Accessibility links

Алматы облысында Су-27 әскери ұшағы апатқа ұшырап, сынықтары Көксу ауданынан табылды. Қазір ұшақта болған екі ұшқышты іздестіріп жатыр.

Алматы облысы аумағында 23 қыркүйек күні түнде әскери Су-27 ұшағы апатқа ұшырады. Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің Азаттыққа хабарлауынша, сейсенбі күні "оқу-дайындық мақсатында ұшып шыққан Су-27 жойғыш ұшағымен байланыс кешкі 20 сағат 42 минут кезінде үзілген".

Әскери ұшақтың қалдықтары түн ішінде Көксу ауданы аумағында, Жаңалық ауылынан 15 километр жерден табылған.

Қорғаныс министрлігінің ақпараты бойынша, ұшақ экипажында подполковниктер - Е.Ж.Науанов пен Д.И.Горбунов болған. Қазір ұшқыштар іздестіріліп жатыр.

Апат себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылған.

Су-27 - күрделі маневрлер жасай алатын әскери жойғыш ұшақ. Ресейде жасалатын бұл ұшақтарды Ресей, Украина, Қазақстан қарулы күштері пайдаланады.

Қазақстанда соңғы жылдары бірнеше әскери әуе техника апаттары тіркелген. 2013 жылы шілде айында Ақтөбе қаласының маңындағы әскери аэродромға қонар сәтте Қазақстан әуе күштері әскери институтының Л-39 оқу-жаттығу ұшағы апатқа ұшырап, екі адам мерт болған.

2013 жылы сәуір айында Қарағанды облысының аумағында құлаған МиГ-31 әскери ұшағының экипаж командирі мерт болып, штурманы ауруханаға түскен.

Ал 2012 жылы желтоқсанда Шымкент қаласының әуежайынан 20 шақырым жерде Астанадан Шымкентке ұшып бара жатқан, шекара қызметіне қарасты Ан-72 ұшағы апатқа ұшырап, борттағы 27 адам түгел қаза тапқан. Құрбан болғандар арасында шекара қызметінің басшысы Тұрғанбек Стамбеков пен «Оңтүстік» шекара басқармасының командирлері бар.

We are sorry, but this feature is currently not available

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG