Accessibility links

Жаңарған «Қыз Жібекпен» жүздескен көрермен көп болмады


Иллюстративті сурет

Иллюстративті сурет

Биыл экранға шыққанына 40 жыл толып отырған аңыз картина «Қыз Жібек» фильмінің жаңартылып, түр-түсі қоюлана түскен нұсқасын көруге келген көрермен санын саусақпен санап шығуға болатын еді. Есесіне фестивальдың байқауына ілінбей қалған Қытайдағы қазақ киногерлері түсірген «Гүлбике» картинасына келген көрермен залға симай кетті.




Руханият айдарымен берілетін хабарымыз Алматыда өткен «Еуразия» кинофестивалі тұсындағы және одан кейінгі ойлар төңірегінде өрбіді.

Биыл алтыншы рет өткізілген «Еуразия» халықаралық кинофестивалі Орта Азия және түркі тілдес халықтар киносына арналды. Кинофестиваль аясында «Айрықша оқиға» ретінде техникалық тұрғыдан жаңартылған «Қыз Жібек» фильмі көрсетілгенде залдың әр жерінде шошайып қана отырған көрермендер көрінді.

«Қыз Жібек» фильмінде басты рөлді сомдаған Меруерт Өтекешеваның қабағына кірбің ұялап, әйгілі картинада тағы бір басты рөлде ойнаған СССР-дің және Қазақстанның халық артисі Фарида Шарипованың да осы күндері өмірден өткенін біреу білсе, біреу білмейтінін айтты.

Ал, Қытайдың «Тянь-Шань» киностудиясы түсірген және идеясы ақындар айтысын арқау еткен «Гүлбике» фильмі кинофестивалдің байқауына қатыстырылмаса да, көрерменге кенде болмады.

Фестиваль шымылдығы жабыларда ұйымдастырушылар халықаралық «Еуразия» кинофестивалі жыл сайын өтіп тұратындығын айтты.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG