Accessibility links

Журналист Обамадан Ертіске араша сұрады


Өзеннен егінге су тартып жатқан құбыр. Шығыс Қазақстан, 24 мамыр 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Өзеннен егінге су тартып жатқан құбыр. Шығыс Қазақстан, 24 мамыр 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстандық журналист Федор Ковалев суы азайып бара жатқан Ертіс өзенін үлкен қатерден құтқаруға жәрдем сұрап, АҚШ президентіне ашық хат жазды.

Павлодар тұрғыны Федор Ковалев АҚШ президенті Барак Обамадан Қазақстанда жұмыс істеп жатқан АҚШ компаниясына инвесторлық міндеттемелерін орындауына ықпал жасауды сұрады.

Ковалев Ертіс өзенінің су қорына зиян келтіріп отыр деп сынаған AES компаниясы Қазақстанның белгілеп берген кестесіне сай жұмыс істеп жатқанын айтады.

ОБАМАҒА АШЫҚ ХАТ

Павлодарлық «Наша жизнь» газетінің журналисі Федор Ковалев ақпанның 6-сы күні АҚШ президенті Барак Обамаға жолдаған хатында Ертіс өзенінде судың азайып бара жатқанын жазады. Хатта 2007 жылы көктемде Ертістегі судың әдеттегі мөлшері үш есеге азайғаны, соңғы төрт жылда бұл оқиға тағы қайталанып, судың жетіспеуі экология мен ауыл шаруашылығына үлкен кесірін тигізіп жатқаны айтылған.

Ертіс өзенінің Қазақстан арқылы өтетін бөлігінде салынған Шүлбі су электр станциясы 1997 жылы америкалық AES энергетикалық компаниясына 20 жылға басқаруға (концессияға) берілген.

Федор Ковалев Ертістің қазіргі жағдайына AES компаниясы кінәлі деп санайды.

«AES Ертістің сағаларының су жинақтау ырғағын өрескел бұзып отыр. Қыс бойы Ертіс өзенінің үстінен салынған көпір. Семей, 30 қазан 2009 жыл.

Ертіс өзенінің үстінен салынған көпір. Семей, 30 қазан 2009 жыл.

жиналған қар суы Ертіске кешігіп жіберілетіндіктен, өзен суының табиғи түрде жайылуына мүмкіндік жоқ. Соның салдарынан экология, өңірдегі ауыл шаруашылығы мен Қазақстан халқының төрттен біріне зиян тигізіп жатыр. Әсіресе өзен ағысының төменгі жағында орналасқан Павлодар облысы көп зардап шегіп отыр» деп жазған Ковалев.

Ол соңғы жылдары шабындық пен жайылым сұйылып, сирек өсімдіктер мен құнды балықтар да бірте-бірте жойылып бара жатқанын айтады.

– Мен Павлодар қаласының тұрғынымын, осында балаларым тұрады. Сондықтан қоршаған орта мен экологияның жақсы болғанын қалаймын. AES Қазақстанда 1997 жылдан жұмыс істеп келеді, бірақ содан бері жағдай өзгерген жоқ. Қазақ үкіметі америкалық инвесторларға Қазақстан алдындағы міндетін орындауға ықпал ете алады, бірақ олай істемей отыр. Сондықтан президент Обамаға хат жазуды жөн санадым, – деді Азаттық тілшісіне 35 жастағы Федор Ковалев.

Павлодарлық журналист жазған хатын Facebook пен Twitter әлеуметтік желілеріндегі өзінің жеке парақшасында жариялап, Ақ үйдің ресми сайты мен Барак Обаманың әлеуметтік желідегі парақшасына да жіберген.

Федор Ковалев АҚШ президентіне жазған хатынан қайыр бола ма деп үміт ететінін, бірақ күдігі де бар екенін айтады.

– Мен бұл хатқа қатысты президент Обаманың жауап беретіндігіне сенімді емеспін. Оның қолы бос емес екендігі белгілі. Бірақ бұл америкалық энергетиктерге қатысты болғандықтан Обама үшін – басымды мәселе. Бұл хат Қазақстанның және шетелдік ақпарат құралдары үшін үлкен ақпараттық ілік болады. Осы арқылы Ертіс мәселесін назардан тыс қалдырмаған жөн, – дейді Ковалев.

Павлодардағы «Эком» экологиялық ұйымының жетекшісі Светлана Могелюктің айтуынша, Ертіс өзеніне экологиялық апат қаупі туралы айту әлі ерте, бірақ энергетиктердің суды уақытында және жеткілікті көлемде ағызып отырмауы себепті эко-жүйеге үлкен зиян келіп жатыр.

«КЕСТЕГЕ САЙ ЖҮРІП ЖАТЫР»

Қазақстанда бірнеше энергетикалық ірі нысанды басқаруына алып жұмыс істеп жатқан шетелдік AES компаниясының бұқарамен байланыс директоры Светлана Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Самар ауылындағы қар ерігеннен кейінгі су тасқыны. 30 сәуір 2010 жыл. (Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің суреті).

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Самар ауылындағы қар ерігеннен кейінгі су тасқыны. 30 сәуір 2010 жыл. (Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің суреті).

Нищенко Азаттық тілшісіне «күнделікті судың ағуы Ертіс бассейнінің су-шаруашылық инспекциясының кестесіне сай» екенін айтты.

Федор Ковалевтің хатында айтылған жайттарға қатысты AES компаниясының Азаттық радиосына жіберген жауабында "Ертіс бассейнінің су-шаруашылық инспекциясы жоғарғы Ертіс бойындағы гидроэлектрстанцияларына қатысты күнделікті су ағымы кестесін жасап бергені" айтылған.

«Қар аз жауған қыстан кейін және Ертіс өзеніндегі су көлемі азайған соңғы бірнеше жылда Шүлбі станциясындағы судың ағыны баяу болды. Биыл Шығыс Қазақстан облысы тауларындағы қар қорының көптігінен станция энергетиктері көктемде су ағыны ұлғаяды деген болжам жасап отыр» деп жазылған Азаттық радиосына ақпанның 8-і күні компаниядан келген хатта.
  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG