Accessibility links

Қапалдағы Фатима Ғабитованың мұражайы жабылып қалды

  • Әлия АХМЕДИЕВА

Педагог Фатима Ғабитованың портреті.

Педагог Фатима Ғабитованың портреті.

Қазақтың көрнекті үш азаматы Біләл Сүлеев, Ілияс Жансүгіров пен Мұхтар Әуезовтердің зайыбы әрі серігі болған Фатима Ғабитованың мұражайын Алматы облысы Қапал ауылының тұрғыны өз ақшасына ашқан еді.


Бұрынғы сауда қызметкері, зейнеткер Ерғали Сәдуақасов 2007 жылы ашқан Фатима Ғабитованың мұражайы қазір жабық тұр, өйткені оны күтіп қарауға зейнеткердің қаражаты жоқ.

2 МИЛЛИОН МЕН 12 МИЛЛИОН

– Фатима Ғабитова осы Қапалда, көпес отбасында 1903 жылы дүниеге келген. 1968 жылы өмірден озды. Бұл әйелдің есімі көпке дейін жазықсыз айтылмай келді. Анығында өз заманындағы бірегей тұлға еді. Ол ағартушы, ұстаз, ақын әрі жазушы болған адам. Бірақ ең бастысы – қазақтың үш ұлы азаматына дем беріп, ошақтарын тұтатқан, – дейді Ерғали Сәдуақасов Азаттық радиосына берген сұқбатында.

Ерғали Сәдуақасовтың айтуынша, ол Фатима Ғабитованың бұрынғы үйін,
Жазушы әрі педагог Фатима Ғабитованың мұражайын ашқан Ерғали Сәдуақасов.

экспонат, хат, фотосуреттері мен оның өмірі жайлы өзге де құжаттарды сатып алған. Мұражайды бірнеше жыл күтіп-баптаған зейнеткер екі миллион теңгеге жуық қаржы жұмсағанын айтады.

– Бірақ мен қазір зейнеткермін, сондықтан мұражайды күтіп қарауға ақшам жоқ. Сол себепті мұражай жабық тұр. Мені қолдаған ешкім болмады. Хат жолдамаған жерім жоқ. «Ғимаратты тегін алыңыздар, сіздерге кітапханамдағы 7,5 мың кітапты тегін беремін» дедім. Үш бөлме экспонат сыйламақшы болдым, бірақ ешкім алмады, – дейді Ерғали Сәдуақасов.

Ерғали Сәдуақасов «шенеуніктер Фатима Ғабитованың мұражайына неге бұлай қарайды» дегенге байланысты өз ойын да айтты:

– Бұл Фатиманың үш күйеуі болғанымен байланысты-ау деймін. Олар «мұндай әйелге мұражай тұрғызуға болмайды» деп ойлайтын шығар. Оның үстіне ол татар болатын.

Қапал ауылының әкімі Жұмажан Рақымжановтың айтуынша, Фатима Ғабитованың мұражайын қалпына келтіру үшін шамамен 12 миллион теңге керек.

– Өкінішке қарай, біз Фатима Ғабитованың мұражайын сақтап қала
Ақын Сара Тастанбекқызының мұражайы.

алмадық. Экспонаттардың бір бөлігін бір ұйымда сақтап отырмыз. Ғимаратты жөндеп, мұражайды ұстап тұруды мойнына алатын демеушілер іздеп жүрміз, – дейді Қапал ауылының әкімі Жұмажан Рақымжанов.

Оған қоса бұл кентте Сара Тастанбекқызының да мұражайы бар.

Сараның есімі «1896 жылдың көктемінде Біржан салмен айтысты» деген мәліметке орай қазақ әдебиеті тарихына енген. Қазір бұл айтысты оқулықтарға енгізіп, айтыс өнерінің үздік үлгісі ретінде оқытады. Алайда кейбір мамандар мұндай айтыстың мүлде болмағанын айтады.

Ақын Сара 1916 жылы 38 жасында өмірден өткен.

ФАТИМА ҒАБИТОВА

Жазушы Майра Жанұзақованың «Фатима» кітабында осы әйелдің өмір тарихы баяндалған. «Фатима Ғабитова – белгілі мектеп мұғалімі. Ұстаздық қызметі жылдарында мыңдаған оқушыны тәрбиелеп шығарған, білім беру реформаларына белсене араласқан. Оның еңбегі Ұлы Отан соғысы жылдарында «халық жауының әйелі» деген атына қарамастан мемлекеттік сыйлықпен марапатталған.

