Accessibility links

Наурыз мейрамын қалай атап өтесіз?


Наурыз мерекесін тойлау сәті. Алматы, 21 наурыз 2011 жыл
Наурыз мерекесін тойлау сәті. Алматы, 21 наурыз 2011 жыл

15 наурызда өткен Форумханада Наурыз мейрамының ерекшеліктері мен рәсімдеріне қатысты оқырмандарымыз ой-пікірлерін ортаға салды.


Соңғы 20 жылдан астам уақыт бойы Қазақстанда наурыз мерекесі ұлттық мейрам ретінде аталып өтіп жүр. 22 наурызда күн мен түн теңеліп, шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жыл басталады деп те айтылады. 15 наурызда өткен Форумханада Наурыз мейрамының ерекшеліктері мен рәсімдеріне қатысты оқырмандардың ой-пікірін білгіміз келді.

Әңгіме мынадай сауалдар бойынша өрбіді:

1. Наурыз мейрамының сіз үшін маңызы қандай, бұл мерекені тойлайсыз ба?

2. Наурыз көже жасап көрдіңіз бе, ерекше рецептіңіз бар ма?

3. Наурыз мерекесін тойлау ерекшеліктері Иран мен Орталық Азия елдерінде әрқилы. Қазақстанның аймақтарында Наурызға қатысты қандай өзгеше ғұрыптар сақталған?

4. Наурыз сіз үшін Жаңа Жыл сияқты отбасылық мейрамға айналды ма?

5. Наурызды атап өтуге қатысты қандай ұсыныс-пікірлеріңіз бар?


Форумханаға қатысқан барша оқырманға алғыс айтамыз.
XS
SM
MD
LG