Accessibility links

Режиссерлер қылмыс туралы фильм түсіруге неге қызығады?


«Тараз» фильмінен алынған скриншот. 2016 жыл.

«Тараз» фильмінен алынған скриншот. 2016 жыл.

«Қазақстанда түсірілген қылмыстық әлем туралы киноларды жұрт неге жаппай көреді?», «Ұсақ бандиттер туралы фильмдер түсіру қашан тоқтайды?». AzattyqLIVE бұл тақырыпты киносыншы Гүлнәр Әбікеевамен талқылады.

Қазақстан кинотеатрлары экранына Нұртас Адамбайдың «Тараз» фильмі шықты. Өмір қиыншылықтары кесірінен қылмыс жолына түскен жігіт туралы фильмді киносыншылар мақтап, енді ол кинофестивальдерге қатыспақ. Нұртас Адамбайдың айтуынша, «Тараз» кинолентасы бес бірдей кинофестиваль бағдарламасына енген. Олардың үшеуі - АҚШ-та, біреу — Канадада, тағы біреуі Мексикада өтеді.

Қазақстанда түсірілген қылмыс туралы фильмдердің ерекшелігі - елдегі саяси өмір туралы мүлде айтпайды немесе билік саясатын жақсы жағынан көрсетеді.

Қылмыскерлер туралы фильм түсіруге қазақстандық режиссерлер арасында қызығушылық неге басым? Мұндай фильмдерді көрермендер неге жақсы көреді? Соңғы 20 жылда бұл жанрда фильм түсіру қалай дамыды?

AzattyqLIVE хабарында бұл мәселені талқылауға киносыншы Гүлнәр Әбікеева қатысты.

XS
SM
MD
LG