Фатима Ғабитова – дарынды әдебиетші. Бірақ соқтықпалы-соқпақты өмірі дарынын толық ашуға мүмкіндік бермеді. Алайда оның бірегей дарынын шығармашылық мұрасына қарап бағалауға болады: оның азаматтық үні ерекше өлеңдері, тамаша әңгімелері, лирикалық этюдтері, эссе, көркем аудармалары, әдеби-сын мақалалар бар» дейді кітап авторы.

Фатима Ғабитова 17 жасында жас ағартушы Біләл Сүлеевке қосылып, одан үш бала (Жәнібек, Фарида және Азат) сүйді. Біләл Сүлеев сталиндік қуғын-сүргіндердің алғашқы кезінде, 1930 жылдардың басында тұтқынға алынды.

Фатима Ғабитова одан кейін ақын Ілияс Жансүгіровпен бас құрап, Үміт,
Хрущев пен қазақстандық үкіметке атүсті алғысын айтқан соң қолын залға созып, бірінші қатарда отырғандардың нұсқап, бірінен соң бірінің айыбын айта бастады: «Сен Ілиястың үстінен арыз жазғансың!», «Сен оның еңбектерін иемденіп алғансың!», «Ал сен Ілиястың отбасын қуып шығарып, пәтеріне кіргенсің!».

Ильфа және Болатты өмірге әкелді. Ілияс Жансүгіров те қуғын-сүргінге ұшырап, 1937 жылы тұтқындалып, атылды.

Ілиястың қазасынан соң тағы да жалғыз қалған Фатима Ғабитоваға жазушы Мұхтар Әуезов сүйеніш болды. Фатима Мұхтардан Мұрат деген ұл көрді.

Фатима Ғабитова Ілияс Жансүгіровтің әдеби мұрасын сақтап қалды, оның жақсы атын ақтап шығуға көп күш жұмсады.

Осындай оқиғалардың бірін жазушы Жансүгіровтың қызы Ильфа естелігінде былай сипаттайды:

«Оның [Фатима Ғабитованың] 1957 жылғы Қазақстан жазушылар одағындағы партия жиналысында айтқан сөзі есімнен кетпейді. Ол сөзі үш адамды – Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров және Бейімбет Майлинді ақтауға арналған еді. Сәнді киінген, маңғаз, асқақ келбетімен шыға келгенде, бәрі тына қалды. Оттай жанған қара көзінің әсерінен у-шу болған зал лезде басылды. Оның сөзі өзіне дейін сөйлегендердің сөзінен ерекше болды. Хрущев пен қазақстандық үкіметке атүсті алғысын айтқан соң қолын залға созып, бірінші қатарда отырғандардың нұсқап, бірінен соң бірінің айыбын айта бастады: «Сен Ілиястың үстінен арыз жазғансың!», «Сен оның еңбектерін иемденіп алғансың!», «Ал сен Ілиястың отбасын қуып шығарып, пәтеріне кіргенсің!». Бұл бір құлақ естіп, көз көрмеген, ғаламат нәрсе болды. Мен оның сөзінің жарым-жартысын да ұқпай, қатты масаттанып отырдым».

АТАҚТЫ КҮЙЕУЛЕРІНІҢ МҰРАЖАЙЛАРЫ

1984 жылы Талдықорғанда Фатима Ғабитованың екінші күйеуі Ілияс Жансүгіровтың 90 жылдығы қарсаңында ескі ағаштан салынған ғимаратта ақынның әдеби мұражайы ашылды. Мұнда жазушы мен оның отбасының сирек кітаптары, фотосуреттері, жеке заттары сақтаулы тұр.

Алматыда Мұхтар Әуезовтің мұражай үйі жұмыс істеп тұр. Оның іргесі 1962 жылы көтерілген. Мұхтар Әуезов өмірінің соңғы он жылында тұрған үйді бұрынғы қалпына келтіруге жазушының әйелі Валентина Әуезова көмектескен. Үйдің екі қабатында жеті бөлме бар. Экспонаттардың көпшілігін жақын-туғандары берген. Мұнда жазушының әдеби мұрасын – қолжазбаларын, архив материалдарын, әдеби туындыларын зерттейтін ғылыми орталық бар.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG