Accessibility links

«Қазақстан – демократиялық еркіндігі шектелген, еркін емес елдердің бірі»


Полицейлер Желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алуға жиналған халықты бақылап тұр. Алматы, 17 желтоқсан 2009 жыл.

Полицейлер Желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алуға жиналған халықты бақылап тұр. Алматы, 17 желтоқсан 2009 жыл.

Freedom House (Фридом Хауз) ұйымының биылғы баяндамасында 2010 жылы ғаламдық еркіндіктің осымен бесінші жыл қатарынан төмендеп кеткені айтылады. Ал бұрынғы совет елдерінде қоғамдағы еркіндік одан әрі әлсіреп барады.


Әлем елдеріндегі саяси құқық пен азаматтық қоғам еркіндігін зерттеп келе жатқан Freedom House «көптен бері дүниежүзіндегі еркіндік барған сайын шектеліп барады» дейді. Бұл зерттеуде 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағасы болған Қазақстан демократиялық еркіндігі шектелген, «еркін емес» елдердің қатарында қалды. Ал оның көршісі Қырғызстан «жартылай еркін» елдер санатына өтті.

ЖЫЛДАН-ЖЫЛҒА КЕРІ КЕТУ

2010 жылы еркіндігі төмендеген елдер 25-ке жетіп, еркін елдер қатарынан екі есе артып кетті. Осыған дейін еркін болып келген 89 ел 87-ге азайды, 2005 жылы демократиялық сайлауы бар елдер 123 болса, қазір 115-ке түсіп қалған. Оған қоса, Қытай, Мысыр, Иран, Ресей, Венесуэла сияқты елдердегі өктем биліктер елдегі қудалауларын жалғастырып келеді.

Freedom House ұйымының атқарушы директоры Дэвид Крамер «бұл кері кеткен көрсеткіштер әлемдегі барлық демократияны оятатын дабыл болуы керек» дейді. «Біздің қарсыластарымыз жаппай қуғын-сүргін жүргізіп қана қоймай, бұрын-соңды болмаған өктемшілдік танытып отыр. Оған демократиялық қоғам дұрыстап назар аудармай жатыр» деді Дэвид Крамер
Сараптама бойынша, әлем елдеріндегі демократиялық көрсеткіштер «еркін», «жартылай еркін» және «еркін емес» деп үшке бөлінеді
ұйымның таратқан мәлімдемесінде.

1972 жылдан бері «Әлемдегі еркіндік» тақырыбымен жарияланып келе жатқан Freedom House есебі дүние жүзінің 194 мемлекеті мен 14 аймағындағы саяси және азаматтық құқықтарды жіті бақылайды. Сараптама бойынша, әлем елдеріндегі демократиялық көрсеткіштер «еркін», «жартылай еркін» және «еркін емес» деп үшке бөлінеді.

Биыл 4 ел (оның ішінде Украина мен Мексика бар) еркін ел деңгейінен жартылай еркін елдер қатарына өтті. Мексика «есірткі тасымалдаушы топтың қақтығысын тоқтата алмай отыр» деп сыналса, Украина баспасөз еркіндігін шектеудің, бұрмаланған сайлаулар мен сот жүйесінің саясилануының кесірінен төмендеген. Сөйтіп, бұрынғы совет елдерінің ішінде азаматтық қоғамы мен саяси құқығы еркін болып келген жалғыз ел – Украина да осы жолы «жартылай еркін» деген деңгейге түсті.

БҰРЫНҒЫ СОВЕТ ЕЛДЕРІНДЕ ЕРКІНДІК ЖОҚ

Әлемдегі еркіндік есебінің ауторлары бұл аймақтағы еркіндіктің төменге кетуіне ортақ бір түсінік бере алмайды. Бірақ оған себеп болуы мүмкін жағдайлар деп, біріншіден, аймақтың Совет одағы мұрагері екенін, екіншіден Ресейдің демократияға қарсы ықпалы мен экономикалық қуатын, үшіншіден, Әзірбайжан, Қазақстан және Түркіменстан сияқты мұнай мен газға бай елдер екенін атап өтеді.

