюджет емес, жеке демеушілер қаржыландырады. Sport.info сайтының шолушысы Айбек Нығмет Қазақстандағы жеке сектор қаржыландыратын жалғыз клуб – алматылық «Қайрат» екенін, өзге командаларға мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінетінін айтты.

Айбек Нығметтің айтуынша, футбол клубтарын салық төлеушілердің қаржыландыратын себебі – қазақстандық кәсіпкерлер әзірше спортқа ақша «Қайрат» пен «Ақжайықтың» ойыны кезіндегі көрермендер қарсылығы. Орал, 23 маусым 2013 жыл. (Асқар Шайғұмаров берген фото)

«Қайрат» пен «Ақжайықтың» ойыны кезіндегі көрермендер қарсылығы. Орал, 23 маусым 2013 жыл. (Асқар Шайғұмаров берген фото)

салғанның болашағы бар деп ойламайды.

– Егер бизнесмен инфрақұрылым, жақсы стадион, футболшыларды жаттықтыруға қаржы салса, оның ақталуына ұзақ уақыт кетеді. Батыста кәсіпкерлер футбол топтарын қуана-қуана қаржыландырады, себебі Еуропада матчты тамашалаушылар көп. Жоғары деңгейдегі бір ойынның билеті 70 долларға дейін барады. Танымал футболшылардың суреті бейнеленген футболкалар да пайда әкеледі. Мысалы, сіз Криштиану Роналдо немесе әлдебір қазақстандық футболшының бейнесі бар футболка тұрса, қайсысын сатып аласыз? – дейді ол.

Қазақстан 10 жылдан астам уақыт бойы Еуропа футбол қауымдастығы одағына (UEFA) мүше болып келеді. 2002 жылы UEFA-ға енген кезде Қазақстан құрамасы басқы елуліктің ішінде жақсы орынға ілігеді деген үміт бар еді. Бірақ ол үміт ақталмады. Кейбір сарапшылар «Қазақстан футболы осы уақыт ішінде басты дүниеге – әр тараптан қаржыландыруға ие болмады» дейді.

Мақаланы орыс тілінен аударған – Динара Әлімжан.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG