Accessibility links

Freedom House: Қазақстанда еркіндік азайып барады


Алматыда шерулердің бірінде президент Назарбаевтың суретін ұстап тұрған белсенді.

Алматыда шерулердің бірінде президент Назарбаевтың суретін ұстап тұрған белсенді.

Freedom House құқық қорғау ұйымы рейтингінде Қазақстан еркін емес елдер тізімінде қалып отыр. Рейтинг авторларының сөзінше, елдегі жағдай үздіксіз нашарлап барады.

Қаңтардың 23-і күні Freedom House құқық қорғау ұйымы әлемнің 195 елі мен 14 даулы аумағындағы еркіндік деңгейі туралы жыл сайынғы баяндамасын жариялады.

Әр ел мен аумаққа саяси бостандық пен азаматтық құқық бойынша 1-ден (жақсы көрсеткіш) 7-ге дейін (нашар көрсеткіш) рейтинг берілген. Бұл екі категория аралығында 25 нақты көрсеткіш арқылы мемлекеттің «еркін», «жартылай еркін» немесе «еркін емес» ел екені бағаланады.

Саяси құқық пен азаматтық еркіндік саласындағы ахуал 54 елде нашарлаған, ал 40 елдің көрсеткіші жақсарған. Әлемдегі еркіндік ахуалы сегіз жыл қатарынан нашарлап барады. Бұл – зерттеу жүргізіліп келе жатқан соңғы 41 жылда ең ұзаққа созылған кезең.

Freedom House ұйымы президенті Дэвид Крамер бұл процестің бір себебін: «Зерттеу нәтижелері Қытай, Ресей сияқты авторитарлық елдер көршілес елдерді қорқытып-үркіту мен өз ішіндегі репрессияны күшейту әрекетінен бас тартпай отырғанын көрсетті» деп түсіндіреді.

Құқық қорғаушылардың мәлімдеуінше, «Еуразиялық субаймақ» елдеріне екіжүзді стандарт тән, яғни бұл елдердің халықаралық қатынасы елдің энергоресурстар қорына тәуелді.

Баяндамада «Бір жыл ішінде рейтингі түскен үш ел – Ресей, Әзербайжан және Қазақстан мұндай күйге түскеніне он жылдан асса да, табиғи газ бен мұнайдың Түрмедегі Арон Атабектің туыстары Қазақстан елшілігі жанында акция өткізіп тұр. Лондон, 5 қазан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Түрмедегі Арон Атабектің туыстары Қазақстан елшілігі жанында акция өткізіп тұр. Лондон, 5 қазан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

бай қорының арқасында демократиялық үкіметтер тарапынан онша сынға ұшырамай келеді» деп жазылған.

Субаймақ елдерінің көпшілігінде демократиялық бостандықты басып-жаншу жылдан жылға жалғасып келе жатқаны байқалады. Үш ел – Беларусь, Түркіменстан және Өзбекстан саяси бостандық көрсеткіші жөнінен бұл топ рейтингтің ең төменгі сатысына түсіп, ең репрессиялы режим орнаған елдер қатарына ілікті.

Саяси бостандық көрсеткіші 6-ға, азаматтық құқық көрсеткіші 5-ке түскен Қазақстан да «еркін емес ел» деп аталды. Құқық қорғаушылар Қазақстанда бұл тенденция әлі сақталып отырғанын, Ресейдің де көрсеткіштері дәл осындай екенін мәлімдейді.

Қазақстанның көрсеткіштері әсіресе 2011 жылы қабылданған діни қызмет туралы заңды жаппай әрі шектен тыс қолдануға байланысты нашарлап кеткен. Жаңа заңға арқаланған арнайы қызмет органдары діни қауымдардың жеке меншік үйлерде өтетін жиналыстарына жаппай рейд жүргізген.

Freedom House ұйымының зерттеулер жөніндегі вице-президенті Арч Паддингтон зерттеу нәтижелерін «демократияның тым нашарлап кетуіне баспасөз еркіндігін, азаматтық қоғам құқықтары мен заң үстемдігін шектеу әсер етті» деп қорытады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG