Accessibility links

Атыраудағы мұнай өңдеу зауытында өрт болып, бір адам қаза тапты


Қара қошқыл түтін мен от жалынына оранған Атырау мұнай өңдеу зауытының территориясы. 23 қыркүйек, 2009 жыл.

Қара қошқыл түтін мен от жалынына оранған Атырау мұнай өңдеу зауытының территориясы. 23 қыркүйек, 2009 жыл.

Атыраудағы мұнай өңдеу зауытында өрт бүгін күндізгі сағат 14.30-да басталған. Өрт жалыны өндірістік цехтардың бірінен шығып, біраз алаңды шарпып өткен.

Атыраудағы мұнай өңдеу зауытында өрт шығып, бір адам қаза болды деп хабарлады Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің баспасөз қызметі.

Хабарларға қарағанда, өрт зауыттың сегізінші цехында шыққан. Тілсіз жаудың құшағында қалған үш адам ауруханаға жеткізілген, олардың біреуі денесін шалған күйік салдарынан көз жұмды.

Зауыттың шамамен 1000 шаршы метрін шарпыған өрт Астана уақыты бойынша сағат 15.51 ауыздықталды.

1945 жылы іске қосылған бұл зауыт авиациялық жанармай шығарумен айналысады.
XS
SM
MD
LG