«Бұрынғы Совет елдері соңғы бес жылда (он жылдық бойы) барған сайын төмендеп барады. Бұл жолды Ресей бастап отыр. Бірақ ең қатты қуғын-сүргін көрсететін елдер ретінде Өзбекстан мен Түркіменстан ең төменгі сатыда тұр. Freedom House көрсеткіштерінде Тәжікстан мен Әзірбайжан да өте аз ұпай жинап, еркін емес елдер санатында тұр» дейді осы ұйымның зерттеушілер жетекшісі Арч Паддингтон.

Оның айтуынша, бұрынғы совет елдерінің ішінде Қырғызстан, Молдова және Грузияда оң көрсеткіштер байқалған. «Алға басуы бар елдер ретінде бұл аймақ бұрынғымен салыстырғанда еркін сайлаулар өткізді» дейді Паддингтон:

Оның айтуынша, «Қырғызстан өткен жыл басындағы Бакиевті биліктен күшпен кетірген халықтық толқулардан кейін жетістіктерге қол жеткізгенін байқатты. Оларда жаңа констиуция қабылданып, сайлаулар кәдімгідей
Freedom House «еркін емес» деп бағалаған 47 елдің қатарында Қазақстанмен қоса демократиялық көрсеткіштері ең нашар 9 ел аталған
жақсы өтіп, жаңа үкімет Бакиевтің бұрынғы үкіметінен дұрысырақ көрініп тұр».

Freedom House «еркін емес» деп бағалаған 47 елдің қатарында Қазақстанмен қоса демократиялық көрсеткіштері ең нашар 9 ел аталған. Ол тізімге Орталық Азиядан Өзбекстан мен Түркменстан енген.

ӨКТЕМШІЛ БИЛІКТІІҢ ӨРЕСКЕЛ ӘРЕКЕТІ

Әлемнің ең ықпалды авторитарлық елдер 2010 жылы бұрынғыдан бетер өрескел әрекеттерге барған. Қытай демократияны қорғаушы диссиденті Лю Сябаоға сыйлық бергені үшін Норвегиядағы Нобель комитетін айыптап, шетел үкіметтерін бейбітшілік жөніндегі Нобель сыйлығымен марапаттау салтанатына бармауға көндірді.

Венесуэла президенті Уго Чавес өзінің қаулысы арқылы үкіметтік емес ұйымдар мен баспасөз өкілдерін шектей алатын заң қабылдатты.

Ресей жетекшілері сот жүйесінің тәуелсіздігі өз қолдарында екенін танытып, бірқатар істермен қатар Кремльді сынаушы бұрынғы мұнай алпауыты Михаил Ходорковскийді екінші мәрте сот үкімімен түрмеге жауып, «сот бұрмалаушылықпен өтті» деген сынның астында қалды.

Мысыр мен Беларусь ашық сайлаудың әлсіз белгісін танытқан сайлаулар өткізіп, оның соңы жаппай наразылық шараларына ұласып, қауіпсіздік күштері бейбіт халыққа қарсы күш қолданды.

Жартылай еркін елдер болып келген Шығыс Африкалық Джибути мен Эфиопия демократиялық ахуалы төмендеген еркін емес елдер қатарына кірді. Сонымен қатар Бахрейн, Кот-д’Ивуар, Мысыр, Франция, Шри-Ланка және Венесуэла да төменгі орынға жылжыған. Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка елдері бірнеше жыл бойы демократиясы жоқ аймақтар есебінде аталатын еді, бұл жолы да бұрынғы орындарында.

ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ДАБЫЛ ҚАҒЫЛМАСА. ЕРКІНДІК ШЕКТЕЛЕ БЕРЕДІ

Freedom House зерттеушілер тобының жетекшісі Арч Паддингтон халқын шектеп ұстайтын үкіметтердің өз азаматтарынан қорқатыны жиі байқалады дейді. Паддингтон өктемшіл режимдер сыртқы елдерден қарсылық болмаса, жергілікті сынаушыларды әй-шәйсіз басып тастайтынын да айтады. «Әлемнің демократиялық елдері іс жүзінде бірігіп, ортақ құндылықтарды қорғап сөйлемеген соң тирандар өз дегендеріне жете береді» деп алаңдайды.

Биіл иммиграциялық саясат көптеген елдерде, оның ішінде Батыс Еуропа мен АҚШ-та алаңдаушылыққа негіз болды. «Франция Шығыс Еуропадан келген сығандардың азаматтық еркіндіктерін, ал Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка да иммигранттар құқын шектеді» дейді Freedom House жылдық есебінің ауторлары.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG