Accessibility links

Кинотеатрлар «Диктатор» фильмін көрсетуді тоқтатты


"Диктатор" фильмінің постері. (Көрнекі сурет)

"Диктатор" фильмінің постері. (Көрнекі сурет)

Twitter әлеуметтік желісінде «Диктатор» фильміне Қазақстанда тыйым салынды» деген ақпарат тарады. Фильмді Қазақстанға әкелген және прокатына жауапты «Интерфильм» компаниясы бұл жөнінде ешқандай түсінік бермей отыр. Бір анығы - Қазақстан кинотеатрларының барлығында «Диктаторды» көрсету тоқтатылған.


Қазақстанда мамырдың 17-сі күні прокатқа шыққан Саша Барон Коэнның «Диктатор» фильмі ел кинотеатрларында екі күннен бері көрсетілмейтін болды. Алматы, Астанадан бастап, барлық қалалардың кинотеатрлары «Диктаторды» кестелерінен алып тастаған.

ИНТЕРФИЛЬМ: «БҰЛ - БІЗДІҢ ЖЕКЕ ҚҰПИЯМЫЗ»

Фильмді Қазақстанға әкелген және прокатына жауапты «Интерфильм» компаниясы бұл жөнінде ешқандай түсінік бермей отыр.

- Бұл фильмнің прокатына байланысты қандай да бір мәлімдеме бере алмаймыз. Бұл - біздің жеке құпиямыз, - деді «Интерфильмнің» өзін таныстырудан бас тартқан өкілі.

Ал Алматыдағы Mega Cinema кинотеатрының Елена есімді администраторы:

- Бұл фильмнің мерзімі бітті. Үш күннен бері көрсетіп жатқан жоқпыз. Оның орнына "Диктатор" фильмінің "Арман" кинотеатры алдына ілінген жарнамасы. Алматы, 24 мамыр 2012 жыл.

"Диктатор" фильмінің "Арман" кинотеатры алдына ілінген жарнамасы. Алматы, 24 мамыр 2012 жыл.

жаңа кинолар келді, - дейді.

«Арман» кинотеатрының кассирінің бірі де дәл осындай ақпарат берді. «Жалпы бұл фильм екі аптаға ғана алынған. Қазір репертуардан алып тастадық» дейді кассир.

Алайда «Диктатор» фильмімен бірге прокатқа шыққан, яғни мамырдың 17-сі күні көрермен назарына ұсынылған «Уақытты жылжыт» («Двигай время»), «Тарбозавр», «Напролом» картиналары кинотеатрларда көрсетіліп жатыр.

«БЕЛГІЛІ БІР ТОПТЫҢ БҰЙРЫҒЫ»

Ал саясаттанушы Расул Жұмалының айтуынша, бұл фильмнің жарнамасы жақсы, тіпті тыйым салудың өзі - қосымша жарнама.

- Еліміз «Диктаторға» тыйым салуға тырысып немесе прокаттан жылдам алып Саясаттанушы Расул Жұмалы. Алматы, 30 қыркүйек 2010 жыл.

Саясаттанушы Расул Жұмалы. Алматы, 30 қыркүйек 2010 жыл.

тастады делік. Бірақ бәрі - кеш. Қазір көрем деген көрермен фильмді көріп алды, - дейді ол.

Саясаттанушының ойынша, «киноға жоғары жақтан тыйым салынса, саяси астары қоюлана түсуі мүмкін».

- Тіпті көрермен «неге тыйым салды екен?» деп қызыға түседі. Сондықтан белгілі бір топ киноны ақырын ғана алып тастауға бұйрық бере салған болар, - дейді Расул Жұмалы.

Ұлыбриятаниялық актер Саша Барон Коэн «Диктатор» фильмінде мемлекетті авторитарлық тәсілдермен билейтін генерал Алладин арқылы әлемдегі бірнеше диктатордың жиынтық образдарын сомдаған.

Комедия Қазақстанда 17 мамырдан бастап көрсетіліп, кинотеатрларда «сұранысқа ие фильмдердің бестігіне» енді.

«Диктатор» фильмін көрсетуге Тәжікстан мен Түркіменстан тыйым салған.

«БОРАТТАН» - «ДИКТАТОРҒА»

Саша Барон Коэн - қазақстандық көрермендерге 2006 жылы шыққан «Борат: ғаламат Қазақстан еліне пайдалы Американың мәдени танымы» атты комедиялық фильмімен танымал болған актер. Ол фильмдегі өзін «қазақстандық журналиспін» деп атайтын бас кейіпкер Борат Сағдиев оғаш мінезімен жұрт назарын аударатын.

«Борат» Қазақстанның беделін түсіреді» деп, фильмге наразылық танытушылар да болды.

Бірақ «Борат» жария болған 2006 жылы Ұлыбританияға барған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Бұл фильм елімізге пайдалы болды. Қазақстанның қандай екенін білгілеріңіз келсе, сіздер де келіп қайтыңыздар» деп, ағылшындарды қонаққа шақырған.

Қазақстанның Ұлыбританиядағы сол кездегі елшісі Ерлан Ыдырысов та «Біз, қазақтар, Боратты ойлап тапқан Саша Барон Коэнге қарыздармыз» деді.
  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG